Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 8923 0 пікір 20 Тамыз, 2015 сағат 14:28

ДОЛЛАР ТӨҢКЕРІСІ:ЕНДІ ЕЛДІҢ КҮНКӨРІСІ НЕ БОЛАДЫ?

Иә, теңге құнсызданды. Құнсызданғанда да оңбай құнсызданды. Кешегіні қосқанда 35 пайызға бір тәуліктің ішінде құлдырады. Бұл дегеніңіз, кім не десе де, Қазақстан осынша пайызға кедейленді деген сөз. Кедейленбей көр. Мемлекетіңнің табысы осы валютаға тікелей байланысты болса... Таңертеңнен мың құбылған ақша бағамын саралауға Abai.kz тілшісі базар жағалап көрді.

Алматыдағы Көкбазар маңындағы ақша айырбастау орындарындағы бағам суреттегідей. Ал, базардағы сатушыларға тілшінің «доллар бағамы тауарларыңыздың бағамына әсер етті ме?» деген сұрағына, сатушылар әзірге базардағы халық көп тұтынатын азық-түліктің бағасы өзгере қоймағанын, алайда жағармайдың бағасы осыдан соң өзгеретін болса, тасымалға сүйенетін азық-түліктің бағасы тұрақты болмайтынын айтты. Доллар бағамының шарықтауы елдің ертеңіне қалай әсер ететінін сұраған Abai.kz тілшісіне аты-жөнін атамаған, суретке түсуден бас тартқан қартаң әйел сатушы: «Үкімет пен банктердің күші жетпеген, билігі жүрмеген ақша бізге қайдан опа қылсын, «көппен көрген ұлы той». Бұл күн ерте ме, кеш пе келетін күн еді. Ақыры келді. Ел тыныш болсын! Бұл тосын келді, зардабы ауыр болатын шығар» деп жауап берді.

Бұл дағдарыстың өзгеше екенін бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев та айтты.  «Жалпы 7 айда экспорт 44 пайызға, ал импорт көлемі 20 пайызға жуық төмендеді. Бұның барлығы макроэкономикалық алғышарттар болып табылады және бүгіндегі дағдарыстың барлық үдерістері 1997-1999 жылдар мен 2007-2009 жылдардағы дағдарыстардан түбегейлі өзгешелігі бар. Дағдарыс барлық салаларды қамтыды және осы үдеріс екінші жылға жалғасып келеді», – деді Досаев.

Ал, бас банкир Келімбетов: «Иранға санкциялар алынып, олар мұнай нарығына кірсе, "мұнайдың бағасы 20 долларға дейін түсіп кетеді" деген болжам бар» деді бүгінгі сөзінде. Ол сондай-ақ, кешегі күнде ақша бағамын ойнатқандарды жазалайтынын да айтты. Алайда, Мәсімов "енді Ұлттық банк ақша бағамына араласпайды" деді. Ол сонымен қатар, Үкіметтің ақпараттық саясатына өзгерту енгізілетінін де жеткізді. Ендігі кезекте  теңгенің бұрынғы бағаға келмейтіні ап-анық дүние.  Бір ақиқаты – елдің ертеңі осы Үкіметтің қалай іс қылатынына тікелей байланысты болып отыр. Дұрысы осы үкіметтің халықтың байлығын, қордағы ақшаны қалай пайдаланатынында болып тұр. Қымбатшылық келетінін бәрі де біліп отыр. Әзірге іштен тынған халық пен құны түскен теңгені бастан сипай қоятын басқа құдірет жоқ екені де бір күннің ішінде білініп үлгерді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406