Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 49425 3 пікір 2 Қараша, 2015 сағат 12:54

ПӘКТІК ҚАЙДА КЕТТІ?!.

Осынау өте нәзік тақырыпқа келгенде дәрігерлер жеке адамдарға тек өзіне ғана құпия жауап беруге тырысады. Өйткені бұл шынында заң жүзінде қорғалатын адамның жеке басына ғана қатысты мәселе. Десе де, осы тақырыптың аясында жанжал жиі шығады. «Қыз емес» екен деген ар-намысқа тиетін әңгіме талай отбасын шайқалтып, талай әйелдің көз жасын көлдетті. Жағдайдың мәнісін шынайы білу үшін дәрігерге барып жатпайды, есесіне отбасылық жанжалдан бас арылта алмауы ғажап емес.

Сонымен «қыздық» дегеніміз не? Қыз баласының ең алғаш жыныстық қатынасқа баруына дейін сақталатын өте жіңішке, нәзік тамырлармен жалғасқан тін. Қыз баланың жасы 18-20 ға келгенде бұл тін өте иілгіш келеді. Ал жылдар өткен сайын 30-35 ке жақындағанда иілгіштігін мүлде жоғалтады. Қыздық перде жыныстық қатынасқа дайындықпен келгенде, ағзаның қатты қозуы кезінде иілгіштігінен өздігінен ашылады, яғни қанамайды. Сүйген жігітімен алғашқы төсек қатынасына барып, өз қыздығының қайда кеткеніне жауап таппаған қыздар көп. Бұндайдан кейін иілгіш қыздық перде ағза қалыпты күйге түскен кезде ол да қалпына келеді. Ал тұрақты түрде қатынас болған жағдайда иілгіш перде қынап тініне жабысып қалып қояды. Бұл дегеніміз қыздық перде жарылған жоқ. Кей әйел адамның қыздық пердесі иілгіш болмайды деседі сексопатолог дәрігерлер, мұндайда жасырын зорлық жасаудың қажеті жоқ, өйткені пердені күшпен жару салдарынан қынап жарақаттанып, соңы қайғылы болуы да мүмкін.

Ерте кездері қыз баласы 16-ға толмай жатып ақ күйеуге тиген және көпшілігінің ықтиярсыз болғанына, ағзасы қозып төсектес болмағанына заман куә. Бұндай жағдайда қыздық перде зорлықпен жарылады және әжептеуір қан ағады. Сондай-ақ қыздық перде сыртқы физикалық соққы алғанда да, физикалық жаттығуларды абайсыз жасағанда да жарылуы мүмкін.

Бүгінде төсек қатынасына қатысты сауаты аз адамдар «әйелдердің бәрі бұзылып кеткен» деп шала бүлінуі де осы түсінбеушіліктің салдары шығар. Құқық қорғаушылардың айтуынша жас отбасылар арасында осы тақырыпта болатын дау-жанжал жыл сайын көбейіп келеді.

Әйелдің бұзылуы деп талғамсыз, кездескен ер адаммен төсектес бола беретінін меңзейді. Алайда бұл жолды таңдағандарды «жезөкшелер» деп танимыз және көптеген әлеуметтік зерттеулер жезөкшелік жолға қыздардың көпшілігі өз еріктерімен бармағанын көрсетуде. Жезөкшелерді белгілі бір қылмыстық топтар басқарады. Бір тобы қыздарды алдап торға түсірсе, екіншісі тұтынушы жеткізіп береді, тағы бірі «тірі тауардың» бүлініп қалмауын қадағалайды. Ал, ол шеңберден шығып кетуге қыздардың батылы жетуі неғайбыл. Бақылаушы қылмыстық топ оны өлімші етіп жазалауы әбден мүмкін. Осы тақырыпта журналисттік зерттеулер, деректі фильмдер мен материалдар жеткілікті. Жезөкшелік - психологиялық ауырлығымен қатар, физикалық төзе алмаушылықпен де жалғасатын өте қиын жол. Бұл кәсіптен кету үшін адамға өте үлкен күш пен болашаққа сенім керек. Өкініштісі сол, көпшілігі қоғам өміріне икемделе алмай, қыршыннан қиылып жатады.

Бүтін отбасы - мемлекеттің бір байлығы. «Қыздық» мәселесіне әркімнің сауатты қарауы отбасының бейбіт келісімде өмір сүруіне ықпал етеді. Лайым жас шаңырақтар құламасын деп тілеймін.

Гүлжан Ізтай,

журналист, жазушы.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3277
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5734