Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4388 0 пікір 15 Қараша, 2015 сағат 09:45

ОҚО ӘКІМІ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

ОҚО әкімі  Б.Атамқұлов Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік және ауыл шаруашылық нысандарымен танысты деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

117 мыңға жуық халқы бар бұл аудан өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына бейім өңір. Сапар барысында облыс әкімі Шұбарсу ауылындағы жаңадан пайдалануға берілген 600 орындық «Ынтымақ» жалпы орта мектебін аралап көріп, білім ордасының айналасын көгалдандыруды тапсырды.

Сонымен қатар, еліміздегі ең үлкен 16 гектар жерге орналасқан «Аделя» шаруа қожалығының жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған бұл кешен жылына 9 мың тонна өнім өндіреді. Заманауи құрылғылармен қамтылған жылыжайда 100-ден  астам азамат жұмыспен қамтылған.

Ауданға жасаған сапарында аймақ басшысы «Бадам» индустриалдық аймағында орналасқан «Агро-V» ЖШС-нің «Бөрте» сүт тауарлы фермасының құрылысы мен автоматтандырылған жүйедегі жаңа технологиялы қыш зауытында болды. Күніне 20 мың тонна шикі сүт өнімін өндеуге қауқарлы сүт фермасының құрылыс жұмыстары 30 пайызға аяқталған. Мұнда Швейцариялық жаңа технологиядағы робот сауыншыларымен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Асыл тұқымды сүтті бағыттағы «Гольштейн» тұқымды ірі қарасы жылына 6-7 мың литр сүт береді деп жоспарлануда.

Жұмыс тобы «Агро-V» ЖШС-нің екінші жобасы 2014 жылы жұмысын бастаған қыш зауытын аралап көрді. ҮИИД мемлекеттік бағдарлама аясында ашылған кәсіпорын  күніне 70 мың, ал жылына – 22 млн. дана керамикалық қыш шығарады.

Мұнан соң асыл тұқымды мал шаруашылығы көрмесін тамашаланып, шаруалармен кездесу ұйымдастырылды. Мал басын асылдандыру бағытында ауданда 3 асыл тұқымды мал шаруашылығы жұмыс жүргізуде. Солардың бірі «Ордабасы» шаруашылығы қазақтың қылшық жүнді қойын асылдандырады. Мұнда 8 мыңға жуық асыл тұқымды қой бар.  Аталық мал басы 120-125 келіге дейін ет береді. Өңірімізде осындай қойдың 70 мың басы бар. Бұл ОҚО ғалымдарының 21 жылдық еңбегінің жемісі.

Осыдан кейін, өңір басшысы «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы аясында 2009 жылы пайдалануға берілген аудандық орталық ауруханаға барды. 240 науқасты қабылдап, емдеуге қауқарлы мекемеде бүгінгі таңда 47 дәрігер қызмет етуде. Аудан тұрғындарына 55 емдеу–профилактикалық мекемелер, атап айтқанда, 1 аудандық емхана, 1 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана, 12 дәрігерлік амбулатория, 21 фельдшерлік-акушерлік бекет, 18 медициналық бекет қызмет көрсетеді. Ауданда салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу бағдарламасына сәйкес 9 бағытта жұмыстар атқарылуда.

Сапар соңында облыс әкімі Темірлан ауылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталыққа күніне 300-ге тарта тұтынушы келеді. Осы жылдың тоғыз айында 101829 құжат қабылданған.  

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434