СЫЙЛАУ КЕРЕК АДАМДЫ СЫЙЛАУ КЕРЕК
Талғат Бигелдинов көз жұмғаннан кейін жапатармағай шулап жатқан жұртқа Жұбан ақынның мына бір өлеңін оқып бергім келді:
Сыйлау керек адамды, сыйлау керек.
Сыйлау керек, жәбірге қыймау керек,
Сыйлау керек, сол үшін ғұмыр бойы
Жүректердің жылуын жинау керек.
Сыйлау керек кішісін, ірісінде,
Әрине, көзі барда, тірісінде.
Сыйлау керек өлген соң тірілердей
Жас ұрпақ ұл үшін де, қыз үшін де.
Адамды тіріде тек бағалайық.
Ардақтап, апалайық, ағалайық.
Бас дейік, батыр дейік, дана дейік,
Жоқ болса, ожданына тағар айып.
Тек қана солай болса таласы жоқ,
Е, кімнің кем-кетігі, шаласы жоқ.
Өлген соң өзі туралы некрологты
Оқуға дананың да шамасы жоқ.
(Ж.Молдағалиев)
(Иса Момбаевтың Фейсбуктегі жеке парақшасынан алынды)