Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5812 0 пікір 30 Қазан, 2015 сағат 15:03

САХАРОВ СЫЙЛЫҒЫ САУДИЯЛЫҚ БЛОГЕРГЕ БЕРІЛДІ

Сауд Арабиясында қамауда жатқан блогер Раиф Бадауи Еуропа Одағының ой еркіндігі үшін берілетін Сахаров атындағы сыйлығына лайық деп танылды. Бұл шешімді бейсенбі күні Еуропа парламентінің жетекшілері шығарды.

Бадауи 2012 жылы «дінге тіл тигізді» және «әкесіне бағынбады» деген айыппен қамалып, 2014 жылы 10 жылға сотталған. Джидда соты оған қосымша жаза ретінде «266 мың доллардай айыппұл салынсын, 1000 рет дүре соғылсын» деп шешкен.

Бадауидің бұлай жазалануына оның саудиялық діни жүйені сынап, өзгеріс керек деп жазған блогы себеп болған. АҚШ-тың араб әлеміндегі ең жақын одақтасы болып саналатын Сауд Арабия патшалығы консервативтік уаххаби сүннит ислам бағытын ұстанады. Елдегі сот жүйесі діни жетекшілікке бағынышты. Мемлекетте басқа дін өкілдерінің құлшылық ғимараттарына жиналуына тыйым салынған. Былтыр қабылданған жаңа заң бойынша, атеизм террористік көзқарас болып саналады.

Блогер Бадауиге алғашқы 50 дүре биылғы қаңтарда соғылған. Оның әйелі мен үш баласы Канадада саяси баспана алып тұрып жатыр.

Советтік диссидент Андрей Сахаров атындағы 50 мың еуролық сыйлық адам құқығын қорғаушы жандарға 1988 жылдан бері табысталып келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036