ОҚО: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 49 ЖАҢА МЕКТЕП
Бiлiм күнi мерекесiнде Шымкенттегi химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлiк мектебiне барып, мұғалiмдер мен оқушыларды құттықтаған ОҚО әкiмi Бейбiт Атамқұлов :«Облыста 18 112 оқушы ҰБТ тапсырып, олардың орташа көрсеткiшi 78,8 балды құрады. Оған қоса әрбiр үшiншi «Алтын белгi» иегерi бiздiң мектептердiң түлегi»деді қуанышын жасыра алмай. Сондай-ақ, оңтүстiкқазақстандық оқушылардың 2015 жылы алғаш рет республикалық пән олимпиадасының қорытындысына сәйкес 2 бағыт бойынша жүлделi үшiншi орынды иеленгенi де көңiлге мақтаныш ұялатады. Облыс басшысы өз сөзiнде биылғы жаңа оқу жылында 70 мыңнан астам бүлдiршiн мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырғанына тоқталды. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткiш. «Бiлiм саласындағы жетiстiктердiң барлығы да Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана әрi салмақты һәм көреген саясатының жемiсi. Республикадағы ең жоғары туу көрсеткiшi бiздiң облыста тiркелiп отыр. Тұрғындардың әл-ауқатының да жылдан-жылға жақсарып келе жатқаны талассыз» дедi Б.Атамқұлов.
ОҚО-да жаңа оқу жылында 49 жаңа бiлiм беру мекемесi пайдалануға берiлсе, соның 22-сi 1 қыркүйек күнi ашылды. Сондай-ақ, облыс әкiмi өңiрде атқарылған қажырлы жұмыстардың нәтижесiнде үш ауысымды мектептер саны 21-ге дейiн қысқаратынына назар аударды. Апатты жағдайдағы мектептердiң де саны қысқармақ. Атап айтқанда, облыста бұрын апатты жағдайда 46 мектеп болса, бұдан кейiнгi жерде олардың саны 17-нi құрамақ. Оған қоса биыл ОҚО-да 74 мектеп күрделi жөндеуден, 675 мектеп ағымдағы жөндеуден өткiзiлдi. Жалпы, өңiрдегi үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер проблемасы 2016–2017 жылдары толығымен шешiледi деп жоспарлануда. Облыс басшысы Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң сыныптары мен зертханаларын аралап, оқушылармен әңгiмелестi. Жаңа оқу жылына – жаңа тыныс Оңтүстiк Қазақстан облысында 2015 жылы 104 бiлiм нысанының құрылысы қолға алынып, жыл ағымында 49 мектептi iске қосу жоспарланған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесiнде 3 – үш ауысымды, 27 – апатты мектептiң, 13 мектептiң ыңғайластырылған ғимараттарының және 2 мектебi жоқ елдi мекендердiң мәселелерi шешiлмек. Жаңа мектептердiң есебiнен 24 үш ауысымды мектептiң 21-i, 46 апатты мектептiң 17-сi қалмақ. Бұл мектептердiң мәселесi 2016 – 2017 жылдары түпкiлiктi шешiлмек. Сонымен қатар қам кiрпiштен салынған 35 мектептiң орнына жаңа мектептер бой көтерiп, олардың саны 153-тен 118-ге дейiн төмендедi. Облысымызда құрылысы жаңа аяқталған 22 мектеп 1 қыркүйек күнi айдалануға берiлдi (Шымкент қаласында – 7, Сарыағаш ауданында – 6, Бәйдiбек ауданында – 2, Ордабасы ауданында – 2, Созақ ауданында – 2, Түлкiбас ауданында – 2, Кентау қаласында 1 мектеп). Сондай-ақ, биыл 100 бiлiм нысаны күрделi жөндеуден, 697 мектеп ағымдағы жөндеуден өткiзiлдi. Биылғы оқу жылында өңiрiмiздегi 1022 мектепте 602 мыңнан астам бала бiлiм алады. 70448 оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. Былтырғы оқу жылының ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл 78,8 болып, «Алтын белгiге» 608 түлек ие болды. Бұл республикада осы белгiнi иеленген оқушылардың 30 пайызын құрайды. Облыс оқушылары жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадада екi бағыт бойынша III орын, «Үздiк олимпиадалық мектеп – 2015», «Үздiк олимпиадалық команда – 2015», «Ең үздiк олимпиадалық команда – 2015» атақтарын иелендi. Мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес биыл 4, 5, 6, 11-сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерi және 3-сыныптың ағылшын тiлi мен 7-сыныптың информатика пәнi оқулықтары толығымен алынды. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бiрiншi сынып оқушыларына Елбасы атынан «Менiң Отаным – Қазақстан» кiтабы табысталды. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру саласында облыстағы 92 колледжде 97 мамандық бойынша былтырғы оқу жылында 75600 оқушы бiлiм алды. Соңғы үш жылда индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес қажеттi мамандарды даярлау мақсатында өңiр колледждерiнде жаңа 20 мамандық ашылды. Кәсiпорындармен өзара байланысты нығайтып, дуальдi оқыту жүйесiн жетiлдiру мақсатында 24 колледжде 36 мамандық бойынша дуальдi оқыту жүйесi ендiрiлдi. Туризм және қызмет көрсету, тiгiн, тоқыма және тамақ өндiрiсi, транспорт, ауыл шаруашылығы, құрылыс, техника және энергетика салалары бойынша 6 базалық колледж қалыптасты. Биылғы оқу жылында облыс колледждерiне 7726 орынға мемлекеттiк тапсырыс берiлдi.
Abai.kz