Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3584 0 пікір 15 Қараша, 2015 сағат 09:36

ОҚО КӘСІПКЕРЛЕРІ ҚХР МЕН ОҢТҮСТІК КОРЕЯҒА ІСКЕРЛІК САПАРЫМЕН БАРЫП ҚАЙТТЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды бастаған бір топ кәсіпкерлер Оңтүстік Корея мемлекеті мен Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барып қайтты. Роуд-шоу сапарының басты мақсаты - өңірге ҚХР мен Оңтүстік Корея инвесторларын тарту болып табылады деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстаннан барған делегаттардың ішінде өңірден бизнес-құрылымдардың жетекшілері мен «Шымкент» ӘКК-ның өкілдері, «Оңтүстік» индустриялық аймағы басқарушы компаниясы» ЖШС-нің басшылары да бар.Оңтүстікқазақстандық делегаттар, ең алдымен, Оңтүстік Кореядағы Чхунчхон-Намдо және Кёнгидо провинцияларының басшылығымен кездесті. Онда өңірлік деңгейде өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланып, Оңтүстік Корея мен біздің облыстың кәсіпкерлерінің инвестициялық жобаларын іске асыруға жағдай жасау жайы және Кенгидо провинциясында құрылған инвестициялық хабқа Оңтүстік Қазақстан облысының қатысуы сөз болды.

Сапар барысында кәсіпкерлер Оңтүстік Кореядағы агроөнеркәсіп кешендері мен ондағы ірі инновациялық агротехникалық институтты, өнеркәсіптік жылыжайлар мен Еуропалық іскерлік әріптестік орталығын және «Самсунг» корпорациясының мұражайы мен инновациялық кеңсені аралады.

Аталған мемлекетке іскерлік сапар соңында ел астанасы - Сеулде Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылған форум өтіп, оған Оңтүстік Кореяның түрлі экономикалық секторларында қызмет ететін 180 кәсіпкер қатысты. Нәтижесінде, екі ел арасында 11 меморандумға қол қойылды.

Мұнан соң, облыстың кәсіпкерлері Қытай Халық Демократиялық Республикасына жол тартты. Онда делегаттар Сиянь қаласында ұйымдастырылған Қытайдың ауылшарушалығы саласындағы жаңа технологиялар тақырыбында өткізілген 22-ші жәрмеңкесіне және арнайы форумға қатысты. Онда еліміздің ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков сөз сөйлеп, Қазақстанның сала бойынша жетістіктері мен жоспарларын баяндады.

Қытайға сапар кезінде облыс кәсіпкерлері «Қазақстан-Қытай заманауи аграрлық жобалары» конференциясына қатысып, өңірдің ауыл шаруашылық жобаларының таныстырылымын өткізді. Кездесу нәтижесінде ҚХР мен ОҚО кәсіпорындарының арасында екіжақты тиімді 3 меморандум түзіліп, бірлесіп жұмыс істеуге келісімдер жасалды.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434