Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4756 0 пікір 5 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

КӘСІПКЕРГЕ КӨМЕК: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

Қазақстан халқының тұрмыс деңгейiн көтеру, ел экономикасының әлеуетiн арттыру жайы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жолдауларынан түскен емес. Осы Жолдаулардың әрбiрiнде Елбасы нақты мiндеттер белгiлеп, жол сiлтеп келедi. Ең бастысы, ел экономикасы ауызбiршiлiк болғанда ғана қарыштап дамитынын көрегендiкпен көрсете бiлдi. Ал, Елбасының «Нұрлы Жол – Жаңа экономикалық саясаты» Қазақстанның Мәңгiлiк Ел болу жолындағы басты бағдары екенiн iс жүзiнде көрiп отырмыз.

«Нұр Отан» партиясының XVI съезiнде Елбасы мемлекеттiгiмiздi нығайтуға, Қазақстанды әлемнiң озық 30 елiнiң қатарына қосып, терезесiн тең етуге жол бастайтын бес институционалдық реформасын ұсынып, оны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадамын» белгiлеп бердi. Осы бағдар Қазақстанды алға жетелейтiнiне сенiмiмiз мол. «100 нақты қадам» бүгiн және келешекте туындайтын сын-қатерлерге сындарлы тосқауыл бола алатын және елiмiздi одан қиналмай өтуге жетелейтiн жол болатыны даусыз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын және облыстың 2011–2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын iске асырып жүйелi жұмыстарды жүргiзу нәтижесiнде 2015 жылдың I жартыжылдығында межеленген мақсатты көрсеткiштерге қол жеткiзiлдi. Кәсiпкерлiк саласына мемлекет тарапынан көмектер берiлiп, Үкiметтiң отандық бизнестi қолдауының нәтижесiнде өңiрде оңды өзгерiстер орын алуда.

Мәселен, ағымдағы жылдың 6 айында облыста 286,1 млрд. теңгенiң өнеркәсiп өнiмi өндiрiлдi. Бұл өткен жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 40,4 млрд. теңгеге артық. 2015–2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасы бекiтiлiп, оған жалпы құны 851 млрд. теңгенi құрайтын 104 жоба енгiзiлдi. Сондай-ақ, биыл 65,8 млрд. теңге инвестиция тартуға мүмкiндiк беретiн 36 жобаны iске қосу жоспарлануда.

Шымкент қаласында «Оңтүстiк» индустриалды аймағымен қатар көлемi 89 гектарды құрайтын «Тассай» деп аталатын екiншi индустриалды аймақ құрылды. Онда 4438 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк беретiн, жалпы құны 19,0 млрд. теңгенi құрайтын 16 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жалпы, өңiрде жоғарыда аты аталғандардан бөлек «Бадам» және «Қазақ-түрiк» индустриалды аймақтары да iске қосылуда.

Облыста агроиндустриалды аймақ жобасы қолға алынған. Бұл аймақта әрбiр кәсiпкер орталықтандырылған инфрақұрылыммен қамтамасыз етiледi. Бұл мақсатта әкiмдiк тарапынан 62 гектар жер учаскесi бөлiнген. Жобаның жалпы құны 2,3 млрд. теңгеге бағаланып отыр. Мұнда жылына 20 мың тонна көкөнiс өндiрiлiп, 800 жұмыс орны ашылатын болады.

Барлық аудан, қалалардағы индустриалды аймақтардың құрылысына 1013,5 гектар жер телiмi бөлiндi. Қазiргi таңда Түркiстан қаласы мен Созақ ауданындағы индустриалды аймақтар iске қосылды. Мақтаарал, Қазығұрт, Шардара, Түлкiбас, Бәйдiбек аудандары мен Кентау қаласындағы индустриалды аймақтардың құрылысын биыл жыл соңына дейiн аяқтау жоспарланып отыр.

«Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағында 21 жоба мақұлданып, оның 8-i iске қосылды. Шетел инвесторларын тарту мақсатында облыста жыл сайын инвестициялық форум өткiзу жөнiнде әкiмдiк тарапынан арнайы шешiм қабылданған. «Бизнестiң жол картасы – 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 6 айында жалпы құны 137,5 млрд. теңгеге 99 жоба мақұлданды.

«Максимум» өңiрлiк даму институтының ауылдағы кәсiпкерлiктi қолдаудадағы рөлi маңызды. Жобалардың 90 пайызы ауылдық жерлерде жүзеге асырылуда. 2015 жылдың 6 айында 2,9 млрд. теңгеге 778 жоба қаржыландырылып, 1365 жаңа жұмыс орны ашылды.

Бауыржан ОМАРБЕКОВ, ОҚО кәсiпкерлiк, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340