Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3105 0 пікір 24 Мамыр, 2010 сағат 08:52

Днестр бойы проблемасын талқылауды ресми келіссөздер форматына ауыстыру қажет – ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы

Астана. 24 мамыр. ҚазТАГ - Днестр бойы жанжалын реттеу мәселесін бейресми кездесулерде емес, ресми келіссөздерде талқылау қажет. ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев осындай пікір білдірді.

Ол толық атауы «5+2» - Днестр бойы жанжалын реттеу бойынша келіссөздер 2006 жылдан бері бейресми форматта жүргізіліп келе жатқанын еске салды. Бұл құрамға қақтығысушы жақтар (Молдова мен Днестр бойы), бітімгерлер (ЕҚЫҰ, Ресей және Украина), бақылаушылар (ЕО мен АҚШ) кіреді.

«Саяси реттеу мәселелері 2006 жылдан бері формат шеңберінде талқыланбағандықтан, «5+2» кездесулері бейресми мәнге ие болып келді. Біздің ойымызша, бейресми кездесулерден ресми келіссөздерге ауысатын кез келді», - деді Қ. Саудабаев дүйсенбі күні Днестр бойы жанжалын реттеу бойынша консультациялар барысында.

СІМ басшысы түрлі форматтағы кездесулер өзара сенім шараларын құру, проблемаларды белгілеу және ықтимал оқиғаларға дер кезінде бірлесіп үн қату үшін қажет екенін атап өтті. Осы орайда ол тараптар арасындағы түрлі деңгейдегі байланыстар үшін тетіктер құрып, қазіргі тетіктерді нығайту маңызды екенін атап өтті.

«ЕҚЫҰ-ға қазақстандық төрағалық үшін Днестр бойы мәселесін «диалогтың барлық жақтарының мүдделерін ескере отырып, тек қана бейбіт, саяси әдістермен» реттеу маңызды болып табылады», - деді ЕҚЫҰ төрағасы,

Сонымен қатар, ол Молдова мен Днестр бойын аймақтағы жағдайды күрделендіруі мүмкін біржақты әрекеттерге бармауды шақырып отырған Ресей мен Украинаның позициясын қолдап, пікір білдірді. Бұл үндеу екі ел президенттерінің Днестр бойы проблемасын реттеу мәселелері бойынша жақында жасаған мәлімдемелерінде айтылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347