Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 7383 0 пікір 15 Қараша, 2015 сағат 09:03

«АҚ АЛТЫН». ШАРДАРА АУДАНЫ ОЗАТ АТАНДЫ

Шардаралық диқандардың ішінде биыл мақташы қауымның еңбегі жанды. Аудан бойынша егілген 11972 гектар мақталықтан барлығы 32400 тонна ақ ұлпа жиналды. Уақтылы баптап, дұрыс күтім жасағанның арқасында «ақ алтынның» әр гектардан түсімділігі 27,1 центнерді құрады. Айта кетейік, аудан мақташыларының биылғы көрсеткіші өткен жылғыдан 10 центнерге артып отыр деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Мұндай жоғары өнімділікке облыс бойынша шардаралық мақташылардың ғана қолдары жетіп отыр. Соның нәтижесінде кешегі өткен облыстық «Алтын күз» мерекесінде Шардара ауданы «мақта өндіруден озат аудан» аталымы бойынша бірінші орынды жеңіп алды. 76900 гектар алқапқа шитті дән егіп, 203 мың тоннадан астам «ақ алтын» жиған мақтаралдықтар гектар түсімділігі бойынша 26,4 центнермен екінші орынға шықса, 4 мың гектар жерге мақта егіп, 10 мың тонна (гектар түсімділігі - 26,3 центнер) ақ ұлпа жиған Түркістан қаласы үшінші орынды иемденді.  

Айта кеткен жөн, Шардара ауданында шитті мақта өсірумен шұғылданатын шаруашылықтар ішінде «Иіржарагро» ЖШС-і алдыңғы орында келеді. Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер бойынша мақта өсірумен айналысып келе жатқан серіктестік диқандары 190 гектарға шит егіп, әр гектарынан 50 центнерден өнім алды. Ал жеке қожалықтар арасында «Жәнібек» шаруа қожалығы 15 гектар мақта алқабынан гектарына 64,5 центнер түсімділікпен мақта терсе, «Тоқай» шаруа қожалығындағы 8,2 гектар жерден 55,6 центнерден өнім алынды.

Мақта – Оңтүстік Қазақстандағы негізгі дақылдардың бірі. Мақтаны өсіруге облыстың оңтүстік аудандарының шамамен 500 мың тұрғыны тартылған.

 Бұл мақтаны өсіруден түсетін табысқа сүйенетін адамдар. Сәйкесінше, мақта бағасының өсуімен табыс та, қарапайым шаруалардың әл-ауқаты да өседі. Сондықтан да девальвация бүгінде отандық өндіушінің бәсекеге қабілетті болуы үшін ауадай қажет қолдау болып отыр, деп санайды «Хлопкопром целлюлоза» ЖШС бас директоры Қайнар Абасов.

 «Оңтүстік Қазақстанның мақташылары теңге мен рубльдің валюталық тепе-теңдігін қалпына келтіру туралы көптен бері айтып жүрген еді, - деді ол. -  Бізге құлақ асқанына қуаныштымыз, себебі нарықтардағы ресейлік біршама арзан тауарлардың басым жағдайы жергілікті бизнесмендердің өндірістерін мәжбүрлі түрде тоқтатуына әкеле бастаған еді. Девальвация экспортқа бағдарланған мақта сияқты өнімдер өндіретін қазақстандық кәсіпкерлер үшін қуатты қолдау болды».

Оңтүстіктің мақтасы, негізінде, ЕурАзЭС және Шығыс әлемі елдеріне жөнелтіледі. Теңгенің еркін бағамы енгізілуінің арқасында мақтасын долларға таңып сататын мақташылар бірқатар басымдылыққа ие болды: былтыр тазартылмаған мақтаны сатып алу бағасы бір келісі үшін 70 теңгені құрады. Биыл тазартылмаған мақтаны сатып алу бір келісі үшін 100 теңге бағамен жүзеге асырылып, бұл шаруалар табысын былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 20 және одан жоғары пайызға ұлғайтты. Биылғы жылы 100 мың гектар ауданнан 180-200 мың тонна тазартылмаған мақта жиналады деп күтілуде.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434