ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ. ОЛ ҚАНДАЙ ҚОҒАМ?
Еліміздің алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылды. Алайда, бірнеше жылдан бері әлем мазасыз күй кешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілген жоқ және әлемдік қоғамдастық қысымдық турбулентті жағдайда тұр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында еңбек адамның еңсесін көтеретіндігі жөнінде аталы сөздер айтып, әркімнің еңбек етуіне жағдай жасау мәселесі тиянақталып, Үкіметке осы міндетті орындау үшін 20 тапсырма бергені белгілі. Елбасының тапсырмасын орындау барысында өмірге келген «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасының халық үшін берер жақсылығы өлшеусіз. Еңбек адамына мұндай жағдай әлемді қаржылық дағдарыс шарпып тұрған сәтте ешбір елде жасалынған емес. Бұл жөнінде талай биік мінбелерден аузы дуалы азаматтар және шетел сарапшылары сан мәрте айтты. Жұмыспен қамту бағытында ешбір елде мұндай бағдарлама қабылдаған емес. Еңбек адамына жасалынған қамқорлықты пайдалана білу маңызды.
Шынын айтқанда, қоғамда әлі өз орнын таба алмай еңбек етуге құлқы болмай жүргендер бар. Сондықтан да біздің басқарма жыл сайын бағдарламаны тұрғындар арасында түсіндіру, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу бағытында нақты шараларды жүзеге асыруда. Жұмыспен қамту бағыттары бойынша 3000 буклет, 2500 плакат және 570 әдістемелік нұсқаулар дайындап, барлық ауылдық округтерге жіберілді. Баспасөз беттерінде, телеарналарда, радио хабарларында басқарма қызметкерлері тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаның мәні мен маңызын білмейтіндер де табылды. Сондықтан да басқарма қызметкерлері және осы бағытта жұмыс істейтін аудандық буындар тұрғындар арасында жиі болып, игі бағдарлама әркімнің еңбек етуіне жол ашқандығын нақты мысалдармен түсіндіруден жалыққан емес.
Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға облыста 6708,9 миллион теңге бөлу қарастырылған. Осы жылдың 9 айында ол қаржының 91,3 пайызы игерілді. Бағдарламаның аясында үстіміздегі жылдың 1 қазанына дейін 8599 адаммен әлеуметтік келісім-шарт жасалынды. Жыл соңына дейін олардың қатарын белгіленген жоспар бойынша 14 мыңға жеткізу қарастырылып отыр. Бұл бағдарламаға өз бетімен жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар тартылды. Сонымен бірге, табысы аз, мүгедектер де осы бағдарламаның шарапатын көруде. Осы бағдарламаға қатысушылардың 44,6 пайызы жастар болса, 48 пайызға жуығы әйелдер. Шыны керек, тұрғындардың осы топтарының кейбіреулері тұрақты жұмыс істеуге мүдделі емес. Олар өздері тауып алған еңбек биржаларында тұрып бір сәттік жұмысқа жалдануды артық санайды. Оларға тұрақты еңбек етудің пайдалы жақтарын түсіндіре отырып, өзінің болашағы үшін бейнетінің зейнетін көруде тұрақты жұмыс орнының болуы аса маңызды екені түсіндірілуде. Қазір қалалар мен кенттерде еңбек биржаларында жұмыс іздеп тұрушылардың қатары біршама болса да азайғандығын айтуға болады. Үстіміздегі жылы 5482 адамды тұрақты жұмысқа орналастырдық.
Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
Бүгінде дамығандықтың іргелі көрсеткіштерін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттер көрсетіп отыр. Оған әлемдік ішкі жалпы өнімнің 60 пайыздан астамын өндіретін 34 ел кіреді. ЭЫДҰ-ға кіруге тағы 6 ел – Бразилия, Қытай, Үндістан,Индонезия, Ресей және Оңтүстік Африка Республикасы үміткер болып отыр. Ұйымға мүше барлық елдер терең жаңғыру жолынан өтті, инвестицияның, еңбек өнімділігінің, шағын және орта бизнесті дамытудың, халық өмірі стандарттарының жоғары көрсеткішіне ие болып отыр. Әлбетте, ЭЫДҰ елдерінің болашақ ұзақмерзімді қарқыны ескерілгендегі индикаторлары – жер жүзінің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жолындағы біздің базалық бағдарымыз осы.
Мен Қазақстанда ЭЫДҰ-ның бірқатар қағидаттары мен стандарттарын енгізу жөнінде міндет қойдым. Олар Тұжырымдама жобасында көрініс тапқан.
Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
Экономикада ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімін 4 пайыздан кем қылмау жоспарлануда. Инвестиция көлемін қазіргі 18 пайыздан бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 пайызына дейін ұлғайту керек. Экономиканың ғылыми қамтымды моделін енгізу Қазақстанның экспорттық әлеуетіндегі шикізаттық емес өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру мақсатын көздейді.
Экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап етеді. Ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызды. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек.
Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе – 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан халық құрылымында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге дейін өседі. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады.
Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
Саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады. Қазақстан медициналық туризмнің жетекші еуразиялық орталықтарының біріне айналады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталады.
Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі.
Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Біз мына басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешуіміз керек.
Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
Бірінші. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу маңызды. Мен Үкіметке 2016-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустрияландырудың Екінші бесжылдығы жобасы жөнінде бірқатар тапсырмалар бердім. Индустрияландыру басымдықтары санын шектеу керек.
Бізге дәстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды. Бұлар – біздің бәсекедегі табиғи артықшылықтарымыз. Бізге мұнай-газ секторының экспорттық әлеуетін сақтай отырып, басқару, өндіру және көмірсутектерді өңдеудің жаңа тәжірибелері керек. Мұнай мен газ өндірудің ықтимал сценарийлері бойынша түбегейлі шешімге келу керек. Сирек металдардың ғылыми қамтымды салалар – электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар салалары үшін маңыздылығын ескере отырып, оларды игеру ауқымын ұлғайту қажет.
Қазақстан геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарыққа шығуға тиіс. Тиісті заңнаманы жеңілдете отырып, бұл салаға шетелдік инжинирингтік компаниялардан инвестиция тартқан жөн. Жалпы, дәстүрлі салаларға қатысты біздің оларды дамыту жөніндегі бөлек жоспарларымыз болуы керек. Әрбір келесі бесжылдықтың нақты нәтижесі экономиканың жаңа салаларын қалыптастыру болуға тиіс. Бірінші бесжылдық аясында автомобиль және авиақұрастыру, тепловоз, жолаушылар және жүк вагондары өндірісі жолға қойылды. Оларды кеңейтіп, сыртқы нарықтарға шығару керек.
Сонымен, 2050-ге дейінгі қалған жылдар жеті бесжылдыққа бөлінеді, олардың әрқайсысы бір мақсат – дамыған 30 елдің қатарына кіру мәселесін шешеді.
Екінші және одан кейінгі бесжылдықтарда мобильді, мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот техникасы, гендік инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашудың негізін салған жөн. Мемлекет жұмысының негізгі бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ. Таяудағы 10-15 жылда ғылыми қамтымды экономикалық базис жасау керек, онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз. Мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады.
Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
Екінші. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек.
Бірінші кезекте, әсіресе баға қалыптастырудың ашық механизмдері арқылы тиімді жер нарығын құру маңызды. Ауылшаруашылық жерлерін инвестиция тарту және озық технологиялар енгізуді ескеріп жалға бергенде ғана бәсеке күшейеді. Ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы үдерісіне, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергіні жойған жөн.
Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
Болашақ – аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы қолдауға тиіспіз. Фермерлер ұзақмерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз, тікелей шыға алатын болуға тиіс. Ауыл өндірушілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құру да өзекті мәселе.
Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс. Егін шаруашылығында суды көп қажет ететін тиімділігі төмен дақылдар көлемін қысқарту, оларды көкөніспен, майлы және азықтық өнімдермен алмастыру жолына бет бұру керек. Агрохимикаттарды тиімді тұтынудың, қуаң жерлерде топырақты нөлдік өңдеудің заманауи технологиялары мен өзге де инновацияларды қолдануды кеңейтудің кешенді шаралары қажет.
«Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі қабылданған тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай егіс алқаптарының 15 пайызы суды үнемдеу технологияларына көшірілетін болады. Біз аграрлық ғылымды дамытып, сынақтық аграрлық-инновациялық кластерлер құруымыз қажет. Уақыт көшінен қалмай, табиғи азық-түлік өндірумен қатар құрғақшылыққа төзімді гендік-модификацияланған өнімдер өндірісін де жүргізу маңызды. Айтылған міндеттерді ескере келіп, Үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарына түзету енгізуді тапсырамын.
Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
Үшінші. Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн. Үкіметке биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін тиісті заң жобалары топтамасын әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізуді тапсырамын. Ғылымды қаржыландыру көлемін біртіндеп арттырып, оны дамыған елдердің көрсеткіштеріне жеткізу жөнінде нақты жоспар қажет.
Шетелдерден инвестиция тартуды толықтай елімізге білім мен жаңа технологиялар трансферттеу үшін пайдалану керек. Шетелдік компаниялармен бірлесіп, жобалық және инжинирингтік орталықтар құру қажет. Бізге ірі мұнай-газ және тау-кен металлургиялық нысандарында жұмыс істейтін жетекші трансұлттық компанияларды олар осында өз қажеттілігі мен сервисін қамтамасыз ету үшін өндірістер құруға шақырғанымыз жөн. Мен кейбір ірі компаниялардың бұған дайын екендігін білемін. Үкімет осы мәселені қайта пысықтап, қажет болған жағдайда бұл үшін барлық жағдайды жасағаны жөн. Жабдықтарды өз елімізде өндіруімізге де болатын кезде шет елден тасымалдаудың қажеті жоқ.
Ұлттық инновациялық жүйенің, оның негізгі институттарының тиімділігін арттыру маңызды. Олардың белсенділігін стартаптарды және венчурлік мәмілелердің бастапқы кезеңдеріне қолдау көрсетуге бағыттаған жөн. Ірі қалалық агломерациялардағы, әсіресе Астана мен Алматыдағы технологиялық парктердің жұмысын жандандыру керек. Алғашқы зияткерлік-инновациялық кластер қазір Астанадағы Назарбаев университетінің арқауында табысты жұмыс істеуде. Ал Алматыда мұндай кластер – «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі. Технопарктерде қазақстандық ірі компаниялардың қосалқы өндірістерін орналастыру үдерісін ынталандыру шараларын ойластыру маңызды.
Төртінші. Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету керек. Агломерациялар – Қазақстанның ғылыми қамтымды экономикасының ұстыны. Елдің орасан зор аумағын, халықтың орналасу тығыздығының төмен екенін ескерсек, агломерациялар қалыптастыру мен дамыту – маңызды мәселе. Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтары ірі қалалар – Астана мен Алматы, одан соң – Шымкент пен Ақтөбе болады. Олар халықтың және инвестициялардың шоғырлану орталықтарына айналады, сапалы білім беру, медицина, әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетеді.
Көлік инфрақұрылымы – индустриялық экономика мен қоғамымыздың тамырына қан жүгіртетін жүйе. Сапалы заманауи магистральдарсыз дамыған ел болмайды деп мен талай рет айттым. Бұған қоса, Қазақстанның қатынас жолдары оның Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасында орналасуы тұрғысынан маңызды мәнге ие. Елде жолдар желісін жасау үшін біз «Астана – Қарағанды – Алматы», «Астана – Павлодар – Өскемен», «Алматы – Қапшағай – Өскемен» автожолдарын салуды бастадық. Осы бағыттар бойынша пойыздар қазірдің өзінде екі есе жылдам жүріп жатыр.
Логистикалық қызмет көрсету секторын дамыту қажет.
Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
Ең алдымен біздің жүктерімізді тасымалдау үшін Кеден одағы аумағын барынша пайдалану туралы сөз болып отыр. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің құрылысы да аяқталуға таяу, Парсы шығанағына шығу үшін Түрікменстан мен Иранға теміржол тартылды. Келешекте Қазақстан теңізге шығатын жолдары бар елдерде логистика орталықтарын құруға инвестиция салуға тиіс. Жүктерді кедендік өңдеу мерзімдерін қысқартып, шекара өткелдерінің өткізу мүмкіндігін арттырып, Ақтау портының қуаттылығын күшейтіп, экспорт-импорт операцияларының ресімдерін жеңілдету керек.
Біз ұзындығы 1200 шақырым болатын Жезқазған – Шалқар – Бейнеу жаңа теміржолын салып жатырмыз. Ол орталықтың көптеген аудандарына жан бітіріп, елдің шығысы мен батысын тікелей байланыстырады. Бұл орасан құрылыс 2015 жылы аяқталады. Бұл магистраль Каспий мен Кавказ арқылы Еуропаға шығуға мүмкіндік береді. Ал шығыста Тынық мұхиттағы Ляньюньган порты арқылы шығамыз,бұл жөнінде ҚХР-мен келісім бар.
Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
Біз энергетиканың дәстүрлі түрлерін дамытатын боламыз. Жылу-электр стансаларынан шығатын қалдықтарды тазарту жөніндегі ізденістер мен жаңалықтарға, өндіріс пен тұрмыста жаңа технологиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеуге қолдау көрсету қажет. Таяуда Еуроодақтың ірі компанияларының алғашқы ондығы Еуроодақтың әйгілі жасыл экономика тұжырымдамасы негізінде қабылданған энергетикалық стратегиясына қарсылығын жариялады. Еуроодақ оны жүзеге асырған төрт жылда 51 гигаватт энергия қуатын жоғалтты. Жасыл экономика бағдарламасымен жұмыс жүргізе отырып, біз осы қателікті ескеруіміз керек.
Астанадағы Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты болашақтың энергиясын іздеу және жасау жөніндегі озық әлемдік тәжірибені зерделеу мен енгізу орталығын құру үшін пайдалану керек. Мамандар тобы Назарбаев университетінің қолдауымен осы жұмысқа кірісуге тиіс. Біз қоғамдық көлікті отынның экологиялық таза түрлеріне көшіруге, электромобильдерді енгізуге және олар үшін тиісті инфрақұрылым қалыптастыруға жағдай жасауымыз керек. Еліміз бензинді, дизель отынын, авиация керосинін молынан өндіруді қажет етіп отыр. Жаңа мұнай өңдеу зауыттарын салу қажет.
Сонымен қатар, ядролық энергетиканы дамытудың келешегін ұмытпау керек. Әлемнің таяудағы даму келешегінде арзан атом энергиясына деген қажеттілік өсе түсетін болады. Қазақстан – уран өндіруде әлемдік көшбасшы. Біз АЭС отыны үшін төл өндірісімізді дамытып, атом стансасын салуға тиіспіз.
Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
Бесінші. шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Мұндағы менің ұстанымым айқын екенін білесіздер, оны талай айтқанмын. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі. Бізде шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам субъектісі бар, онда 2,4 миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді. Бұл сектордағы өнім көлемі төрт жылда 1,6 есе өсті және 8,3 млрд. теңгені құрап отыр.
Жаһандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі. Оны дамыту үшін жеке меншік институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс.
Шағын бизнесті мамандандыруды келешекте оларды орта деңгейге көшіру перспективасымен дамыту шараларын қабылдау маңызды болмақ. Осы сектор субъектілерінің банкроттығының айқын тетіктерін енгізген жөн. Шағын және орта бизнес жаңа инновациялық кәсіпорындар төңірегінде дамуға тиіс. Мен Үкіметке индустрияландырудың екінші бесжылдығы жоспарын «Бизнес-2020» жол картасымен үйлестіруді тапсырдым. Үкімет Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмысын жаңа бастаған бизнесмендерге әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін жасауы керек.
Алтыншы. Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар.
Бұл үшін біз не істеуіміз керек?
Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.
Таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек. Үкімет пен әкімдер осы міндетті орындау үшін бюджет қаражатының бөлінуін қарастырғаны жөн. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет. Үкіметке 2014 жылғы 1 маусымға дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын.
Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
Жетекші университеттерді академиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп көшіруге жоспарлы түрде кірісу қажет. Үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет деп санаймын. Үкіметке 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендиялар мөлшерінің 25 пайызға өсірілуін қамтамасыз етуді тапсырамын.
Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
Екіншіден, денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі – медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі.
Үшіншіден, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін берген жөн. Мәдени саясаттың ұзақмерзімді тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек.
Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Олардан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.
Төртіншіден, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттерін қайта қарастырған жөн. Үкіметке азаматтық қызметшілер еңбекақысының жаңа үлгісін әзірлеуді және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап енгізуді тапсырамын. Ол қызметкерлердің еңбекақыларын денсаулық сақтау саласында – 28, білім беру саласында – 29, әлеуметтік қорғау саласында 40 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Бесіншіден, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Мен барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесіңіздер деп тағы да айтқым келеді. Сондай-ақ, 5-10 адамға арналған арнайы квотаны енгізу мүмкіндігін қарастыруға болады.
Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады. Біздің барлық әлеуметтік институттар, үкіметтік емес ұйымдар, «Нұр Отан» партиясы осы жұмысты қолға алғандары жөн. Егер қажет болған жағдайда Үкімет бұл мәселені барлық компаниялармен бірлесе пысықтап, тиісті шешім қабылдауы керек. Мүгедектігіне және асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы көлемін Үкіметке 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайызға арттыруды тапсырамын. Мүгедектер бірлестіктері қызметінің құқықтық базасын жетілдірген жөн.
Үкіметтен бастап жергілікті әкімдерге дейінгі барлық мемлекеттік органдардың олармен жұмысын күшейткен маңызды. Кедейлік деңгейін одан әрі төмендетіп, жұмыссыздықтың өсуін тежеген жөн. Бұл ретте масылдық пиғылдың өрістеуіне жол бермеу маңызды.
Мемлекеттік көмек алушылардың барлығы үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделуге көмектесетін бағдарламаларға міндетті қатысу туралы ереже енгізу керек.
Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
Жетінші. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдері керек. Заң алдындағы теңдік құқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс.
Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс.
Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру.Әкімшілік реформа қажетсіз қағазбастылық пен құжат айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс. Халық алдында есептілігін арттырып, нәтижеге деген жауапкершілігін күшейте отырып, жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру керек. Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, биылғы 1 шілдеге дейін осы айтылған барлық мәселелер жөнінде кешенді ұсыныстар енгізуді тапсырамын.
Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуді жалғастыру қажет. Үкіметке «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің еңбекақысын 2015 жылғы 1 шілдеден бастап – 15 пайызға, ал 2016 жылғы 1 шілдеден бастап – тағы 15 пайызға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.
Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»
Мемлекетіміз бен қоғамымыз алдында тұрған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолындағы нақты міндеттер осындай. Біздің алдымызда оларды заң жүзіне және нақты шешімдерге айналдыру міндеті тұр.
Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Мемлекет басшысы – ұлтымыздың көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам – әлеуметтік модернизацияны іске асыру бойынша 20 қадам» бағдарламалық тапсырмасымен сөз сөйледі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылында әлеуметтік мемлекеттің берік қамалы құрылды. Осы жылдар бойы еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев әлеуметтік мәселелерге, құрметті отандастар Сіз бен біздің өмірімізге аса көңіл бөледі.
Бірақ, өмір бір орында тұрған жоқ және жетістігімізді қанағат етіп отыра бермеуіміз керек. Қазіргі уақытта еліміздің алдында жаңа әлеуметтік саясат, жаңа перспективалар ашылды.
Қазақстанның индустриалды дамудың жаңа қарқынына көшу жағдайында еуразиялық кеңістікте тұрақсыздық сақталған әлемде әлеуметтік саясат аса маңыздылық танытады. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмалардың жалғасы Мемлекет басшысының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына көшуі болып табылады.
Қазақстандағы әлеуметтік жаңғырту Бірыңғай Экономикалық кеңістік шеңберіндегі интеграциялық үдерістер аясында жүруде. Бүгінгі күні біз Қазақстанның орта еуропалық елдердің сапалы деңгейіне жетіп қалғанын мақстанышпен атап өтеміз. Бұл зейнетақы, банк, несие-қаржы жүйелері, ТКШ, ішінара білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларына қатысты. Біз көп жағдайда масылдық деңгейін төмендеттік. Сондықтан Қазақстанға, әлеуметтік реформалардың көшбасшысы ретінде, өзіне бастамашылдық алып, біздің еуразиялық интеграция бойынша барлық әріптеріміз үшін тартымды болып табылатын әлеуметтік жаңғыртудың біртұтас моделін жасау маңызды.
Осыған байланысты, Президент Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам – әлеуметтік модернизацияны іске асыру бойынша 20 тапсырма берілді.
Әзірленген жоспармен әлеуметтік-еңбек саласындағы заңнамаларға түгендеме жүргізу және оларды жетілдіру бойынша Концепция әзірлеу көзделеді. Кәсіптік жұмыс күшінде индустриалды экономиканың қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы біліктіліктің ұлттық жүйесінің негізгі элементтерін әзірлеу және бекіту жоспарлануда. Еңбек жағдайын жақсарту және өндірісте жарақаттануды төмендету мақсатында кәсіпорын және кәсіптік тәуекел басқарма қызметкерлерін өз еркімен декларациялау қаралып жатыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылы еңбек құқықтарын бұзушылық тәуекелін алдын ала ескерту үшін Концепция әзірленетін болады, онда кәсіпорындарда еңбек заңнамасының сақталуына кенеттен тексеріс жүргізу, еңбек дауларын әдейі туындатуға, ереуілге мұқтаждауға, еңбек ақысын уақытында төлемеуге, ұжымдық шарттарды орындамау және басқа да құқық бұзушылыққа жауапты тұлғаны бекіту көзделген.
Өмір сапасының қазақстандық стандартын жетілдіру бөлігінде ағымдағы жылы халықаралық эксперттердің қатысуымен төменгі әлеуметтік стандарттар: күн көріс минимумы, ең төменгі еңбек ақысы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер жүйесін жетілдіру бойынша Концепциясын дайындау жұмыстары тұр.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес көп балалы жанұяларды әлеуметтік қолдаудың шараларын кеңейту бойынша ұсыныстар әзірленетін болады, ол өндірісте жанұялық міндеттерін белсенді қамтуға әсерін тигізеді. «Мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды форматта көрстеу туралы» ҚР Заңын, «Ақпаратты Қазақстан – 2030» Мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жоспарлануда.
Әлеуметтік заңнамалардың алдымызда тұрған жаңарулары әлеуметтік модернизация принциптеріне негізделеді, ең алдымен, даму деңгейіне және қазақстан экономикасының мүмкіндіктеріне сәйкесті болады.
Жоспарлы іс-шаралар арқасында біздің еліміз халықаралық деңгейде одан әрі дамитына сенімдімін, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ барлық қазақстандықтардың, ең алдымен жастардың Президенттің тапсырмасын іске асыруда белсене қатысуы, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.
Жүргізілетін жұмыстар
Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес мақсатты жұмыстар жүзеге асырылуда.
Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңғырту мақсатында білім берудің интерактивтік түрлері кеңінен пайдаланылып, онлайн режимінде дәрістер, сабақтар, семинарлар өткізілуде. Қазіргі таңда облыс мұғалімдерінің 35%-ға жуығы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларымен жұмыс жүргізеді.
Облыстық білім басқармасы мен оқу-әдістемелік кабинетінің арнайы сайттары ашылып, педагогтарға виртуалдық режимде арнайы қашықтықтан оқыту курстары, виртуалды тренингтер ұйымдастырылуда.
Биылғы оқу жылында 6 үздік мұғалімнің сабақтары республика көлемінде өткізілетін он-лайн режиміндегі интерактивті сабақтар кестесіне енгізілді. Облыс көлемінде ең үздік мұғалімдер әр ай сайын онлайн режимінде оқытудың жаңа технологиялары бойынша сабақтар өткізеді.
Білім беру қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы оқу жылынан бастап облыстағы 45 білім нысанында e-learning электронды оқыту жүйесі енгізіледі.
Сонымен қатар, осы оқу жылынан бастап 3 мектеп (облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты, облыстық «Дарын» мектеп-интернаты, Тараз қаласындағы №1 гимназия) «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» озық тәжірибесін таратуға арналған эксперимент алаңы болып бекітіліп, он-лайн режимінде зияткерлік мектептерімен тәжірибе алмасып, мұғалімдер мен мектеп басшылары үшін тренингтер, семинарлар жүргізілуде.
2012-2013 оқу жылынан бастап облыстағы барлық гимназиялар мен мектеп-гимназияларда, лицейлерде оқу жоспарының вариативті компоненттін есебінен «Акмеология»», «Қазақстан құқығы» және«Өлкетану» атты таңдау курстары енгізілді.
«Үш тұғырлы білім беруді» жүзеге асыру мақсатында осы оқу жылынан бастап 4 мектептереспубликалық деңгейде (Талас ауданындағы А.Байтұрсынов, А.Пушкин атындағы және Тараз қаласындағы №7, 53 мектептерде) ағылшын тілі эксперимент ретінде 1-сыныптан бастап «Кембридж Университетінің» оқулықтарымен оқуды бастады. Облыстың жаңа типті мектептерінде ағылшын тілі 1 сыныптан бастап оқытылуда.
Сондай-ақ, «2012-2013 оқу жылына арналған мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығы мен оқыту сапасының деңгейін арттыру бойынша қадамдық іс-қимыл жоспары» бекітіліп, жаңа оқу жылынан бастап жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Аталған жоспарға сәйкес 2012 жылғы ҰБТ-де республикалық орташа көрсеткіштен төмен нәтиже204 орта мектептің 11 сыныптарына негізгі пәндерден (қазақ тілі, орыс тілі Қазақстан тарихы, математика) сабақ беретін 898 мұғалім және 2623 бітіруші тестинг-бақылауға қатысатын болады.
Тестинг-бақылау ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен бастап он-лайн режимінде жүргізілуде. Тест тапсырушының тестинг-бақылаудың нәтижесімен танысуына толық мүмкіндігі бар. Ал, оның нәтижесін білгісі келген кез-келген тұлға базалық мектептегі скайп-адресінен көре алады.
Елбасының бағдарламалық мақаласында «орта білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсарту жөнінде шаралар атқару қажет» деген тапсырмасын орындау мақсатында, облыста ағымдағы жылдың тамыз айында «Білім беру менеджерлерінің клубы» құрылып, өз жұмысын бастады. Клуб отандық, шетелдік білім беру жүйесінің жетістіктерін тарату, мектеп басшыларының резервін құру, білім мекемелері басшыларының корпусын қалыптастыру, оларға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарымен айналысатын болады.
Жақында ғана Тараз қаласындағы №5 мектеп-гимназиясына конкурстық негізде тағайындалған директорды клуб мүшелері кадрлар резервінен ұсынды. Осы жылдың 21 ақпанында Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау туралы» жаңа Қағидаға сәйкес 8 мектептің директорына облыстық білім басқармасының келісімі берілді (Байзақ – 1, Жамбыл -1,Т.Рысқұлов – 3, Тараз – 3).
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында қосымша білім беру ұйымдарының желісі артуда. Биылғы оқу жылында 3 техникалық шығармашылық орталықтарыашылып, 2 мыңға жуық оқушы қосымша біліммен қамтылса, облыс әкімдігінің қолдауымен демеушілер есебінен ашылған спорт алаңдары мектеп жасындағы балалардың 2,8%-ы бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.
Кәсіптік-техникалық білім беру сапасын жақсартуды талап ету – білім басқармасының басты назарында. Кәсіби білім беруді дамыту мақсатында биылғы оқу жылында 3 колледждеэксперименталдық алаң ретінде дуалдық оқыту жүйесі енгізілді.
Кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің санын оңтайландыру және кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету мақсатында колледждерді квалификациялық талапқа сәйкестендіру жұмыстарына бақылау орнатылды. 2012 жылы мемлекеттік аттестациялау қорытындысы бойынша 2 колледж (мемлекеттік №12 «Тараз» колледжі, мемлекеттік емес «Білім» колледжі) қайта аттестаттауға қалдырылды.
Кәсіби біліктілікті жетілдірудің ұлттық жүйесін құру мақсатында «Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналаған іс-шаралар жоспарының115 пунктіне сәйкес кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша Атырау қаласында мұнайгаз саласы үшін, Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы үшін 2 өңіраралық орталықтар ашылды. Алдағы уақытта Өскемен қаласында машина жасау саласы үшін, Шымкент қаласында өңдеу саласы үшін 2 өңіраралық орталықтар ашылады. Облыстағы колледждердің оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері кәсіби біліктіліктерін жоғарыда аталған орталықтарда арттыратын болады.
Колледж түлектеріне арналған біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру жөніндегі жұмыстар әр сала бойынша салалық министрлік пен ірі қазақстандық компаниялар тарапынан жүргізіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі мұнай-газ саласындағы мамандардың біліктілігінің сәйкестігін растау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, «KazEnergy» қауымдастығы базасында пилоттық режимдегі тәуелсіз орталықтарды құру жұмыстарын жүргізуде.
Облыстық білім басқармасы Ұлт Көшбасшысының бағдарламалық мақаласында орта және кәсіптік-техникалық білімді дамыту бағытында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында жоспарлы жұмыстарын жалғастыра беретін болады.
Баршаңызғы белгілі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тұжырымдамасын жария етті. Тұжырымдамада халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылып, Үкімет алдына таяу мерзімде жүзеге асыру үшін 20 тапсырма жүктеді. Елбасы тапсырма беріп қана қоймай, қазіргі кездегі қоғамдық қатынастарға терең талдау жасады. Тапсырманың орындалуы бойынша Елбасы ай сайын сараптама жасап отыратындығын да нақты айтты.
Осы тапсырма арқылы Елбасы біздің қоғамда азаматтарды еңбекпен қамту, жұмыспен қамту қазіргі ең басты міндеттердің бірі екенін атап көрсетті. Елбасы бұл істі шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту арқылы шешуге болатындығын баса айтты.
Енді, сол тапсырмаларға тоқталып өтсек.
Тұжырымдамадағы 1,2,3 тапсырмаларға орай орталық мемлекеттік органдарға елімізді әлеуметтік дамытудың жалпыұлттық Тұжырымдамалық Жоспарының жобасын әзірлеуді жүктеді. Біз осы жоспарды орындау бойынша нақты іс-шараларды атқаратын боламыз.
Ал, құжаттағы 4, 5 тапсырмаларда аталып өткендей әлеуметтік еңбек қатынастарының тиімді модульдерін қалыптастыру қажет. Сондықтан өзін өзі жұмыспен қамтыған белсенді халықтың жағдайын және еңбекпен қамту саласының мүмкіндіктерін саралай отырып, жұмыспен қамтуға қарай ойысу, жұмыссыздық деңгейін айқындаудың әдісін жетілдіру керек.
Ал, 6-шы тапсырмада Үкіметке 2020 жылға дейінгі біліктіліктің ұлттық жүйесінкезең-кезеңімен әзірлеу Жоспарын дайындап, қабылдауды; ЖОО-лар мен колледждер түлектері үшін біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды белсендірек жүргізуді тапсырды.
Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындау қажет. Сондықтан біліктіліктің ұлттық жүйесін (БҰЖ) құру жөніндегі барлық жұмыстарға барынша екпін берілуі қажет. Олар тек нормативтік маңызға ие болып қана қоймай, сонымен қатар, әрбір кәсіп үшін «жол картасы» да болуы қажет.
7-ші тапсырма
Үкіметке «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңға және Еңбек кодексіне кәсіпорындарға тексеру жүргізу бөлігінде ратификацияланған ХЕҰ Конвенциясына сәйкес өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы; Еңбек, Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге еңбек дауларын әдейілеп туындатқаны үшін жауапкершілік жөніндегіережені енгізу туралы; әлеуметтік өштесуді қоздырғандығы, ереуілге мәжбүрлегендігі, еңбекақыны дер кезінде төлемегендігі, ұжымдық шартты орындамағандығы және басқа да құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы мәселелерді қарау тапсырылды.
Осыған орай, еңбек дауларының алдын алу, ескеру және реттеу қажет. Әсіресе,бүгінде өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бақылау жұмыстарын күшейту, әлеуметтік-еңбек дауларын туындатқаны үшін құқықтық жауапкершілікті қолға алуды енгізу қажет. Сонымен қоса, не Еңбек, не Әкімшілік, не Қылмыстық кодекстерде еңбек дауларын туындатқаны үшін жұмыс берушілер, жауапты және басқа да тұлғаларды жауапкершілікке шақыру баптары қарастырылатын болады.
8-ші тапсырма
ҚР Үкіметіне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп, акционерлендірілген ұлттық компанияларға жүйелі түрде алдын ала экономикалық және заңгерлік аудит жүргізуді, олардың нәтижелерін әлеуетті миноритарийлерге жеткізуді қарастыра отырып, «халықтық ІРО-ның» тұңғыш тәжірибесіне кең көлемді талдаулар жүргізуді; медиация институтын дамытуға бағытталған заң аясындағы құқықтық базаның қабылдануын қамтамасыз етуді; даулар мен жанжалдарды соттан тыс реттеудің осы тетіктерін дамыту мақсатындаМедиаторлардың ұлттық конференциясын өткізуге бастамашылық таныту жөнінде тапсырма берді.
Осы орайда еңбек қатынастары саласындағы қарама-қайшылықтарды реттеудің тиімді көп деңгейлі тетіктерін құру қажет.
Еңбек дауларының негізгі себептері ретінде екі мәселе атап көрсетілді: бірінші – жұмысшылардың кәсіпорынды басқару мәселелерінен шеттетілуі, екінші – даулар мен жанжалдарды соттан тыс реттеу тетіктерінің әлсіздігі.
9-шы тапсырма
Елбасы Үкіметке жыл аяғына дейін кәсіптік одақтар туралы заңнаманы кешенді талдаудан өткізіп және оны өзгерту жөніндегі заң жобасын жасауды міндеттеді.
Бұл ретте кәсіптік одақтар институттарын жаңғырту жұмыстары атқарылатын болады.
Елбасы мемлекеттің еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелеріндегі негізгі әріптестерінің бірі – кәсіподақтар екендігін атап айтты.
10-шы тапсырма
ҚР Үкіметіне ең төменгі әлеуметтік үлгі-қалыптар мен кепілдіктерді енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Қазақстандағы әлеуметтік жаңғырту бәрінен бұрын барлық қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға, кедейлердің санын азайтуға және әлеуметтік дүбәралыққа жол бермеуге бағытталуы керек. 2020 жылға қарай экономиканың өсуі ғана емес, әлеуметтік құрылымның ауқымды өзгеруі орын алатындықтан да бұл өте маңыздылығын айтты.
Бұл орайда көшбасшымыз әрбір қазақстандық өзінен бастауы керек: өзінің үйінен, қаласынан, ауылынан бастауы, өзінің денсаулығы мен өмір сүру салты туралы ойлануы керек екенін, мұнсыз ешқандай жаңа өмір сапасы орнау мүмкін еместігін басымдықпен айтты.
11-ші тапсырма
Үкіметке жалдамалы тұрғын үй нарығын одан әрі дамыту және жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру жөніндегі ұсыныстарды талдап-жасауды және енгізу жөнінде тапсырма берілді.
Ең біріншіден тұрғын үй жағдайының үлгі-қалыптары- қолжетімділік пен жайлылық.
Тұрғын үй, үй, пәтер – әрбір қазақстандық үшін бірінші дәрежелі мәселе, мұның өзі жеке бастың өмірі мен отбасындағы жақсы ауанның сенімді негізі, бұларсыз әл-ауқат пен өнімді еңбекке атымен қол жетпейді.
Сондықтан Елбасы тапсырмасы бойынша қазірдің өзінде «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» және «ТКШ-ны жаңғырту» атты жаңа ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ал, оның үстіне жалдамалы тұрғын үй нарығын дамыту мақсатында заңнаманы жетілдіріле түсетін болады.
12-ші тапсырма
ЖОО-лардың санын оңтайландыру және кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз етпейтін білім беру мекемелерінің лицензияларын қайтарып алу жөніндегі жұмысты жалғастыру.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, 2014 жылдан бастап еңбек нарығын дамытудың бес жылдық болжауларын талдап-жасауды қамтамасыз ету бағдарламасын дайындауда.
Білім беру жүйесіне Қазақстан тұрғындарының үштен бір бөлігіндейі тартылған. Мұндағы ең маңыздысы біздің балаларымыздың нақ осы білім беру жүйесінде өсетіні, қалыптасатыны және есейетіні. Сондықтан да бүкіл жаңғырту үдерісінің табысқа жетуінің түйінді факторы ұлттық білім беру жүйесін жаңартудың табысты өтуі болып табылады.
Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүргізілгендігі жөн деп есептейді:
1. білім беру мекемелерін оңтайландыру;
2. оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту;
3. білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.
13-ші тапсырма
2013-2014 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептердегі оқу үдерісінде білім берудің интерактивті түрлерін пайдалануды кеңейтуді және онлайн-оқытудың арнаулы оқу бағдарламаларын енгізуді; Қазақстан тарихы бойынша оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талдаудан өткізіп, оқу орындарындаҚазақстан тарихын оқытудың мазмұны мен пішінін өзгерту жөнінде іс-шараларды жүзеге асыру; орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында«Акмеология, жеке және әлеуметтік табыс негіздері», «Қазақстан құқығы», «Өлкетану» сияқты міндетті оқу курстарын енгізу жөнінде ұсыныс енгізу.
14-ші тапсырма
Егер медицина қызметкері тарапынан салақтықпен немесе жүрдім-бардым қарау болмаса, азаматтың денсаулығына нұқсан келтіргені үшін дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті түрде қамсыздандыруды енгізу жөніндегі мәселені талдап-зерттеу; жыл аяғына дейін емдік құралдарды пайдалануға қатыстытұрғындардың хабардарлығы деңгейін арттырудың пәрменді тетіктерін енгізу.
Бұл орайда әрбір қазақстандық үшін басты құндылық – өзінің денсаулығы болуы тиіс. Елбасы тарапынан а Тәуелсіздіктің барлық жылдарында халық денсаулығына бөлекше көңіл бөлінуде.
15-ші тапсырма
Оқушылар үшін оқудан тыс спорт секцияларын бюджеттік емес қаржы көздерінен қаржыландырудың тетіктерін енгізуді қамтамасыз ету; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен әріптестіктің жаңа түрлерін талдап-жасау.
Сондықтан Елбасы әрбір қазақстандық саламатты өмір салтынсыз, қимыл-қозғалыссыз және спортсыз ұзақ өмір сүру мүмкін емес екенін білуге тиіс екендігін атап өтті.
Әрбір елді мекенде, соның ішінде ауылдық жерлерде, сондай-ақ әрбір мекеме мен кәсіпорында белсенді демалысты, дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамыту үшін бірте-бірте жағдай жасау қолға алынатын болады.
16-шы тапсырма
Ұлттық лотереяны дамыту жүйесінің жаңа тиімді моделін әзірлеу; қазақстандық командалардың шет елдер чемпионаттарының жоғары лигаларына қатысуын ұлғайту жөнінен ұсыныстар енгізу. Сонымен бірге құзырлы органдарға мамандандырылған спорттық теледидар арнасын құру жөнінде ұсыныс енгізу тапсырылды.
17-ші тапсырма
«Әлеуметтік жұмыс орындары туралы» арнайы заңды әзірлеу туралы; Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп ата-аналардың балаларының балабақшаларда болуын төлеу жөніндегі шығындарының, олардың отбасындағы санына байланысты, бір бөлігіне өтемақы төлеуді, бала күтімі бойынша демалыстан соң қайтадан жұмысқа шыққан әйелдерге мемлекет есебінен біліктілігін арттыру және қажетті жаңа мамандық алу мүмкіндіктерін, ҚР Салық кодексіне көп балалы отбасылар үшін табыс салығы бойынша жеңілдіктер туралы ережелерді және басқаларды заңды тұрғыда реттеу мәселелерін қарастыру тапсырылды.
Сондай-ақ, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңеспен бірлесіп,«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңына жас маманның мәртебесін құқықтық айқындау, оның ең төменгі әлеуметтік пакеті және басқа да мәселелер бойынша өзгерістер енгізу туралы заңды қарастыруды; жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға және индустрияландыру бағдарламасына қатысуғаынталандыру мен тартудың нақты шараларын әзірлеу арқылы көпбалалы отбасыларды қамқорлық көрсету, жастарды қолдау, көтермелеу, белсенділігін арттыру шараларын қарастыру тапсырылды.
18-ші тапсырма
«Ақпараттық Қазақстан-2030» Мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеп, енгізу; «Мемлекеттік қызметтерді электронды пішінде көрсету туралы» заңжобасын әзірлеу; мемлекеттік қызметтер ұсыну үлгілерін және олардың орындалуына бақылау жасау жүйесін құру; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп «электронды әкімдіктің» облыс, қала, аудан үлгісіндегі үш деңгейлі бірүлгілік сызбасын құру жөнінен ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Сонымен бірге 2012-2013 жылдары Қазақ ұлттық электронды кітапханасының қорын ұлғайтуды қамтамасыз ету; журналистердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп Журналистік этика кодексінің жобасын әзірлеу; отандық БАҚ-тарды жаңғырту жоспарын әзірлеу міндеті жүктелді.
19-шы тапсырма
Еңбекке, адал кәсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын отандық әлеуметтік мәдени өнімдерді жаңғыртудың салалық бесжылдық жоспарын әзірлеп, қабылдау, «Бұқаралық іс-шаралар өткізу туралы» заң жобасын Парламентке ұсыну; мемлекеттік ұлттық, кәсіптік және басқа да мерекелерді тойлау тұжырымдамасын жаңарту; бұқаралық іс-шаралар өткізудің бірүлгілік ережесін бекіту; Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдерімен бірлесіп облыстар арасындағы ақпараттар және мәдени жетістіктер алмасуды күшейту, өзара «облыс аптасын» тұрақты өткізу,әлеуметтік бұқаралық іс-шаралар өткізу моделін әзірлеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
20-шы тапсырма
2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік үдерістерді мемлекеттік басқару жүйесінің, жоспарлау, үйлестіру, сараптамалық жолбасшылық, үкіметтік емес сектормен әріптестік және басқа да мәселелерді қоса алғанда, тиімділігін арттыру жөнінен кешенді ұсыныстар енгізу; азаматтық қызметті заңдық реттеу мәселесін зерттеу;Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлеу тапсырмасы.
Әділ Назарұлы
Abai.kz