Сенбі, 23 Қараша 2024
Енді қайттік?.. 5895 0 пікір 17 Қыркүйек, 2015 сағат 09:38

ТЕҢГЕНІҢ ОРНЫНА "АЗЫҚ-ТҮЛІК" ПАЙДАЛАНАМЫЗ БА?

Қазақстан президентінің пікірінше, бүгінгі күні азық-түлік – ең тұрақты валюта. Аграрлық сала адамзаттың бүгіні мен ертеңінің басты құндылығы болып табылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Сочиде XII Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығы форумының жалпы отырысында мәлім етті, - деп хабарлайды Bnews.kz.

«Негізгі сауда-саттық біздің өңірлер арқылы өтеді және бұл дәстүрді жалғастыруымыз керек. Әсіресе қазір, бәріміз әлемдік дағдарысты сезіп отырған сәтте. Бүгін біз сөз еткен азық-түлік – бүгіннің ең тұрақты валютасы. Азық-түлік әрқашан бар. Қос мемлекет те – агроөндірістік ел, соның арқасында біздің мүмкіндігіміз әлдеқайда жоғары. Адамзаттың бүгіні мен ертеңінің негізгі құндылығы – аграрлық кешен», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, Жер шарындағы адамдардың саны 2050 жылға қарай 9 миллиардтан асып жығылады, сондықтан ғаламдық күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі – осы миллиардты асырап-сақтау.

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей баға жетпес байлыққа, алып ауылшаруашылық алқаптарына және ауылшаруашылық тәжірибеге ие екенін алып қосты.

«Екі мемлекеттің ауылшаруашылық жерлерін қоса есептегенде – 435 млн га тең. Бұл әлемдік ресурстың 10%-ынан астам. Табиғи климаттық аумақтардың әралуандығы, құнарлы топырақтың арқасында бірқатар аграрлық сала бойынша бәсекеге қабылеттіміз. Астық, күріш, майлы, жем-шөп дақылдары, ет-сүт өнімдері өндірісі бойынша біздің мемлекеттеріміздің агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық әлеуеті зор», – деп қосты елбасы.

Абаi.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485