Жұма, 12 Маусым 2026
Жаңалықтар 121 0 пікір 12 Маусым, 2026 сағат 13:58

Қазақстан ТМД-да алға озды...

Сурет: dknews.kz сайтынан алынды.

Қазақстан Іmmigration Index 2026I халықаралық рейтингінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері арасында иммиграция үшін ең тартымды мемлекет деп танылды.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстан әлемнің 82 мемлекеті қамтылған рейтингте 36,0 балл жинап, 53-орынға тұрақтаған. Бұл көрсеткіш елімізге ТМД кеңістігіндегі ең жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Рейтинг авторлары елдерді шетел азаматтары үшін өмір сүру мен қоныс аударудың тартымдылығы тұрғысынан бағалаған. Бағалау кезінде өмір сапасы, экономикалық мүмкіндіктер, еңбек нарығының жағдайы және мигранттардың қоғамға бейімделуіне жасалған жағдайлар ескерілген.

Қазақстаннан кейінгі орындарға басқа ТМД мемлекеттері жайғасты. Атап айтқанда, Молдова 56-орынға ие болса, Грузия 63-орында, Әзербайжан 66-орында тұр. Армения 74-орыннан көрінсе, Өзбекстан 75-сатыға орналасты.

Әлемдік рейтингтің көшін Швейцария бастады. Бұл ел 60,8 балл жинаған. Алғашқы бестікке сондай-ақ Исландия (60,2 балл), Люксембург (60,1 балл), Австралия (59,0 балл) және Германия (58,7 балл) енді.

Immigration Index рейтингі елдерді шетел азаматтарының қоныс аударып, тұрақты тұруы үшін қаншалықты тартымды екені бойынша бағалайды. Рейтингте өмір сүру сапасы, экономикалық мүмкіндіктер және мигранттардың қоғамға бейімделуіне жасалған жағдайлар сияқты негізгі факторлар ескеріледі.

Abai.kz

0 пікір