Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 5017 0 пікір 17 Қараша, 2014 сағат 09:13

ЭББОТ: ПУТИН КЕШІРІМ СҰРАП, ҚҰН ТӨЛЕУІ КЕРЕК

Австралияның Премьер-министрі Тони Эбботт (суретте) Брисбенде өткен «жиырмалықтың» (20 мемлекет және бақылаушы елдердің өкілдері қатысатын халықаралық жиын) саммиті қарасаңында Ресей мен РФ Президенті Путинді айыптап сөйледі.

«Владимир Путин, - деді ол, - дәрпі жойылған бұрынғы патша даңқы мен Совет Одағын қайтадан қалпына келтіргісі келеді. Ресей әлемнің гүлденуі мен бейбітшілік үшін, бостандық үшін супердержавалыққа ұмтылса, қазіргісінен әлдеқайда тартымды болар еді».

Тони Эббот Украинаның шығысында жарылып құлаған жолаушылар ұшағының апатына да Ресей Федерациясын айыпты санаған еді.

«Австралия азаматтары Ресей жағы қаруландырып отырған бүлікшілдердің қолынан қаза тапты. Мен міне, осы жайтты да Путиннің бетіне басып айтқым келеді», - деді Эббот.

Украинаның шығыс аймағында құлаған ұшақтың ішінде Австралияның 38 азаматы болған еді. Эббот осы азаматтардың жазықсыз өліміне Украинадағы жікшілдер кінәлі деп біледі.

Эббот пен Путин кеше кездесіп сөйлесті. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитри Песковтың сөзіне қарағанда, екі ел басшысының кездесуінде жоғарыдағы жайттар аса сөз бола қоймағанға ұқсайды.

- Тараптар арасында қабат шытып шарпысқан сөз таласы болған жоқ. Олар Сириядағы, Украинадағы және Ирандағы мәселелерге қатысты ғана әңгіме қозғады, - дейді Песков. Ал, Батыс баспасөзі Австарлия Премьерінің әкімшілігіне сілтеме жасай отырып, «Эббот Путиннің кешірім сұрап, әуеде жанып кеткен Boing ұшағы мен көз жұмған адамдардың құнын төлеуі керек екендігін айтты» деп жазады.

Кешірім сұрау, құн төлеу халықаралық сипат иеленген тосын оқиғалар барысында болып келе жатқан жайт. Естеріңізге сала кетейік, 1988 жылы АҚШ кораблі Иранның жолаушылар ұшағын зымыранмен абайсызда атып түсіргендіктен үлкен көлемде құн төлеп, кешу сұраған еді.

Украинаның шығысында, Донбас облысының аумағында құлаған ұшақтың әуеде жанып кеткені анықталғанымен әзірге оған кімнің (қай елдің) кінәлі екендігі нақтылана қойған жоқ. Мәселе нақтыланған жағдайдың өзінде де (мысалы, ұшақ РФ қаруыландырып тұрған бүлікшілдердің қолымен жасалса да), Путиннің кешірім сұрап, өтемақы төлеуі екіталай.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3594