Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 9148 0 пікір 7 Қыркүйек, 2015 сағат 11:25

ӘЛЕМДІК БИЛІКТІҢ ӘЛЕГІ

  І. Жолынан  жаңылған  тарих  

  Қазақ халқының үш ғасырлық Ресей отарлауы кезеңінде тартқан тауқыметінің, сан ұрпағының төгілген қанының өтеуі болар, КСРО империясы күйрей басған шақта өзге елдердің соңынан біз де 1991 жылы тәуелсіздігімізді жарияладық. Алайда, жағдайымыз тарих мысалдарында айтылатын тәуелсіздікке, азаттыққа мүлде ұқсамады. Әлгі «тәуелсізбіз» деп ұрандаған елдердің барлығында дерлік Мәскеу отырғызған бірінші басшылар нөкерлерімен қаз-қалпында, билікте қалды.

1991 жылдың аяғында солар Ресей билігімен қайта бірлесіп, Алматыда ТМД атты жаңа «одақ» құрды. «Халуа, халуа!» деп қанша айқайласаң да аузың тәтті болмайды» дегендей, бұрын-соңды ұлт-азаттығы үшін күрескен ел тілеуі жүзеге асырылмаған соң, тек «тәуелсізбіз!» деп ұрандағаннан халқымыз шынайы ұлттық азаттықтың не екенін көре, сезіне де алмады. Сол кезде-ақ, мұндай «тәуелсіздіктің» уақытша, Ресей есін жинап алғанша бұрынғы отар халықтарды алдарқата тұру үшін ғана жарияланғаны белгілі болды. 1992 жылы ақпанда жазған «Айтпады демеңдер!..» аталатын фелетонымда түсімде Ресейге қайтадан отар болғанымызды көргенімді, егер әрекет жасамасақ сол түс өңге айналатынын «Желтоқсан» газетінде ескерттім. Өйткені мен мұхит сыртында жатып сәуегейлік жасайтын Бзежинский нағашымдый емес, тумысымнан орыс ортасында жүріп, бұл халықтың менталитетіне қанық едім. 1970-77 жылдары орыстың жаулау тарихын зерттеп «Интернационализм және оны орыстандыруға қолдану», «Орыстардың дүниежүзілік жандарм болуға тырысуы», «Халықтардың ассимиляциялануы туралы», т.б. жиырмадай мақала жазып, таратқаным үшін сотталдым да. Қашанда аш құрсақ жүретін орыс халқының ашу-ызасын билігі өзінен бұрып: «Сен ұлы халықсың!» деп өзгемен жауластыратын әдетінше, кешікпей-ақ «КСРО шекарасын қалпына келтіру» реваншистік ұранымен орыстың «ұлттық бірлігін» нығайтпаққа әрекет басталары мен үшін айдан-анық еді.

Жариялаған тәуелсіздігімізден қайта айырар, қаншама ұрпақтың төгілген қаны, тартқан азабын зая қылар мұндай қатерді болдырмау үшін Ресей империясы 1991 жылғыдай тағы да бөлшектеніп, отарындағы Татарстан, Дағыстан, Якут, Бурят, т. б. елдер азаттық алуы қажет еді. 

Бұрын, 1970-1986 жылдары халықты отаршылдыққа қарсы күреске үгіттегенде  КСРО -да насихатталатын жалған тарихтарға сендік қой. Зерттесем – «шаруалар көтерілісінің басшылары» делінетін И.Болотников Польша билігі қолдаған жалған ІІ Димитрийдің қолбасысы болған екен, С.Разин орыс патшасының Еділ мен Каспий су жолдарындағы рэкеті болған, Е.Пугачевті Түркия қаржыландырған. Муссолини мен Гитлер билікке қалай келгені, Ленинді Германия үкіметі қаржыландырғаны белгілі болды.  Қысқасы, қандай да бір шет мемлекет я қаржылы алпауыттар жәрдемінсіз еш елде ешқашан да «шаруалар», «азаматтық», ұлт-азаттық та көтерілісі жасалынбаған, ал лап еткен халық наразылықтары аз-ақ күнде тұншықтырылады екен.

1990 жылдарда «Желтоқсан», «Азат» сияқты ұлттық ұйымдарда төрағалыққа талас, арты жікке бөліну болып жататыны жұрт есінде шығар. Еңбекақысыз атқарылатын төрағалық кімге не үшін қажет боп таласқандарын қайдам, ал маған ұйым өзім 1970 жылы бастап, сол жолда бала-шаға, туыстарымды қайғыға ұшыратып, өз жастық өмірімді беріп күрескен ұлт-азаттығы идеясын соңына дейін атқаруға қажет болған еді. Өйткені шетелдік елші, тілшілер тек ұйым басшыларымен сөйлесетін.

Бірақ 1991-1992 жылдары оппозицияны аптасына «шайға» шақыратын АҚШ пен Батыс Европа елдерінің өкілдері мұнай мен газ, т.б. байлықтарымызға тұмсықтары тиісімен «демократия» сөзін ұмытып, посткеңестік елдердің отаршылдардан қалған басшылығымен ауыз жаласып шыға келді. Сондықтан мен 1992 жылы-ақ Қазақстандағы АҚШ елшісі Ульям Кортниге: «Байқауымша, «демократияшыл елміз» деушілер экономикалық пайда үшін коммунистермен де, фашистермен де ауыз жаласуға бар сияқты», – дегенмін.

Дегенмен 2005 жылы жазда АҚШ елшісінің саяси кеңесшісі Дебора Р. Меннуттиге кездесіп, олардың бәсекелестері Ресей мен Қытай империялары қазақ халқына да ежелден қатер екенін, бірақ НАТО-ға мүшес елдер бұл екі империяға қарсы қарулануға соншама қаржы бекер шығындағанын, бұларды әлсіретуді Жер экологиясын бүлдірместен, үлкен соғыссыз-ақ және олар жинақтаған ядролық қаруларын, сүңгуір қайықтарын мүлде қолдана алмастай етіп іске асыруға болатынын (Рим, т.б. империялар ядролық қарусыз-ақ құлағанындай, негізінде, империялар іштен іритін), Ресей мен Қытай империяларының қатерінен әлемді құтқарар кілт – олардың отарындағы түрк халықтары екенін, әр елдердегі  түркшіл ұйымдардың лидерлерімен байланысым болғандықтан бұл жұмысты атқара алатындығымды айтқанмын. «О кей! Дұрыс екен, ойланайық» деп, Дебора хабарсыз кетті. Астанаға көшкелі есігін тарс жапқан АҚШ елшілігінен хабар алуға жәрдемдесе ме деп 2007 жылы Алматыдағы Польша елшілігіне кірдім. (Олар 1996 жылы мені «шайға шақырып», менің анамның 1608-1616 жылдары Смоленск пен «Касимово царство» аралығын, әсіресе Мәскеу аймағын талқан етіп соғысқан поляк графы А.Ю.Лисовскийдің ұрпағы екендігін білетіндерін айтқан). Қарсы алған елшінің кеңесшісіне «Ресей ес жиса көршілеріне қауіп төндірер әдеті барын, мұны поляк халқы тарихта сан рет басынан өткергенін, қауіптің алдын алуға айтқан ұсыныстарыма жауап есту үшін АҚШ елшілігі қабылдауына көмектесуін» сұрағанмын. Әлгінің өңі қашып: «Польша мен  Ресей арасында бейбіт қарым-қатынас туралы келісімдер бар, ал сіз бізді арандатпақсыз!» - деп, тұра жөнелді. «Хатыньді ұмытқан екенсіңдер! Мен арандатпай-ақ әлі көресіні көрерсіңдер Ресейден!» - деп, елшіліктен шығып кеткенмін.

 2006 жылы жазда Астанадағы Жапон елшілігіне де бардым. Ол ел Ресейден Курил аралдарын даулағалы жарты ғасырдан асты. Қытайдың экономикалық жылдам дамуынан, қарулы күштерінің  өсуінен қауіптенетіндерін де айтып жүр. Мені қарсы алған елшіліктің екі қызметкеріне (бірі кеңесші Хироки Мацуо) өзімнің 1970-1989 жылдардағы түрмелердегі суреттерім, диссиденттік шығармаларым бар кітабымды беріп, екі империяны әлсірету туралы жоспарымды ұсындым. Екеуі мені тым-тырыс отырып тыңдап, басшыларына мәлімдейтіндерін айтты. Әлгілердің шошыған түрлерінен-ақ еш нәтиже болмасын сездім. Мейлі, «Қазақтар момын деп жүрсек, мынадайлары да бар екен-ау!?», - дей жүрсін...

2008 жылы көктемде Қытай үкіметі Тибетте жазалаулар жүргізуіне байланысты барша елдердің спортшыларын, президенттерін Пекин-2008 олимпиадасына қатыспауға шақырып үндеу жазғанмын. Алматыдағы бір пресс-клубта баспасөз мәслихатын өткізбек болғанымда соққыға жығылдым. Индиядағы Далай-ламаға хат жазып Тибетті, т.б. Қытай отарындағы халықтарды азат ету мәселесімен оған кездесуге баратынымды айттым.  05.09.2008 ж. Далай-ламадан: «Мен діни адаммын, саясатқа араласпаймын, кездесуге уақытым тапшы», деген жауап алдым. (Ал Тибетте жазаға тартылғандар оның ламалары еді).

2008 ж. тамызда Ресей қарулы күштері Грузия құрамындағы Оңтүстік Осетияға басып кірді. Ертесінде мен Грузия президенті Г.Саакашвилиге «Ресеймен бетпе-бет соғысуға болмайтынын, өзінің адамдық, азаматтық құқығын қорғауға селқос орыстар, билігі «Сен ұлы халықсың!» деп арқадан қағып, арағын берсе өлермен, дүлей болып кететінін тарих талай көрсеткенін, орыс отаршылдығымен ондаған жылдар бойғы күрес тәжірибем барын» айтып қабылдауын сұрап телеграмма, хат жолдағанмын. Астанадағы Грузия елшісіне телефон шалып, менің баратынымды Саакашвилиге ескертуін сұрадым. Елші: «Ой, Хасан-аға! Мы Вас знаем, Вы большой, известный батыр!», деп мадақтап алып, егер менің айтқан бұйымтайымды орындаса, оны Қазақстан үкіметі елден шығарып жіберетінін, Саакашвилиге ескертпей-ақ бара беруіме болатынын айтты. Шетелге көмек ұсынып барып, босағадан қайтқан жағдайлар бастан өткендіктен асықпадым. (Әйтсе де, 2011 жылы Үрімші көтерілісінде үш мың кісі тұтқындалғанда, оларды атылудан құтқару жолын ақылдаспаққа Стамбулға барғанмын. НАТО-да қызмет еткен ұйғыр генерал: «Ауырып жатырмын», - деп, ал ұйғыр жастарының ұйымы да, Шығыс Түркістан туралы журнал шығаратындар да менен үркіп, бес күн бекер тентіреп қайтқаным да бар).    

Грузиядан жауап болмаған соң,  2008-2010 жылдары Бішкектегі АҚШ (саяси кеңесші Дастин Р.Бикелге) және Германия елшіліктеріне барып 2005 жылы Дебораға айтқан ұсыныстарымды қайталап, жоспарларымды үкіметтеріне жеткізулерін сұрадым...

Содан кейін де әлгі мемлекеттер Ресей мен Қытайды сынап, әр нәрсеге ренжіскен боп, қару-жарақ шығаруға триллиондарын ысыраптауын жалғастыруда. Бірақ мәселені шешу үшін менімен хабарласуға, ұсынған тиімді жоспарларымды қолдануға барар емес. Осыған қарағанда әлгі «Ресейді әлсірету үшін ондағы отар ұлттарды азаттық күресіне көтереміз, т.б.» делінген Аллен Даллес «Доктринасы» шынымен де А.Ивановтың «Вечный зов» романынан алынған сыңайлы. Өйткені Ресей отаршылдығымен қүрескен 45 жыл бойында маған АҚШ тарапынан Ресеймен күресу туралы еш ұсыныс айтылған емес. Сондықтан  мен АҚШ-тың (НАТО-ның) Ресей мен Қытай империяларына қатысты саясаты өткен тарихтағыдан өзге бір ұстанымға ауысқан ба?» – деп, әлемдік саясатты зерттеуге кірістім. 

 ІІ. «Әлемдік астыртын билік» бар ма?

Ральф Эпперсон “Невидимая рука, или Введение во взгляд на историю как на Заговор” кітабында адамзат қоғамындағы болып жататын елеулі оқиғалардың баршасы алдын ала жоспарланып жасалатынына көптеген айғақ, мысалдар келтіреді. «Батыстық демократия» атын жамылған өсімқорлар кланының (Заговорщики) мақсаты қоғамда соғыстар, инфляциялар, революциялар ұйымдастыра отырып адамзат қоғамында шексіз диктатурамен қатаң басқарылатын «Жаңа әлемдік тәртіп» орнату» деп, осы іспен дәл бүгін айналысушы адамдардың бірқатарының атын атап, түсін түстейді.

 «Астыртын биліктің» бары туралы Джозеф Кеннеди (президент Джон Кеннедидің әкесі):  “Америкой управляют  пятьдесят человек и это круглая цифра”,  ал АЕГ-ны 1909 ж. басқарған А. Вальтер-Ратхенау: “Триста человек, все из них знают друг друга,  направляют судьбу европейской экономики и выбирают преемников среди себя”, – десе, АҚШ президенті Ф. Рузвельт: “В политике  ничего не происходит случайно.  Если что-то случилось, то так было задумано.” – дейді. (Ал бұл елдердегі халық мемлекеттерін өздері сайлаған президенттер, парламент басқарып, билейді деп сеніп келеді!).

Р.Эпперсон кітабында Европа мен АҚШ банкирлерінің Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарды қалай жоспарлап, ұйымдастырғанына дәлелдер келтіріп, Гитлерлік Германияның қарулануына жәрдемдескен кәсіпкерлерді де атайды. Бұған КСРО да Германияны металл, мұнай, т.б. шикізаттармен қамтамасыз етіп, неміс ұшқыштарын жаттықтырып  атсалысқаны белгілі. Соғыстар мейлінше созыла түсіп, адам шығыны көп болу үшін «қарсылас жақтар» өз ара келісіп істеген түрлі әрекеттері де біртіндеп әшкереленуде. Екінші дүниежүзілік соғысты зерттеушілер ағылшындардың осы мақсатпен өздерінің 4 мыңдай әскерін Норвегияның  бір аралында жөнсіз қырғынға ұшыратқанын, т.б. мысалдарды жазып отыр. Соғыс тоқтап қалмау үшін фашистік  қарулы күштерді жанармаймен қамтамасыз еткен Румыния мұнай орындарына еш шабуыл жасалмаған екен. Ал КСРО-ның қарулы техникасы Кавказ мұнайымен еш кедергісіз қамтамасыз етілуі де екі соғысушы жақтардың келісімімен жасалғанын көрсетеді.                                    

Вермахтың 5 сәуір 1942 жылғы №41 директивасында «Шығыс майдандағы негізгі мақсат оңтүстіктегі Кеңес әскерін талқандап, Кавказдағы мұнайлы аудандарды алып, орыстарды толықтай жеңу» деліне тұра, 1942 жылдың шілдесінде Кавказ бағытындағы Б тобынан 6-шы армия бөлініп, Сталинград бағытына жіберілген. Болмаса жанармайсыз қалған КСРО-да соғыс 1942 жылдың ортасында-ақ тоқтаған болар еді.

Сондай-ақ, егер АҚШ  неміс адмиралы Канаристің жоспарын қабылдағанда да соғыс 1943 жылы көктемде тоқтаған болар еді.

1941 ж. 7 желтоқсанда АҚШ-тың Пирл Харбордағы соғыс базасына Жапонияның «кенеттен шабуылдағаны» жалған екендігі туралы Р.Эпперсон: «И Рузвельт, и министерство Армии тоже знали об этом, так как “... очень важный офицер Американской армейской разведки, служивший на Дальнем Востоке в 1941 г. ...получил сведения о  плане  Ямамото послать ударную группу для нападения на Пирл Харбор и направил  три отдельных сообщения с этой информацией в Вашингтон и, по крайней мере, два из них попали в армейские досье задолго до нападения на Пирл Харбор”,

Наконец,  6 декабря 1941 г.  Японское правительство в отчаянии посылает телеграмму в свое посольство в  Вашингтоне, по сути обрывая все переговоры с Американским правительством. После того, как сообщение было перехвачено Американским правительством,  расшифровано и вручено Рузвельту,  он произнес: “Это означает войну” Теперь Рузвельт знал,  что Япония планирует нападение на Соединенные Штаты, но все же ничего не сделал, чтобы предупредить Американские вооруженные силы в Пирл Харборе»,– деп жазады.

Ал КСРО-ның Шығыс Европаны басып алып НАТО-ға қарсы «Варшава келісімі» социалистік лагерін құруына кімдер жағдай жасағаны туралы: «Русским позволялось коммунизировать страны Восточной Европы под прикрытием войны. Поскольку Россия продвигалась с востока медленнее,  чем ожидалось, Союзники были вынуждены предоставить ей больше времени; отсюда задержка со вторжением в Западную Европу. Сенатор Joseph McCarthy приписывал это решение  ГосСекретарю Дж.Маршаллу: “Теперь мы, безусловно, подошли к тому, что было самым важным военным решением в Европе:  решению Маршалла ... сосредоточиться на Франции и целиком оставить Восточную Европу Красной Армии”,– деген айғақтар айтады.

Осылайша Эпперсон өз кітабында бір-біріне қарсы болды деп саналатын капитализм мен социализм жүйелерінің бір орталықтан басқарылып отырғанын, мақсаттары – барша мемлекеттердің үстінен бақылап, басқаратын «жаңа әлемдік  тәртіп» (әлемдік билік) орнату екенін көптеген адамдардың зерттеулерінің нәтижелерін келтіре отырып дәлелдейді. ХХ-ғасыр басында (1905, 1917 жж.) Ресейде революция жасау үшін Ленинді, Троцкийді, Керенскийді АҚШ пен Батыс Европалық банктердің қалай, қанша сомамен қаржыландырғанын нақты құжаттармен көрсетеді.

 

Революциядан кейін де осы мемлекеттер өздері құрған КСРО-ға соғыс қаруларын жасайтын технологияларды беріп тұрған екен: «Когда 4 октября 1957 г. Русские объявили, что вывели на орбиту первый в истории сделанный руками человека сателлит, который они назвали “Спутником”,  началась «космическая гонка». Однако, возможность вывести на орбиту спутник земли  была  предоставлена  Русскому правительству  Американским в конце Второй мировой войны.

Генерал Джордж Паттон, двигаясь на восток, вглубь Западной Европы и Германии,  захватил два немецких города - Пенемюнде и Нордхаузен, где немецкие ученые разрабатывали ракеты V-1 и V-2. Верховный Главнокомандующий Союзными войсками генерал Дуайт Эйзенхауэр приказал Паттону  передать эти два города Русским в целости и сохранности. При этом им достались  тысячи немецких ученых,  которых вывезли в Россию из этих двух городов вместе с заводами.    

Большинство современных историков обычно объясняет, что Русские получили секреты атомной бомбы от  признанных  виновными  Американских шпионов Ethel и Julius Rosenberg, которых в 1950 г. обвинили в передаче Русским этих работ. Однако история атомной бомбы началась еще до приговора Розенбергам. Американское правительство передало России бомбу в 1943 г., в ходе программы Ленд Лиза», – дейді, осы мәселелерді зерттеген адамдардың кітаптарына жүгініп.

1950 жылы Корей соғысында да АҚШ-тың өз «қарсыластарына» (коммунистерге)  көмектескені жайлы айғақтар келтіреді: «Спустя два дня после вторжения в Южную Корею, китайцы на Тайване (чанкайчиліктер. –Х.Қ-Т), чувствуя,  что для них пришла пора выступить против  Коммунистического правительства континентального Китая,  получили жестокий выговор от Президента Трумена: «Я призываю Китайское правительство на Формозе (Тайвань) прекратить  воздушные  и  морские операции против материка”. И Трумен не только заявил, что претензии свободных Китайцев к Коммунистическому Китаю противоречат Американской политике, но также  приказал  Американскому  Флоту войти в Тайваньский пролив, чтобы обеспечить это. Впоследствии Генерал Дуглас МакАртур рассказал, что он рассматривал эту акцию как преднамеренное действие со стороны Американского правительства,   обеспечивающее вступление в войну Красного Китая.

Генерал МакАртур,  сознавая, что Красный Китай был готов вступить в войну, четко представлял, что единственный путь сорвать его массированное вторжение, это - разбомбить мосты через реку Ялу. «Немедленно последовала телеграмма от ГосСекретаря  Дж.Маршалла, отменяющая мой приказ и предписывающая мне “отложить бомбардировку всех целей в пределах пяти миль от Маньчжурской границы”.

Помимо этого, МакАртур получил приказ не преследовать Северо Корейские самолеты,  удирающие в Маньчжурию, равно как и не мог он бомбить базу снабжения в городе Racin...Racin являлся основным складом, на который Советский Союз отправлял припасы из Владивостока для СевероКорейской Армии”.

25 ноября 1950 г. командующий Китайской Красной Армией Генерал Lin Piao  перебросил все свои войска через реку Ялу в Северную Корею. МакАртур считал, что “...им должны были передать сообщение, гарантирующее, что мосты  через  Ялу останутся священными, а их базы никто не тронет”. Генерал Линь Бяо позднее признал, что он “никогда бы не пошел в наступление и не стал бы рисковать своими людьми...  если бы я не был уверен, что Вашингтон удержит Генерала МакАртура от принятия  соответствующих  ответных  мер против моих путей снабжения и коммуникаций”,

Другая область,  в которой Соединенные Штаты помогали Русским, это - военная техника. Во время Корейской войны Советы поставляли  Северной Корее и  Красному Китаю реактивные самолеты, в том числе МИГ-15. Этот самолет был похож на поставлявшиеся Американским правительством F-86,  на которых летали Южнокорейские и Американские летчики. Оба эти самолета были сконструированы одним и тем же человеком - Немцем, взятым в плен в конце Второй мировой войны в  Нордхаузене.  Как уже говорилось,  ученый  попал в одну страну,  а его чертежи - в другую» – дейді кітабында Эпперсон.

1960-жылдардағы Вьетнам соғысына байланысты да ол: «Наверное, небывалым примером Американской военной помощи Русскому правительству стала Вьетнамская война. Д-р Саттон пришел к выводу, что “... винтовки, боеприпасы, оружие, транспортные средства, убивавшие Американцев во Вьетнаме,  поступали из  субсидируемой  Америкой экономики Советского Союза”;

Например, перечень за третий квартал 1971 г. является типичным и показывает, что наше правительство, за один только этот квартал, отгрузило ряд товаров Русскому правительству, в то время как Россия поставляла в Северный Вьетнам восемьдесят процентов товаров и боевой техники.

Среди судов,  доставлявших  Русские грузы в порты Северного Вьетнама, были принадлежавшие Великобритании, Японии, Греции, Норвегии, Ливану, Италии, Западной Германии и Панаме.

      Американская помощь делу Северовьетнамского правительства имеет давнюю предисторию. Lloyd Shearer в своей статье “Когда Хо Ши Мин был агентом разведки для США» подробно  рассказывает,  как  Американское правительство содействовало первым усилиям основателя революции против Южновьетнамского правительства. Хо Ши Мин пополнил ряды аппарата Американской разведки. В статье говорится: “У нас был  надежный агент,  которого  мы регулярно обеспечивали оружием, радиоаппаратурой, радистами и медикаментами. Все это способствовало упрочению его положения и статуса”.

Таким образом, еще до начала Вьетнамской войны Американцы обеспечивали партизанскую армию человека, который, в конце концов, возглавил Вьет Конг в войне против Американцев.

Еще более  прискорбная продажа Русскому правительству состоялась в 1966 г., когда правительство США: “... направило в Советский Союз полные технические условия, необходимые тому для строительства завода по производству глицерина. Глицерин применяется в производстве взрывчатых веществ. Он применяется в детонаторах мин-ловушек, особенно во Вьетнаме.  Более  50 % всех  Американских потерь во Вьетнаме было вызвано минами-ловушками”.

     Однако некоторые торговые сделки имели куда более  разрушительные последствия для будущей безопасности Америки: “По словам д-ра William Perry, заместителя Министра обороны по НИОКР, к 2000-му году СССР будет в состоянии определять и отслеживать местоположение всех подводных лодок США.  Причина?  Мы экспортируем как “аппаратуру для разведки нефти” самую передовую Американскую сейсмологическую и связанную с ней высокую технологию” – дейді.

Эпперсон 1962 жылғы «Кариб кризисі» аталған оқиғаның да жалғандық болғанын, ағаш жәшіктер суретінен өзге Кубаға КСРО ракеталарының орнатылғанын да, алып кетілгенін де дәлелдейтін ешбір айғақтың жоқтығын айтады.

Эпперсон кітабының соңында орыс диссиденті А.Солженицынның 1975 ж 5-шілде күні АҚШ халқына айтқан: “Вся наша рабская система (СССР) зависит от вашей экономической помощи. Когда они хоронят нас заживо, пожалуйста,  не посылайте им  лопаты и  самое современное землеройное оборудование” және де:  “Зачем мы (США) передаем Коммунистическому  тоталитаризму  все  больше  и больше технологии - сложной, тонкой, развитой технологии,  которая ему нужна для вооружений и сокрушения своих собственных граждан” – деген сөздерін келтіріп: «Но, несмотря на все предупреждения, помощь и торговля продолжаются. А Русское правительство  продолжает “сокрушать своих собственных граждан”. С помощью Америки», – деп аяқтайды кітабын.

 Р.Эпперсон, т.б. зерттеушілер капиталистік НАТО мен КСРО бастаған социалистік жүйе арасындағы жарты ғасырлық «қырғи-қабақ текетірес» («холодная война») жалған ойын болып, «ойын»  бір орталықтан басқарылғанын дәлелдейді.

 Әлемді бір орталықтан билей тұра халықты бір-бірімен өтірік қарсы қою неге керек десек, шын мәнісінде, «соғыс қаупі бар» деген желеумен өз халықтарын үрейде ұстау арқылы басқару – билеушілердің бағзы замандардан қолданып келе жатқан әдісі екен.  АҚШ Гудзон институты зертеуінің Есебінде де (1961 ж.) осы билеу саясаты: «Возможность войны обеспечивала любому правительству чувство его внешней необходимости, без которого никакое правительство не может долго оставаться у власти. Исторические данные обнаруживают целый ряд примеров того, как неспособность режима сохранять правдоподобие военной угрозы приводила к его распаду»,– деп көрсетіліпті.

 Халқын түрлі қауіп-қатермен үрейлендіріп, қорқынышта ұстамаған үкіметтің «күні санаулы»  болатындықтан  билеушілер «Титанник» кемесінің апаты, Нью-Йорктегі Сауда орталықтарын құлату, революциялар, дүниежүзілік соғыстар, терроризмдерді өздері ұйымдастырып халыққа «шок-шоулар» көрсетіп келеді.

 АҚШ-тық Аарон Руссоға  Николас Рокфеллер  Нью-Йорктегі Сауда орталығының екі ғимараты құлатылатынын оқиға болардан 11 ай бұрын ескертіп, соны сылтауратып  «терроризммен ақыры-соңы көрінбес күрес басталатынын», Ауғанстан, Ирак, т.б. елдерге әскерлер кіргізілетінін айтқан. А.Руссоның: ««Астыртын әлемдік биліктің» түпкі  мақсаты не?» –  деген сұрағына алпауыт Рокфеллерлер отбасының мүшесі Николас: «Конечная цель?! Чтобы всем в мире был устроен чип радиочастотной идентификации, и все деньги будут привязаны к этому чипу. А кто будет протестовать и делать что-то нам на перекор – мы у него чип отключим», – депті (А.Руссо, «Интервью с Н.Рокфеллером»).

 «Счастье в свободе» жобасын жасаушы ресейлік В.А.Токарев өз мақаласында: «Повсеместно проводится внедрение микрочипов под кожу. Чипирование населения России, Украины - узаконенный стихийный процесс, для которого установлены чёткие сроки. В США во многие фирмы не принимают на работу, если в руку кандидата не вживлён микрочип. Молодым владельцам микрочипа даже предоставляется "льгота": они могут легче пройти во всякие клубы и дискотеки», – дейді.

     «Тайное Мировое правительство готовит миру «глобальную империю» (Истинная власть сосредоточена в руках неофициальной международной группы лиц) мақаласында (Интернет, 18 апреля 2011) Андрей Полунин: «При словах «мировое правительство» принято крутить пальцем у виска. Но вот проблема: многие вполне серьезные эксперты не верят, что странами управляют президенты, премьеры, председатели и прочие «видимые» официальные лица. Они считают, что истинная власть – мощная, непоколебимая, но скрытая – сосредоточена в чьих-то других руках. Эту неофициальную могущественную группу, которая не признает национальных границ, контролирует банковское дело, страхование, угледобычу, промышленность,– они называют мировым правительством.

На это теневое правительство, утверждают эксперты, работают тайные организации и мозговые центры. Например, «Совет по международным отношениям», который создан в 1921 году американским банкиром Морганом, и контролирует Федеральную резервную систему США, Нью-Йоркскую фондовую биржу и ведущие средства массовой информации. Или «Бильдербергский клуб» (1954), который объединил американскую элиту и европейскую. Или «Трехсторонняя комиссия» (1974), в которую вошли представители США, Европы и Японии. Ее цель – «создать механизм глобального планирования и долгосрочного перераспределения ресурсов». Или «Римский клуб» (1968), который имеет свои частные разведывательные агентства и, кроме того, «заимствует» информацию у Интерпола, ФСБ и Моссада. Курирует работу этих организаций миллиардер Дэвид Рокфеллер.

    Что представляет собой тайное мировое правительство, какие цели ставит, рассуждает доктор юридических наук, генерал-майор милиции в отставке, экс-советник председателя Конституционного Суда, экс-глава российского бюро Интерпола Владимир Овчинский.

  – Владимир Семенович, тайное мировое правительство, на ваш взгляд, действительно существует?

 – Когда наши политологи, социологи и историки начинают говорить о мировом правительстве, считается, что человек выжил из ума. А ведь на Западе ученые относятся к этому вопросу очень серьезно. Например, такие известные люди, финансисты мирового уровня, как Джордж Сорос, Жак Аттали говорят, что дальнейшее развитие истории невозможно без мирового правительства, без мирового парламента, без мировых вооруженных сил и без мировой полиции», – деген, т.б. пікірлерін келтіреді.

Бүгінгі күні Қазақстан шетел банктеріне 150 млрд. АҚШ доллары көлемінде (ал әр азаматқа шаққанда 8500 доллардан) қарыз екендігі айтылып жүрген ақпарат. Қазақстан билігі: «Еліміз экономикалық даму үстінде» дей тұра, осы қарыз неге жыл сайын өсіп барады? Сөйтсек, қарызға батырылу себебіміз – шетелдіктер мұнайымызды, т.б. игеруге жәрдемдесеміз деп, құрлыстарына жұмсалатын қаражатты сметада 6-7 есе асырып көрсетеді екен, ал сол қаражаттың өзі біздің елге келмей әлгі жұмыстарды атқармақ компанияның шетелдегі банкіне (шетелдегі бір банктен екіншісіне) аударылады екен. Бұл туралы «Әлемдік биліктің» бөлімшесі саналатын АҚШ-тағы «Совет по международным отношениям» мекемесінің бұрынғы қызметкері Джон Перкинс өзінің «Исповедь экономического убийцы» кітабында (2004 ж.) осы мекеменің қазіргі мемлекеттердің басшыларымен келісе отырып қалайша халқын құтыла алмас қарызға батыратындығын, сөйтіп соғыссыз-ақ отарлаудың қазіргі заманғы тәсілі туралы жазған: «Условием предоставления займа является то, что работы по этим проектам выполняют строительные и инженерные фирмы только из нашей страны. Фактически, большая часть средств так и не уходит за пределы США: деньги просто переводятся из банковских организаций в Вашингтоне в строительные организации в Нью-Йорке, Хьюстоне или Сан-Франциско».., «Несмотря на то что деньги практически немедленно возвращаются в корпорации - члены корпоратократии (то есть к кредиторам), страна, получающая заем, обязана выплатить его назад с процентами. Если ЭУ (экономубийца-агент) превосходно справился со своим заданием, займы будут настолько велики, что должник уже через несколько лет будет не способен выплачивать долг и окажется в ситуации дефолта. И вот тогда, подобно мафии, мы требуем себе шейлоковского «фунта живой плоти». Таковой часто состоит из одной или нескольких позиций: страна должна голосовать по нашей указке в ООН, позволить разместить наши военные базы и допустить к драгоценным природным ресурсам, например к нефти или к Панамскому каналу. Конечно, при этом должник попрежнему остается должником - и вот еще одна страна вошла в нашу глобальную империю»...

 «Почти все страны, которые усилиями ЭУ были подтянуты под зонтик глобальной империи, имели схожую участь. Из каждой сотни долларов, извлекаемых в виде нефти из ливневых лесов Эквадора, нефтяные компании забирают 75 долларов. Три четверти оставшихся 25 долларов идут на выплату внешнего долга. Из того, что в итоге остается, большая часть расходуется на армию и правительство. Здравоохранение, обучение и программы поддержки беднейшего населения получают лишь около двух с половиной долларов»,  «Во многих случаях помощь в развитии экономики приводит к обогащению нескольких человек на вершине пирамиды, находящиеся же внизу опускаются еще ниже. Действительно, развитие капитализма часто приводит к возникновению системы, напоминающей средневековое феодальное общество. Правители стран знают, что иностранные займы - обман и мошенничество, и целью игры в иностранную помощь является его личное обогащение и вовлечение страны в неоплатный долг», «Иностранные займы гарантируют то, что сегодняшние дети и их внуки будут удерживаться в заложниках. Им придется позволить нашим корпорациям разграблять их природные богатства, им придется отказаться от образования, здравоохранения и социальной помощи, чтобы только выплатить нам долги. Тот факт, что наши собственные компании уже получили обратно большую часть этих денег для строительства электростанций, аэропортов и технопарков, не меняет этой формулы», – деп жазады. Сонымен Қазақстан халқы алмаған миллиардтар үшін қарыз болып отыр екен.

 Ресейлік генерал К.П.Петров (1945-2009) өзінің «Тайны управления человечеством» деп аталатын 30 сағаттық лекциясында адамзат тарихына жоспарланып басқарылатын процесс ретінде зерттеу жасаған. Петров бүкіл әлемді ұлты еврей қаржылы алпауыттардың 150 отбасы басқарып отырғанын, күллі мемлекеттердің елбасыларын осы «Астыртын әлемдік билік» тағайындайтынын, мақсаттары – адамзатты Индиядағыдай әр кісі туғанынан-ақ «өз орнын білетін» касталық тәртіп орнату арқылы басқару екенін айтады.

Лекциясының бір тарауын К.Петров «План уничтожение русского народа» деп атап, онда «Астыртын әлемдік билік» Ресей Сібірін игеруді мақсат еткенін баян қылады.  Ресейлік РЕН-тв және өзге де телеарналар «Астыртын әлемдік билік» (мировое закулисье)  мақсаты Ресей Федерациясын 8-ге бөлшектеу, орыс халқын азайту екенін айта бастады. Мұны тыңдаған адам: «Ресей билігі «Астыртын әлемдік биліктен» тәуелсіз екен», деп ойлап қалады. Алайда «Әлемдік билік» тағайындаған Президент те өзін «тәуелсізбін» дей тұра қожаларының тапсырмасын орындап өз халқына геноцид жасайтынын, жер байлығын тонататынын тарих көрсеткен. Батысты лағынеттей отырып олардың білім беру, антимәдениет, медицина, т.б. жүйелерін енгізетін, қатыгездік фильмдерін сынай тұра дәл сондай етіп өз елінде фильмдер шығаруға рұқсат еткен елбасы қайдан тәуелсіз болмақ!?..

 Сөйтіп, өздерін Ресей мен Қытайға қарсымыз деп жүрген АҚШ, Польша, Грузия, т.б.   елшілерінің менен қашқақтау себебі – бәрінің бір орталықтан басқарылатындығынан, ымы-жымы бірлігінен екен. Әншейінде «адам құқығы» туралы ауыз жаппайтын «Батыс» саясатшылары Ферғанада, Жаңаөзенде халқын қырып салған Азиядағы диктаторлармен жымиысып арқадан қағысатындары осыдан екен. Ал әлгі Оңтүстік Осетия, Абхазия, т.б. үшін Ресеймен қақтығыстар бәрінің дирижері бір екенін – «Астыртын әлемдік биліктің» барын жасыру үшін істелінген шоулар болыпты.

Сонымен, көпшілігіміз сенбей жүргенде, «чиппен» бақылауға алу техникасы дамыған елдер түгіл, Қазақстанның өзінде басталып кетіпті. Мысалы, «Ракета-космостық техника» конструкторлық бюросының басшысы, Евразиялық ұлттық университеттің Космостық техника және технология қафедрасының меңгерушісі Өмірзақ Қасымов сұқбатында: 

«Казахстан уже имеет два семейства спутников – это KazSat и KazEOSat. В каждом из них по 2 единицы. KazEOSat-1 уже во всю работает и отправляет нам очень качественные снимки...Задач очень много, самое главное – увидеть все то, что происходит на территории Казахстана, включая эрозию почв, изменения в структурах населенных пунктов. Благодаря нашим технологиям люди уже начинают чипировать своих коров, чтобы находить их через систему навигации GPS. Благодаря спутникам проводится дистанционное зондирование земли. К примеру, в Астане, в лабораторном комплексе Евразийского национального университета, НАСА поставила станцию GPS – систему высокоточного позиционирования»,– дейді.

 Өмірде болып жатқан көп жайлар «Астыртын әлемдік биліктің» барын айғақтайды. Ары қарай да мұны мойындамай, қатерден құтылу үшін басын құмға жасыратын түйеқұс кейпінде қашанға дейін қала береміз?! Сиырға туған күннің кешікпей қазаққа да туары белгілі болды. Сондықтан «Әлемдік биліктің» адамзатты «чиптендіру» арқылы құлақкесті құлдарға айналдыруына қандай жолмен қарсы тұруға болады деп осынау кітап, мақалаларды бірнеше жылдан бері оқып, зерттеп «Адамзат қайда барады» деген кітап жазып жүргенмін. Соның негізінде 2014 жылдың ақпан айында Адамгершіл (гуманистік) «Жаңа сана» қозғалысының бағдарламасын жасап, пікірлестер іздеуге кіріскенмін.

 

                                                                  ***

     Дәл осы кезде Украинаға қатысты НАТО елдері мен Ресей арасында басталған алакөздік жұртшылықта «Әлем әлі де бір орталықтан басқарылмайды екен» деген ой тудырды. Ал байқаған жанға Рада депутаты Ирина Фарион көшеде: «Украинада украин тілінде сөйлеу керек» дегені үшін Қырым түбегін (осыны күтіп отырғандай)   Ресейдің бір оқ шығармай-ақ «басып алуы», оған Батыс елдерінің наразылық танытқан сыңайы, т.б. істерден жасандылық көрініп тұрды. Өйткені мен 2008 жылы Украина президенті М.Ющенкоға: «НАТО-ға кірмек болсаңыз Ресей Қырымды және Украинаның шығысындағы бірнеше облысты тартып алмайынша, жібермейді. Елде сізді қолдайтын ұлтшылдар қатарын өсіру, келесі президенттік сайлауда ресейшіл кандидат өтіп кетпеу үшін Украинада «Антиконолиалдық жиын» өткізейік деп хат жолдағанмын. Одан жауап болмағандықтан Астанадағы Украина елшілігіне, Украинаға жанашырлық танытқан боп жүрген АҚШ, Ұлы Британия, Германия, Франция, Литва, т.б. мемлекеттердің елшіліктеріне де Украинаға төнер қауіптерді айтып, «Ресей отаршылдығы кеше және бүгін» деген тақырыпта жиын өткізуге Ющенкоға ықпал етулерін сұрап 2008-2009 жылдары хаттар тапсырғанмын. Егер Украинаның территориялық тұтастығын сақтап қалуды қалайтын болса, осы елдер менің ескертулеріме алты жыл бойына неге көңіл бөлмеді!?

        Отарлаған елдерінде туып-өссе де орыстардың жергілікті халықтың тілін үйренуге қасарысатын мінезін біле тұра, Украинаның жаңа басшылары билікке келер-келместен тіл мәселесін айтуы орысшылдардың сепаратизмін әдейілеп оятқандай еді. Ал Луганск пен Донбастағылар Ресей туын көтеріп, өздерін «Ново-Россия» атай тұра, дәл бір тәуелсіз мемлекеттей «Кедендік одаққа» кіреміз дей тұра «сепаратист емеспіз» деп ақталмақ болды. Ресейдің оларға өз туын көтеруге рұқсат етуі және оларды «халық республикалары» деп БАҚ-та атауы – сепаратистерді жеке мемлекеттер ретінде мойындап, оларға жел бергені еді. Егер екі облыс халқы сепаратист емеспіз, тек Украина билігіндегі олигархтарға қарсымыз десе неге «Ново-Украина» атанып, қызыл ту көтермеске!? Әлде бұлар Ресейді социалистер басқарып отырмағанын, Кедендік одаққа кірген елдерді де олигарх әрі диктатор президенттер билеп отырғанын, олардың қорғаушылары «батыс империалистері» мен Путин екенін білмей ме? Украинадағы Кеңес кезеңі ескерткіштерін құлатушыларды «фашистар, нацистер» деуші Ресей БАҚ-тары Ленин ескерткіштері Ресейдің өзінде әлдеқашан алынып тасталғанын да жақсы біледі емес пе!?..

        Сөйтіп, бәдік ауыз В.Жириновский 25 жыл бойы ертеп міну арқасында депутат болып жүрген «орыстың шовинистік қотырын қасу» тақырыбын (конек) барша Ресей саясатшылары әп-сәтте иемденіп шыға келді. Мен осы шулаудың мақсаты «Әлемдік билік» Ресей арқылы жалған көпполярлылық жасап алып Үшінші дүниежүзілік соғысты бастап, Жер халқын азайту деп білдім.

     Украина шығысында соғыс өршіп, Ресейге батыс мемлекеттерінің экономикалық санкциялары, үкіметтерінің бірін-бірі кінәлаулары жиіледі. Әлемде 7 млрд. халық бола тұра, батыс елдерінің кәсіпкерлері 130 млн. Ресей халқына қарап қалғандай Италия, Полша, т.б. елдерде жасанды жиындар өткізілді.

      Орыс саясатшылары, ақпарат құралдары НАТО-ның Ресейді бөлшектемек жоспары барын айтып байбаламдауы күшейді. Әрине, американдық педагог Роберт Хатчинз: «Единый мир на основе концепции совершенной тирании хуже, чем несколько миров, в каждом из которых тирания по-разному несовершенна. По крайней мере в каждом из миров легче освободиться от свойственной ему тирании, именно благодаря ее несовершенству, что поможет и остальным мирам освободиться от свойственной им тирании», – дегеніндей, адамзатты «чиптеп» құлақкесті құлға айналдырар бірполярлы «Әлемдік билікке» қарсы тұрар екінші күштің болғаны жөн ғой...

     Сол кез жылға жуық ресейлік БАҚ «Әлемдік билік» туралы айтуы сап тыйылып, тек: «Евроодақ елдерін Украинаны қолдауға мәжбүрлеуші»,  деп АҚШ президенті Б.Обамаға қарғыс жаудырды (Дәл бір афро-американдық Обаманың президенттікке өз күшімен келгеніне сенетіндей-ақ). 

        Сөйтіп, мұның НАТО мен Кремльдің кезекті «ойыны» ма, әлде шынайы қарсыластық па екенін анықтау үшін мен РФ президенті В.В.Путинге 2014 жылдың наурыз айында хат жолдадым. Сол кездері «Русский язык древнетюркский?» деген зерттеуімді аяқтап,  түрк және славян халықтарының тілдерінің түп-тамыры бір екендігін анықтаған едім. Хатым: «Егер НАТО шынымен де Ресейді жаулап, бөлшектемек деп есептесеңіз, оған қарсы тұру үшін түрк және славян халықтарының этникалық тамырының бірлігін дәлелдеген менің зерттеуімді насихаттап, осы Тұрандық халықтарды бір-бірімен соғыспауға, одақтасуға шақыру жұмыстарын жүргізейік», деген мазмұнда болды. Кешікпей РФ президенті әкімшілігінен, менің хатымның саяси маңызын түсінбегендей: «Біз кітап шығарумен айналыспаймыз», деген жауап келді. Қайталап жазған хаттарыма да дәл осындай бес «жауаптар» алдым. Менің ұсынысымды қабылдамауынан Ресей билігінің «батыс агрессиясына» қарсы тұруға құлықты еместігі, сондай-ақ, Н.Назарбаев орыспен «одақтастырып» жатқан қазақ, қырғыз сияқты түрк халықтарға бұрынғыдай «старший брат» тұрғысынан қарайтындығы айқандалды. Бұл – келешекте түрк халықтарына тағы да Ресей тарапынан геноцидтер жасалуы мүмкін деген сөз. (ҚР Тіл басқармасына, Алматы Тіл департаментіне, жауап болмағандықтан Н.Назарбаевқа «орыстілді қазақстандықтарға қазақ тілін үйретуді менің методикамды қолданудан – екі тілдің ортақ түбірлі екенін көрсетіп, «қазақ (түрк) тілі бөтен» деген қарсылығын жоюдан бастауды ұсынғанмын. Путиннің де, Назарбаевтың да ұсынысымды қолдамауы, «Бөлшекте де биле», дегендей, билікке қазақ пен орыстың бірін бірі бөтенсіп жүргені тиімді екенін дәлелдейді.).

      2014 жылдың күзіне қарай кейбір орыстар да Қырымды басып алуға байланысты қоздырылған шовинистік елірмеден айыға бастады. Мысалы Ресейдегі «Жаңа Коммунистер» тобының жетекшісі В.С.Петрухин «Сговор» атты мақаласында (09.09.2014)  президенттер В.Путин мен П.Порошенконың «жабық есік артындағы» әңгімелесуі туралы: «О чём, скажите, могут говорить два часа, без свидетелей, люди, обвиняющие один другого (в телепередачах) во всех грехах? Два часа могут говорить друг с другом друзья, обмозговывающие общий план действий. О чём могут договариваться друг с другом президенты капитала?! За спиной одного - олигархи России. За спиной другого - олигархи Украины. За спинами обоих - вся власть, олицетворяющая капиталистическую сволочь планеты! Только об одном они могут говорить: как усмирить взбунтовавшийся народ, который может, если его не остановить, отнять (и отнимет) у них власть, а у олигархов – собственность», – деп жазған.

Украинадағы жағдайды, НАТО мен Ресей арасындағы әрекеттерді БАҚ-тар арқылы жылға жуық бақылап, президенті П.Порошенкоға, премьер Яценюкке, т.б. саясатшыларына ұсыныстар айтып талай хаттар жолдағаныммен, біріне де жауап келмеді. Сондықтан Украинадағы оқиғалар Ресейдің КСРО империясы шекарасын қалпына келтіруге әрекеті ме, әлде «Әлемдік биліктің» Кремль мен НАТО-ны тағы да жалған «холодная война» ойнаттырып, әлем халқын үрейде ұстау үшін, санын азайтып «алтын миллиардты» ғана тірі қалдыру үшін ұйымдастырған кезекті қасабы ма?» - деген сұрақтарыма жауап таппаққа ол елге барып қайту қажет болды. Сөйтіп 2015 жылдың 24 ақпанында Киевке жүріп кеттім.

(Жалғасы бар).

Хасен Қожа-Түрк (Қожа-Ахмет).

10.07. 2015. 

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377