Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6193 0 пікір 30 Қазан, 2015 сағат 14:59

КІТАПХАНА ДИРЕКТОРЫ ЭКСТРЕМИЗММЕН АЙЫПТАЛДЫ

Бүгін Мәскеу соты украин кітапханасының директоры Наталья Шаринаның шектеу шарасын қарайды. Сотқа сонымен бірге кітапхананың бірнеше қызметкерін де сұрау алуға шақырған.

Тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркин бейсенбі күні Шаринаға ұлтты жеккөрушілік белгісі бойынша қылмыстық іс қозғау жөнінде соттан сұрайтындықтарын айтқан болатын. Егер сот бұл айыпты қанағаттандырса, Шаринан бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ресейлік ПЕН-орталығы бұл оқиғаны айыптап, кітапхана қызметкерлерін қудалауды тоқтатуға шақырды. Олар мұны саяси қуғындаудың бір түрі деп есептейді. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036