Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3413 0 пікір 27 Мамыр, 2010 сағат 04:13

Отбасын жалғыз өзі асырайтын аналар саны жарты миллионға жетті

Бүгін Қазақстанда аз балалы отбасылар саны артуда. Үй шаруашылықтарының тек 6 пайызында ғана 4-тен көп бала тәрбиеленсе, тең жартысында жалғыз бала өсуде, үштен бірінде екі бала ғана бар. Ал әрбір бесінші бала ресми некеден тысқары өмірге келуде. Бұл туралы кеше елдегі демографиялық өзгерістер аясында отбасын қолдау мәселелеріне арналған «Нұр Отан» ХДП фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңес отырысында жария болды.

Отбасы институтындағы дағдарыс - әлемдік құбылыс. Қазақстанда да отбасы институты күрделі өзгерістерге ұшырауда. Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңес төрайымы Айткүл Самақова қазір елде аз балалы отбасылардың басым түсетіндігін, ал көп балалы отбасылардың, негізінен, оралмандар есебінен толығып отырғанын тілге тиек етті.

Отбасында бала саны азайып қана қоймай, ерлі-зайыптылардың ажырасуы да арта түсуде. Самақова келтірген деректерге қарағанда, қазір «әрбір төртінші отбасы күйреуде». «Әрбір төртінші неке ұрпақсыз болса, ерлі-зайыптылардың үштен бірінде бұл ерлердің кінәсінен болған».

Әкелердің бала тәрбиесіндегі ықпалы әлсіреуде. «Әйел жалғыз өзі баласын асырайтын отбасылар саны өсуде, ондай аналардың саны жарты миллионға жетеді». Ешқашан некеге отырмағандар қатары да көбейіп, «әрбір бесінші бала ресми некеден тысқары өмірге келуде».

Депутаттың ойынша, әлеуметтік жетімдік, яғни тірі ата-аналары тұсында жетім қалған балалар мәселесі де - қазақ қоғамы үшін күрделі тақырып. Қазір Қазақстанда балалар үйінде, интернаттарда және асыранды отбасыларында тәрбиеленіп жатқан 42,5 мың бала бар. «Олар үшін балалар үйінен шыққаннан кейін баспаналы болу - күрделі мәселе», - дейді депутат. Балалар үйін олар 18 жасқа дейін, жасөспірімдер үйін 23 жасқа дейін ғана паналай алады. Одан кейін олар қайда барады? Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы заңнамаға сай балалар үйінің тәрбиеленушілері баспана алу үшін кезекте 23 жасқа дейін ғана тұра алса, онан кейін оларды кезектен алып тастайды. «Ал муниципальды баспана өте аз бөлінетіндіктен, оны 23 жасқа дейін алу тіпті шындыққа сәйкес келмейді... Кейбір адвокаттардың айтуынша, онда жазылған 23 жас - кезектен алып тастау емес, керісінше, баспанаға кезекке тұру жасы», - дейді халық қалаулысы.

Сондықтан ол Білім және ғылым министрлігімен бірге бұл мәселені анықтау қажеттігін жеткізді.

Отбасы институты әлсіреуінің бір тетігі - тұрғындардың денсаулығының нашарлауы деп санайды депутаттар. Мысалы, қазір республикада әйелдер денсаулығының индексі 30 пайыз болса, экологиялық апат аймақтарында бұл көрсеткіш - 10-20 пайыз ғана. Бала туу жасындағы әйелдердің жартысынан астамы анемиядан жапа шегуде. Әйелдердің онкологиялық аурулар құрылымында сүт безі қатерлі ісігі бірінші орынға шыққан. Ерлердің жартысынан астамы несеп жыныс жүйесінің ауруларына шалдыққан.

«Отбасындағы зорлық-зомбылық - күрделі мәселелердің бірі», - дейді депутат Самақова. Тек қана былтырғы жылы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 20 мыңға жуық әйелдің өтініші қаралған. Жыл сайын сонша өтініш дағдарыс орталықтарына да түседі екен. «Елдегі демографиялық жағдайды жақсарту үшін ең алдымен өмірдің сапасын арттыруға жағдай жасалынуы тиіс», - дейді Самақова. Ол сонымен бірге бұл мәселенің тәрбие, білім беру, құқықтық саладағы шаралармен байланысты екендігіне назар аудартты.

Мемлекет басшысы өзінің биылғы халыққа Жолдауында халық санын 2020 жылға дейін 10 пайызға арттырып, адамдардың өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа дейін жеткізу міндетін қойған.

Нұржан ЖЕҢІС

«Айқын» газеті,

26.05.10.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282