ОРЫСТЫҢ МАС ОФИЦЕРІ ТӘЖІК ӘЙЕЛІН ӨЛТІРГЕН
Тәжікстанның құқық қорғау органы Ресей Федерациясы қарулы күштерінің лейтенанты Иван Щербаков тәжік азаматшасы Ш. Джабборованы өлтірді деген күдікпен тұтқындады деп хабарлайды.Ресейлік офицер 9 қарашада ұсталған, оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сино -1 ішкі істер органы қылмыстық оқиға 5 қарашада болғанын айтады. Марқұм Джабборованың туыстары милицияға шағымданғаннан кейін қылмысты 9 қарашада ашқан.
Ақпарат көзінің хабарлауынша, тергеу барысында аға лейтенант Иван Шербаков "әйелді ішімдікке мас болып өлтіргенін, есінде ешнәрсе жоқ екенін" айтқан.
Абай-ақпарат