ОҚО сотында Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 26 қарашасында облыстық сотта ардагер судьялар мен заңгер ғалымдар, облыстық, аудандық соттардың судьялары мен мамандары, зиялы қауым және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Назарбаев оқулары: Тәуелсіз сот билігін қалыптастырудағы Президенттің рөлі» тақырыбында салтанатты іс-шара өткізілген болатын. Осы жоспардың жалғасы ретінде, бүгін облыстық соттың мәжіліс залында салтанатты жиын өтті.
Оған облыстық соттың судьялары мен мамандары қатысты.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.
Осыдан кейін жиынды ОҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы З.Пірнияз кіріспе сөзбен ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Жиын барысында облыстық соттың судьясы Н.Жұматаев пен ОҚО соты Кеңсе басшысының орынбасары Н.Уразгалиева баяндама жасап, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеудің идеялық мазмұны мен қоғамда Н.Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігін құрудағы тарихи рөлі төңірегінде айтты.
Мерекелік іс-шара аясында ОҚО соты Кеңсесінің басшысы О.Лештаев қызметтік міндеттерді үлгілі атқарған үшін бірқатар кеңсе қызметкерлерін грамоталармен марапаттады және мемлекеттік қызметке жаңадан тағайындалған мамандардан ант қабылдау рәсімі өтті.
Жиын соңында ОҚО соты Кеңсе басшысы О.Лештаев, ОҚО сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М.Балкен, отставкадағы судья М.Әміров және облыстық соттың судьясы Ы.Мәтібаев ұжымды мерекемен құттықтап, сөз сөйледі.