«Қазақ альманағы» Һәм қазақ жауапкершілігі
Ақпарат айдынына тағы бір басылым қосылды. Интеллектуалды басылым «Қазақ альманағы» деп аталады. Альманах Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының қолдауымен жарық көруде.
260 беттік жаңа басылымның мәйекті мазмұны қазақтың ой санасын дамытуға бағытталған тұжырымды, сүйекті материалдар болмақ. «Қазақ елінің тұрақтылығы мен мәңгілігі ең бірінші қазақ халқының жауапгершілігіне байланысты. Сондықтан қазақ мемлекет құраушы ұлтқа айналуы қажет. «Қазақ альманағының» көтеретін мәселелерінің негізгісі осы болмақ», – дейді басылымның бас редакторы Берік Әбдіғалиев.
Альманахтың алғашқы санына мемлекет басшысының әр уақытта айтқан ұлтқа қатысты парасатты пайымдары мен өзекті ойлары енген. Сонымен бірге Мұхтар Құл-Мұхаммед, Ақселеу Сейдімбек, Қойшығара Салғараұлы, Амангелді Айталы, Болатхан Тайжан, Әзімбай Ғали сынды өзге де ұлт зиялыларының материалдары және ұлт батыры Тоқтар Әубәкіровтің сұхбаты жарияланып отыр.
«Қазақ альманағы» тек қазақтілді қауымның ғана емес, қазақ мүддесін көздеп жүрген орыстілді қауымның да пікір-талас алаңына айналуды көздейді» – дейді Бас редактор.
Альманахты әзірше тек «Меломан» дүкендер желісінен сатып алуға болады. Алдағы күндері басылым «Қазпошта» арқылы қалың оқырманның қолына жетпек.

Альманағтың тұсаукесері бүгін, яғни мамырдың 29 күні, сағат 15.00-де ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтында (Алматы қаласы.Достық пен Сәтбаев көшелерінің қиылысы) өтеді.
Мемлекеттік тілді дамыту
президенттік қорының
баспасөз-қызметі
Тел:+7(7172) 74-36-97