ЕРТЕҢ ЕЛДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ АПТАП ЫСТЫҚ ОРНАЙДЫ
30 шілде мен 1 тамыз аралығында елімізге аптап ыстық қайта оралады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Суық атмосфералық фронттар және олармен бірге Батыс Сібір аудандарынан келген ауа Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарына тек жақын арадағы тәуліктерге салқындықты және өткінші жаңбырды әкелді.
"Ал, алдымыздағы екі тәулікте республикамыздың батыс облыстарының ауа райын анықтайтын антициклон республиканың барлық аймағына таралады. Сондықтан Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Ауа температурасы қайтадан батыста +30...37º дейін, ал орталық және оңтүстіктің кейбір жерлерінде +38...42º дейін көтеріледі", деп хабарлайды "Қазгидромет".
Абай-ақпарат