Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5930 0 пікір 31 Мамыр, 2010 сағат 06:35

Солтүстік Қазақстанда психоневрологиялық сырқаттардың құқықтары жиі бұзылатыны анықталды – прокуратура

Петропавл. 31 мамыр. ҚазТАГ - Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) психоневрологиялық интернаттарында сырқаттардың құқықтары бұзылады, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

«СҚО прокуратурасы әлеуметтік көмекке мұқтаж мүмкіндіктері шектеулі балалар, жалғыз басты егде азаматтар мен мүгедектер тұратын 8 мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде заң талаптарын сақтау бойынша тексеру жүргізді. Тексеру көрсеткендей, мекемелердегі материалдық база әлсіз, кейбіреуінде жөндеу жұмыстарын жүргізу керек», - деп хабарлады дүйсенбі күні прокуратура.

Мысалы, балалардың психоневрологиялық интернатындағы жиһаз бірнеше жыл бойы жаңартылмаған, кереуеттер балалардың бой және жас ерекшеліктеріне сай келмейді. Асханада қыры сынық, эмалі бұзылған ыдыстар пайдаланылады.

Сондай-ақ, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында да бұзушылықтар анықталды. Айыртау психоневрологиялық интернатын тексеру кезінде «өзіне қызмет көрсету, жеке тазалық, тұрмыста, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, өзін бақылау, адамдармен қатынас жасау сияқты өмір сүру барысындағы әрекеттердің басқа да түрлерін қалыптастыру бағытындағы әлеуметтік-педагогикалық қызметтер және әлеуметтік қызмет пен өз мүдделерін қорғау құқығына байланысты мәселелер бойынша кеңес беру тұрғысынан әлеуметтік-құқықтық қызметтер» толық көлемде көрсетілмейтіні анықталды.

Бұдан басқа, балалардың денсаулықтары толық тексерілмейтіні, қажет дәрілік препараттардың болмауына байланысты медициналық емдеу бойынша кеңестерді орындамау оқиғалары анықталған.

«Петропавл қаласының психоневрологиялық сырқаттарға арналған интернат үйі» ММ-де балдың жетіспеушілігі анықталды, интернат үйінің қоймасында бал, қияр, қызанақтар, шұжықтар жетіспеген. Азық-түлікті негізсіз есептен шығару оқиғалары да анықталды», - дейді прокуратурадағылар.

Прокурорлық тексеру барысында интернаттарда тұратындардың жеке есепшоттарындағы қаражатты заңсыз түрде пайдалану оқиғалары анықталды.

«Қамқорлықтағыларды қажет киім-кешекпен және жұмсақ жиһазбен қамтамасыз етуде олардың жеке есепшоттарындағы қаржы жұмсалған: 2009 жылы киім мен жұмсақ жиһаз сатып алуға олардың есепшоттарынан 2 857 752 теңге, 2010 жылдың басынан бері 6 801 150 теңге жұмсалған», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мұндай бұзушылықтар Петропавлдың психоневрологиялық сырқаттарға арналған интернат үйінде де, Смирновтағы қарт адамдарға және мүгедектерге арналған интернат үйінде де, Петропавлдың балаларға арналған психоневрологиялық интернатында да анықталды.

Бұдан басқа, Петропавлдың балаларға арналған психоневрологиялық интернатында оның басшылығының қызметті асыра пайдалану оқиғалары белгілі болды. Мысалы, 2009 жылдың басынан бері интернат үйінің директоры «өзіне және тағы 5 қызметкерге қызмет көрсету аумағы кеңейгені үшін (спорт үйірмесін жүргізу және тәрбиеші жұмыстары үшін) жалақысына 30% қосымша қаржы енгізген. Заңсыз алынған қаржының көлемі 800 мың теңгеге жеткен».

Бұдан басқа, интернаттың аумағында сауна жұмыс істеген, онда интернат үйінің жұмыскерлері мен басшылығы суға түскен, дейді прокуратурадағылар.

Прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру қорытындысы бойынша прокурорлық әрекет ету шаралары қабылданды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036