Жұма, 7 Қазан 2022
Билік 4355 0 пікір 6 Тамыз, 2015 сағат 16:26

Оңтүстік астананың ақ халатты абзалжандары Елбасының институционалдық реформаларын қолдайды

2015 жылдың 04 тамызында Алматы қаласы Жедел жәрдем көрсету ауруханасында (Бұдан әрі - ЖЖКА) «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын насихаттау мақсатында семинар – кеңес өтті.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Парламенті мәжіліс депутаты Камал Бұрханов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Шаттық Өтеев, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова қатысты.

Іс-шара барысында Шаттық Өтеев мемлекеттік қызмет саласында алдағы реформалар туралы айтып өтіп, 1-ші реформаның қадамдарын толық түсіндірді. Және жергілікті атқарушы органдарының бос жұмыс орын туралы жарияланған құлақтандырулар Департаменттің сайтында іздеу жүйесі пилоттық жоба ретінде еңгізілгенін семинар қатысушыларға таныстырды. Бұл шара мемлекеттік қызметке орналасу рәсімін ашық және қолжетімді етеді.

Өзінің баяндамасында халықтың қалаулысы Камал Бұрханов - а.ж. қыркүйек айында «100 нақты қадам» бағдарламасына байланысты Парламентте 100 ден астам заңдарға өзгерістер мен толықтырулар еңгізілетінін хабарлады. Реформалардың басты мақсаты ұлтты модернизациялау. Егер біз 30 дамыған мемлекеттердің қатарында болғымыз келсе, сол мемлекеттер сияқты өмір сүруіміз керек және біз еңбекқорлық, заңға бағынушылық, тәртіптік білдіруіміз қажет екенін айтты.

Алматы қаласы қазіргі таңда жақсы нәтижеге жеткенін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Касымжанова айтып өтті. 2011 жылы Алматы қаласы денсаулық сақтау индикаторы бойынша 16 орында болған. Қазіргі таңда Алматы қаласы Республика бойынша 3 орында. Мегаполис, әйелдердің өмір сүру ұзақтығы бойынша және халықтың өлім көрсеткішін азайту бағытында жақсы нәтижелерге жетті. Қазір, әйелдердің өмір сүру ұзақтығы көрсеткіші 76,7 жас. Бала туудың көрсеткіші көтерілді, аналардың өлімі көрсеткіші ең төмен деңгейге түсті. Бұл денсаулық сақтау жүйесін анықтайтын өте маңызды фактор.

Іс-шара барысында өздеріп қызықтырып қойған сұрақтарына толық жауаптарын алды.

 

 Abai.kz

0 пікір