Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4273 0 пікір 11 Қараша, 2015 сағат 11:59

ОҚО: ОНКОЛОГТАР ШЕТЕЛДІК МАМАНДАРДАН ДӘРІС АЛМАҚ


Оңтүстік қазақстандық онкологтар шетелдік мамандардан дәріс алмақ, – деп хабарлайды Абай-ақпарат ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Франция елінен келген профессор Генри Бисмут пен Монғолиядан келген профессор Чинбурэн Джигжидсурэнді қабылдады. 

Екі елдің білікті дәрігерлерімен кездескен облыс басшысы онкологиялық аурулардың алдын алу тақырыбында ой бөлісіп, өңірдегі қатерлі ісікдертіне шалдыққан науқастардың жағдайын жақсарту мәселелері бойынша әңгімелесті.

Облыстық онкологиялық диспансерінің мамандарын ұйқы безі мен бауырдың қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарды жоғары технологиялы әдіс-тәсілдермен диагностикалап, оны хирургиялық жолмен емдеуге үйретуге келген қос профессор бұл шеберлік сабақтарын тегін жүргізбек. Сондай-ақ, жиында аталған диспансердің базасында гепатологиялық орталық құрып, бауыр алмастыру әдіс-тәсілдерін енгізу жайы айтылды.

Генри Бисмут – бауыр-өт жолдары, ұйқы безі хирургиясының әлемдік сарапшысы, Франция мен Еуропада бауыр алмастыру мектебінің негізін қалаушы маман.

Профессор Чинбурэн Джигжидсурэн ОҚО дәрігерлерімен 2 жылдық бірлескен жұмыс нәтижесінде 5 шеберлік сабағы өткізілді. Моңғолиялық профессордың қатысуымен Шымкентте 30-дан астам ота жасалып, ұйқы безі мен бауыр ісігіне шалдыққан ауруларға 120-дан астам кеңес берілді. 

Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын ұйқы безі мен бауырдың обырына шалдыққан мыңға жуық жағдай тіркелсе, соның тоқсанға жуығы ОҚО-ға тиесілі. Бүгінгі таңда, облыстық онкологиялық диспансерде қатерлі ісік ауруларымен 11780 науқас тіркеуде. Осы жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, өңірде 98 адам бауыр қатерлі ісігімен есепте тұрса, 75 науқас ұйқы безінің обырымен кезекте тұр.

Облыстық диспансерде 2013 жылы 9, 2014 жылы 12, 2015 жылы 9 бауыр отасы жасалып, бауырдың қатерлі ісігіне 30-дан астам операция ұйымдастырылды.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404