Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4445 0 пікір 10 Қараша, 2015 сағат 12:58

АПТА СОҢЫНДА ӨЛЕ КӨРМЕҢІЗ...

Мына бір мәселені әріптестерім мен белгілі бір адамдардың сұрауы бойынша орталарыңызға тастағалы отырмын.

Айтпағым мәйітхана мәселесі еді. Торқалы той, топырақты өлімсіз болмайтын мына өмірде бәріміздің басымызға келетін жағдай ғой. Пікір бөлісіңіздерші. Қазір дәл осы мәселе ең бір күйіп тұрған мәселенің бірі екені ешкімге жасырын емес. Рас қой? Кешірерсіздер, әрине. Бірақ басына түскендеріңіз жақсы білесіздер ғой. Жақында бір жігіттің ағасы қайтыс болып еді. Мәселенің мән-жайын естіп төбе шашым тік тұрды. Мәйітханалардың тоңазытқышында орын жоқ көрінеді. Сол себепті мәйітті мал құсатып еденге тастай салады екен. Ал аптаның соңына қарай өле көрмеңіз! Онда бітті дей беріңіз. Дүйсенбіге дейін сол жерде жатқаныңыз жатқан! Құдайым өзі сақтасын! Өзекті жанға бір өлім. Қандай өліммен өлеріміз бір Аллаға ғана аян ғой. Жақын туысы жол апатынан болмаса қандай да бір оқыс оқиғадан қаза тапқан адамдардың мәйітті ала алмай қан қақсағанын талай көрдік. Бұл не деген сұмдық! Өлімге ерекше құрмет көрсетіп, соңғы сапарға арулап шығарып салатын, жаназасын шығармай жерлемейтін халықпыз ғой. Қазақ ежелден өлімді жөнелтуге ерекше мән береді. Ал осыны мәйітханадағылар әбден пайдаланатын сияқты. Онсыз да қайғыдан қан жұтып отырған ағайынның қайтыс болған жақынының денесін мәйіттен сатып алатыны бұл күні ешкімге жасырын емес. (Оның құны 100 мыңнан төмен емес көрінеді естіп білуімше) Тек соны неге ешкім айтпайды? Неге ешкім жұмған аузын ашпайды-ә? Ең сорақысы да сол, мәйітханалар әділет министрлігіне қарасты болғандықтан бұған ішкі істер басқармасындағылар да араласа алмайды екен. Ал енді ұзақ уақыт мәйітханада жатып қалған адамның денесі не болатынын өздеріңіз-ақ ойлай беріңіздер. Соған жеткізбеу үшін адамдар мәйітханалардағылардың сұрағанын беретіні де түсінікті. Қазір кездейсоқ келген ажалдан көз жұматындар өз алдына, үйінде жатып өз ажалымен өлгендерді де моргке алып кетеді. Моргке әкетті деген сөз - оны міндетті түрде сойып тастайды деген сөз. Ал қайтыс болған туысымызды, ет жақын адамымызды пышаққа түсірткізбеуге біздің қақымыз бар ма? Қане, кім жауап береді? Жалпы осы мәйітхана мәселесін жолға қоятын заң бар ма бізде осы? Ондағылардың шектен шыққан әрекетіне тоқтау салатын кім бар? Сосын тағы бір мәселе менің һәм сіздердің де еріксіз көңілдеріңіді күпті ететін шығар. Мәйітханаларда сойылған адамның ішкі ағзаларын не істейді екен? Қайда жібереді екен? Әлде... Құдай сақтасын, малдың да ішек-қарнын тастай салғанды обал көретін қазақ емес пе ек? 

Жанар Оразымбет

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371