Еуропаға баратын қазақстандықтар үшін визалық тәртіпті жеңілдету мәселесі маусымда қаралады – ЕО өкілі
Астана. 19 мамыр. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Еуропалық Одақ елдеріне барғысы келетін қазақстандықтарға визалық тәртіпті жеңілдету жөніндегі Қазақстан өтінімін ЕО маусым айында қарайды, деп ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Норбер Жустен мәлім етті.
«ЕО бүгіндері Қазақстанды өте маңызды серіктестердің бірі ретінде қарап отырғанын ескерсек, Қазақстандықтар үшін виза мәселесі өте маңызды. Визалық тәртіпті жеңілдету, сондай-ақ визалық тәртіпті оңтайландыру келісімін жасау мәселесін қарастырып, біз келесі айда міндетті түрде Қазақстанның осы мәселе бойынша өтінімін қарайтынымызды айтқым келеді», - деді ол сәрсенбі күні журналистерге ҚР СІМ жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаевтың Еуроодақ елдерінің елшілік өкілімен келіссөздерінің алдында.
Өз кезегінде ҚР СІМ жауапты хатшысы, отырыс кезінде сөйлеген сөзінде аталған мәселе оң шешімін табады деген үміті барлығын білдірді.
«Қазақстандық тарап ЕО елдеріне Қазақстанның азаматтарының кейбір санатына визалық тәртіпті жеңілдеткені үшін ризашылығын білдірген болар еді. Дәлірек айтсақ, мемлекеттік қызметкерлерге, іс сапарға баратын мемлекеттік мекеме, ұлттық компания қызметкерлеріне, спортшыларға, әртістер мен емделуге баратын азаматтарға», - деп атап өтті Р. Жошыбаев.

Одан басқа, дейді ол, Қазақстан ЕО елдеріне қазақстандық азаматтардан сұралатын құжаттар санын және оларды қарау мерзімін мейлінше қысқарту туралы өтініш білдірді.
Жауапты хатшы ҚР азаматтарының еуропалық елдерге сапары «миграциялық қауіп» төндірмейтіндігіне сендірді.
«Қазақстандағы тұрмыс деңгейі айтарлықтай жоғары, сондықтан біздің азаматтардың еуропалық елдерге миграциясының экономикалық тұрғыдан қызықтыруы шамалы. Сонымен қатар Қазақстанның миграциялық қауіпті азаматтарға кез келген санаттағы виза беруі мейлінше шектелген, себебі қатаң визалық тәртіп бар: қазақстандық тараптың шақыртуы, құзыретті органдармен үйлестірілуі, виза екі аптаның ішінде берілетіндігі туралы анықтамалар бар. Қазақстан өз заңнамаларын еуропалық елдермен үйлестіруді қолдап отыр», - деп атап көрсетті ол.