Жұма, 16 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4718 0 пікір 1 Қазан, 2014 сағат 13:30

ЕАЭО ТУРАЛЫ ШАРТТЫ МӘЖІЛІС МАҚҰЛДАДЫ

Бүгін Парламент Мәжілісі «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің президенттері ағымдағы жылдың 29 мамырында Астанада қол қойған болатын.

Шартқа сәйкес, ЕАЭО өз қызметінде тараптардың егемендігі мен олардың аумақтың тұтастығы қағидаттарын қоса алғанда, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттарын құрметтеу, мүше елдердің саяси құрылымының ерекшеліктерін құрметтеу, тараптардың өзара тиімді ынтымақтастығын, тең құқылығын және ұлттық мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз ету, нарықтық экономика және адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау негізінде жүзеге асыратын болады. 

 Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2663
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4339