Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәселенің мәні 9326 0 пікір 1 Желтоқсан, 2014 сағат 12:37

ҚАНАТ: ГОЛОВКИН МЕНІҢ ОТАНДАСЫМ, ТІЛЕКШІМ

«Қанат Ісіләм мен Геннадий Головкин жекпе жекке шығады екен» деп басталатын  ақпарат қазір ғаламторда желдей есіп жүр. Бұндай сөздің шығуына, сірә,  Қанаттың промоутері Нельсон Лопестің: «Қазақстанның екі мықтысы бокстасуы мүмкін.Иә, бокста бәрі болады. Сондықтан, Қанат пен Головкиннің кездесуі  ғажап емес. Қанат ең мықты боксшы»» деген сөзі себеп болса керек.

 

Осы мәселеге байланысты Қанат Іслам мырза qamshy.kz сайтының тілшілерімен жүздесіп былай деді:  

- Головкин менің қарсыласым емес, ең алдымен отандасым, тілекшім. Екеумізде Қазақ елінің намысын қорғаушымыз. «Әкем – орыс, шешем – кәріс, өзім – қазақпын» деп әлемге жар салған Гена мен үшін де қазақ. Ал қазақтың атынан шығып, Қазақстанның туын желбіретіп жүрген досыммен қолғап түйістіру ол осы елдің азаматы болып тұрғанда еш қисыны жоқ әңгіме деп ойлаймын. Ал ат жарыстыру мен атақ таластыру қасиетімде жоқ. Өйтсем осы күнде Қытайда жүре берер едім. Маған Алаш жұртының абыройын дүниежүзіне паш етуден,  көк туды желбіретуден асқан бақыт жоқ.

Abai.kz   

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340