Сенбі, 23 Қараша 2024
Өзіңе сен 5201 0 пікір 17 Қыркүйек, 2015 сағат 13:54

МҰХТАР ТАЙЖАН. НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Девальвация экономикаға қолайлы әсер етуі мүмкін.  Дегенмен, мұның бәрі уақытша болады, егер тездетіп жылдың аяғына дейін мына шараларды қолға алмасақ:

1. ЭКСПО-ны, олимпиада және универсиаданы, форумдарды және мемлекеттің қаржысын желге шашатын басқа да мақсатсыз шараларды өткізуден бас тартуымыз керек. Мемлекеттің қаржысын тектен тек алып отырған «Самрұқ-Қазынаны» қысқартқан жөн, оның еншілес компаниялар мен түрлі бағдарламалары шығынға жұмыс істейді. Бұрын біздің бюджетіміздің 30 пайызы – 9 млрд доллары Ұлттық қордың тікелей трансферттерінен тұратын. Енді мұндай кірісті күте алмаймыз. Сонда мынадай үлкен мемлекеттік шығындарға қаржыны қайдан алады? Жеке секторлардан, басқа алатын жер жоқ, қазірдің өзінде біз салықтардың өсе бастағанын көріп отырмыз. Бұл жеке секторда инвестицияға, инновацияға, экономикадағы маңызды жеке сұраныс – еңбек ақысына  аз қаржы қалатынын білдіреді. Сондықтан, біздің  мағынасыз мемлекеттік шығындарымыз экономикалық өсімді тікелей тежеп-тоқтатады.

Әйтседе, мектептердегі тегін тамақтандыруды қайта қолға алуымыз керек, егер білсеңіздер, бұл болашаққа салынып жатқан тиімді инвестиция.

2. Өзіміздің Кеден кодексін, өзіміздің ішкі экономикалық саясатымызды қайтарып алуға тиіспіз, яғни айтқанда Еуразиялық экономикалық одақтан шығуымыз керек. Бұрынғы Кеден кодексі либеральдық болатын және біздің экономикамызға негізделіп жасалған. Дәл осы РФ-ның протекционистік кодексі (Еуразиялық одақтың 92% бірыңғай кеден тарифі ) – Қазақстандағы жоғары бағаның бірден-бір себебі. Егер сен шешім қабылдау өкілеттігін өзге біреуге берсең, өзіңнің экономикалық өміріңді жақсартуың мүмкін емес.

 3. Үкіметтің экономикалық құрамын орынбасарларымен қосып толықтай өзгерту керек. Бірінші тұлғалар қай жерде шындық, қай жерде өтірік айтылып жатқанын түсінуден қалған, өздері әбден шатасқандықтан одан әрі не істеу керектігін түсінбей жүр.

4. Қаржы нарығына Ұлттық банктің байбалам салып басып кіруін тоқтатқан абзал. Әйтпесе, алтын валюта қорын жойып аламыз, оның соңы мемлекеттің қарызын қайтара алмауына ұрындырады, ал бизнес жоспарлауда аса маңызды теңгенің нақты курстарын білмей қалады. Доллардың бағамы 350 теңгеге дейін аз қалған жоқ, менің ойымша соған барып тоқтауы мүмкін.

5. Қазақстандағы экономикалық өсімді тежеп тұрған ең басты себеп – жемқорлық. Ол жалпы мемлекеттлікті әлсіретеді. Онымен күресу үшін мемлекеттің рөлі мен экономикадағы мемлекеттік ақшаны азайту керек.Тендерлер, айқындылығы жоқ мемлекеттік бағдарламалар – мұның бәрі салауатты жеке экономикалық өсім көміліп жатқан молаларды еске түсіреді, бұл мемлекеттік қаржылар жеке инвестициялардан алынады және  вилла, яхта, суперкар, саяхаттар сияқты пассивтерге айналуда. Сол уақытта бұл қаржылар жеке секторда кәсіпкердің басқаруында қалса, олар қажетті инвестицияларға жұмсалар еді, өзара қатынас – өндірісші жұмыс орнының көзі, экономикадағы жеке сұраныстың өсімі.

 

(Жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475