«НҰР-ОТАННЫҢ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ
Сәрсенбi күнi «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бiрiншi орынбасары Асқар Мырзахметов пен облыс әкiмi Бейбiт Атамқұловтың қатысуымен көшбасшы партияның ОҚО филиалының кезектен тыс ХХIV конференциясы өттi, - деп хабарлайды «Оңтүстік Қазақстан» газеті.
Күн тәртiбiнде қаралған мәселе – үшеу. Алғашқысы – «Нұр Отанның» облыстық филиалы төрағасын сайлау. Екiншiсi – аталмыш филиалдың Саяси кеңесiнiң құрамына өзгерiс енгiзу. Үшiншiсi – облыстық филиалдың 2015 жылдың 7 айында атқарған жұмысының есебi.
Бiрiншi мәселе бойынша А.Мырзахметов сөз алды. «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының төрағалығына, Партия Төрағасының тапсырмасына сәйкес, Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Бейбiт Бәкiрұлы Атамқұловтың кандидатурасын ұсынамын. Еңбек жолын өндiрiстен бастаған ол – мемлекеттiк қызметте, басқару iсiнде мол тәжiрибе жинаған iскер азамат» деген Асқар Исабекұлы үмiткердiң өмiрбаянын қысқаша таныстырды. Өз кезегiнде конференция делегаттары Бейбiт Бәкiрұлының кандидатурасын бiрауыздан қолдап, дауыс бердi.
Мұнан соң «Нұр Отанның» өңiрдегi жаңадан сайланған басшысы Б.Атамқұлов өзiне бiлдiрген сенiмдерi үшiн партиядағы әрiптестерiне ризашылығын бiлдiрдi. «Қазiргi таңда Қазақстанның алға қойған басты мақсаты – әлемдегi озық 30 елдiң қатарына қосылу. Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы, Бес институттық реформа және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасы мемлекетiмiздi нығайтып, күрделi кезеңнен сенiмдi өтуiне, жаїандық экономикалық тәуекелдерге қарсы тұрып, одан әрi дамуына бағытталған. Елбасы атап өткендей, Қазақ елiн дамудың дара жолына бастау елiмiздегi ең қуатты саяси күш – «Нұр Отан» партиясына жүктелiп отыр. Президент оның алдына аса ауқымды және өзектi мiндеттер қойды» дей келе, Бейбiт Бәкiрұлы филиал төрағасы лауазымы зор жауапкершiлiк жүктейтiнiн айтты.
Сондай-ақ, жиын барысында кадрлық ауыс-түйiске байланысты облыстық филиалдың Саяси кеңесi мен оның бюросының құрамы жаңарып, мүшелерi тiзiм бойынша қайта сайланды.
Күн тәртiбiндегi үшiншi мәселе жөнiнде партияның облыстық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Алмасбек Мамытбеков баяндама жасады. Бұдан кейiн «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Өмiрзақ Мелдеханов, Бәйдiбек аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Тұрсынәлi Дүйсенбеков, «Жас Отан» Жастар қанаты ОҚОФ төрағасы Бауыржан Молдабеков жарыссөзге шығып, партия жұмысын ширатуға қатысты нақты ұсыныстарымен бөлiстi.
Конференцияны қорытқан А.Мырзахметов облыстық филиалдың мақсат-мiндеттерiн айқындап, бiрқатар тапсырмалар бердi.
Конференция соңында күн тәртiбiне шығарылған мәселелер мен ұсыныстар негiзiнде қаулы қабылданды.
Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК
Abai.kz