Сенбі, 23 Қараша 2024
Дей салдым-ау 5362 1 пікір 19 Қараша, 2014 сағат 14:17

NO COMMENTS! БІРАҚ...

Әлемдік деңгейдегі колледж ашуға талпыныс жасап жатқан білім саласы шенеуніктерінің әрекеті Мәжіліс төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева тарапынан сынға ұшыраған болатын. Елдегі «үшінші» адамының «оң қолы» қызды-қыздымен бұл идеяны «колхозбайлық» пен «мәмбетизм» деп салған-ды...

Бүгін білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов айтылған сөзге қатысты пікірін білдірді. Министрдің ойынша, әлемдік деңгейдегі колледж ашу идеясы жоқ жерден пайда болмаған.

«Бұл бастаманы канадалық мамандармен бірлесіп қолға алғанбыз. Жоба бойынша елімізде сәтті басталған Назарбаев Университеті, Назарбаев интеллектуалды мектептері сияқты жаһандық жүйеде білім беретін оқу орындары құрылады. Ал, сынның айтылуы орынды, біз кез-келген сынға конструктивті қараймыз» - деген Сәрінжіпов өз бастамаларын аяғына дейін қорғауға әзір екендігін де айтты.

Айтпақшы, ол Назарбаеваның аузынан шыққан «колхозбайлық», «мәмбетизм» секілді сөздерге қатысты пікір айтпай, «no comments» деді...

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383