Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3348 0 пікір 24 Мамыр, 2010 сағат 09:44

Әсел Назаралы. Киіктердің қырылуын тексеру жөнінде комиссия құрылды

Үстіміздегі жылғы 22 мамырдағы мәлімет бойынша 3200 киік қырылған. Оның ішіндегі 90 пайызы аналықтар, қалған 10 пайызы аталықтар. Осының себептері әлі де анықталмай отыр.
Осыған байланысты дәл осы сағатта Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 11 - 26/3495 тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының аумағында киіктердің жаппай қырылу себептерін оқиға болған жерге барып тексеру және оларды жою мақсатында келісім бойынша қатысты Қоршаған ортаны қорғау, Төтенше жағдайлар, Білім және ғылым, Денсаулық және т.б. бірнеше министрліктердің қатысуымен, ҰҚК шекара қызметі басшылары және Батыс Қазақстан облысының әкімдігінен арнайы комиссия құру үшін бұйрық шығарды. Сондай-ақ ол жағдайды тексеруге Қазақстан Республикасының АШМ Аграрлық өндірістік кәсіпорны мемлекеттік инспекциясы комитеттің төрағасы, Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы қатысып, мән-жайды талқыламақ. Құрылған комиссия қысқа мерзімде киіктердің қырылу себептерін белгілейтін, қырылған киіктердің санитарлық және экологиялық зардаптарын анықтайтын болады. Сонымен қатар бұйрық келісіміне қол қойған комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Үкіметіне комиссия жұмыстарының нәтижесі жөніндегі ұсыныстарды енгізеді. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енгізілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019