Жұма, 22 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 6215 0 пікір 29 Қазан, 2014 сағат 09:30

НЕМЦОВ: УКРАИНА... ОРАЛМАЙДЫ

Мемлекеттік деңгейдегі қайраткер, саясаткер, Б. Ельциннің кезінде вице-премьерлік қызметке дейін көтерілген Борис Немцов – қазір РФ Президенті Путиннің табанды қарсыластарының бірі. Ол Путиннің Украинаға қатысты ұстанған саясатын сынай отырып, сәтсіздіктерін былайша санамалап шықты:

1. Украинаны Ресейге байлап Кеден одағына кіргізуге күш салды. Бірақ бәрі керісінше болып шықты. Украина еуропалық векторды таңдады, енді ол Путиннің ықпалындағы орбитаға оралмайды. 
 2. Украинаның бейтараптылығын сақтап, халықаралық блоктарға қатыстырмай ұстағысы келді. Бұнысы да болмады. Қазір Украинаның Солтүстік Аталантикалық альянспен (НАТО) тығыз әрі ұзақ жылдарға байланыс орнатқаны аныққа шықты. Украина мен НАТО арасында   әскери-техникалық жаттығулар жолға қойылды. 
3. Украина халқының тарапынан құрмет күтті. Бірақ жағаласқан жау тапты.
  4. Донецкіден Одессаға дейінгі аймақтан Жаңаресей жасамаққа әрекеттенді. Алайда Донецкі мен Луганскі облысының шағын бөлігін ғана алды. 

 5. Мариупольдан Қырымға дәліз іздеді. Сөйтіп Мариупольда орыс адамдарын жер жастандырып, басқыншылардың жолын бөгеген қарсылық пен окоптарға кездесті.

 6. Жалғыз оқ шығындамай Қырымды басқан әдісіне салмақ еді, екі жақтан бірдей 4000 адамның өліміне себепкер болды.

 
7. Ресей экономикасының зиян шекпеуін ойлаған. Әйткенмен, елден 100 млрд доллардың кетіп, бір доллардың 40 рубль болуына, азық-түлік бағасының шарықтай көтеріліп, инфльяцияның екі еселенуіне, инвестициясыз, инновациясыз экономиканың тоқырауына жол берді.

 8. Импершілдер мен әсіреұлтшылдар арасынан қолдау іздеген (Гиркин, Спутник, Погорм сияқтылардың) – нәтижесінде олардың жеккөрініштісіне айналып, сатқын деген атақ иеленді.

 9. Әлемдік саясатта танымал тұлға болып қалуды көздеген. Жапанда жалғыз қалды. «Үлкен сегіздіктен» қуылды, ешқайда шақырылмайды, айналасындағылар санкцияның қамауында, «Лука» (Александр Лукашенконы айтады. - ред) мен Назарбаевтан өзгесі онымен сөйлеспейді. Олардың өзі Украинаның тұтастығын қолдайды және қаржы талап етеді. Әсіресе, Александр Григорийұлы ұтты – Ресйдің бюджетінен ол 3,5 млрд доллар қақты, онысымен қоймай Ресейді Қазақстан мен Моңғолияға бөлшектеп беру керек дейді.

 10. Путиннің орындалған жалқы тілегі –  империялық шыжындыққа бой ұрған және жалған үгітшілердің қолымен жасалған ерен биік реитинг еді. Онысы орындалды. Бірақ ұзаққа бармайды. Халық таяуда кірістің тоқтағанын, бағаның кенеусіз кеткенін түсінеді. «Бәрін Обамаға жаба бергенмен болмайды ғой».

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290