Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7005 0 пікір 11 Қараша, 2015 сағат 13:00

ӨЗІМІЗГЕ ДЕ ОБАЛ ЖОҚ

Тоқсаныншы жылдардың басында дүкен сөрелері жылан жалағандай болды. Түк жоқ. Барының өзі қат. Қажетті дүниең табылса, оны алатын қаражат табылмайды дегендей. Сол кезде, бірақ, еңсеміз тік еді. Сөйлегенде иегіміз әуелеп барып қайтатын. Тәуелсіздіктің демі болса керек...
Жұрттың бәрі сонда "жоққа" бой алдырып қалған. "Мына кедейліктің сорынан енді құтылмаспыз", - дейтіндер көп-тұғын. Талай атпал азамат дүниеден түңіліп, баз кешіп жатты. Ол кезді өкімет "Өтпелі кезең" деп атап, әйтеуір өткелектен бір өтетінімізге сендіретін.
Талдықорғанда "Жерұйық" газетінің редакциясында отырамыз. Сырттан Әбен аға Дәуренбеков кіріп келеді. Әбен ағамен бірге редакцияға әдемі әзіл, күлкі ере келеді. Бәріміз Әбеңнің аузына қараймыз. Үлкендер жағы: "Мына дүние не боп кетті, қайда барамыз? Жиған-тергенімізді түгесіп біттік қой", - деп уайымдарын айтатын. Сөйткенде Әбен аға дауысын жіңішкелеп, созып сөйлейтін әдетімен: "Саспаңдар, мен магазин аралап келе жатырмын. Сөре толы нан. Иісі мұрыныңды жарады. Жамандықтың беті қайтады. Нан бар жерде жоқшылық тұрмайды", - деуші еді. Рас, сондағы қиын-қыстау заманда билік нанның "қадырін" айтып бүгінгідей зарламаған еді. Енді, еңірегенде етегі көзінің жасына толып отыр. Қайбір жылдары астықтың тең жартысын шірітіп алды, қалғанын шетелге сатып, қамбаны бос қалдыра жаздаған. Бұл жаңылыспасам, 2005-2006 жылдары болған уақиға. Кезекті дағдарыстың қарсаңы.  Тағы да, міне, дағдарыс. Бұл дағдарысты дара қарсы алудан "қорқып" Ресейдің қолаңса сасыған қолтығына кіріп кетіп едік, сорымыз сорпадай қайнауда. Бір нәрсені бүлдірері бүлдіріп алып, соңынан: "Өзіме де обал жоқ", дейтіндер болады ғой. Соның кері келіп тұр.

... Обал жоқ!

Дәурен Қуат

FB парақшасынан.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5398