Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3969 0 пікір 1 Желтоқсан, 2015 сағат 17:04

ҚАЗАҚСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

1 желтоқсан тұңғыш президент күнін атап өту Астанада мемлекет басшысының байрағын көтерумен басталды. Ту көтеру рәсімін мемлекеттік күзет қызметі «Айбын» президент полкінің сарбаздары орындады.

Осы күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әскери-тарихи мұражайда болып, Қазақстан халқының ежелгі заманнан бүгінге дейінгі әскери дәстүрі мен мәдениетінің даму тарихын таныстыратын сирек әрі бірегей экспонаттарды көрді.

Сонымен бірге осы күні Қазақстан президентінің қатысуымен бас жаңажылдық шыршаның шамдарын жағу салтанаты өтеді деп күтіледі.

Елде бұл мереке 2012 жылдан бері тойлана бастаған. 1991 жылы желтоқсанның 1-і күні алғашқы жалпыхалықтық сайлауда жалғыз кандидат Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР президенті қызметіне қайта сайланған. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347