Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3749 0 пікір 26 Қазан, 2015 сағат 10:55

МӘСКЕУ АБАҚТЫСЫНДА ЖЕРЛЕСІМІЗ КӨЗ ЖҰМДЫ

Ресейде "алаяқтық" айыбы бойынша сотталған Қазақстан азаматы Нұралы Тәшкенбаев Мәскеудің 4-тергеу абақтысында өлі күйінде табылған. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

"Кеше кешке 4-тергеу абақтысындағы камералардың бірінің әжетханасынан 53 жастағы Н.Тәшкенбаевтың денесі табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне өзі қол салған" деген агенттікке құқық органдарындағы дереккөз.

Тәшкенбаев жақында "аса ірі көлемдегі ақшаға қатысты алаяқтық жасамақ болған" деген айыппен үш жыл мерзімге сотталған. Бұл істің Қазақстанда жемқорлық айыбымен сотталған шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановқа қатысы бар.

Тергеу жорамалы бойынша, 2014 жылдың қазанынан желтоқсанына дейінгі аралықта Қазақстан аумағында шекара қызметінің бастығы Жоламановтың ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылғанынан хабардар болған Тәшкенбаев оны босатуға жәрдемдесем деген уәдемен Жоламановтың туыстарының ақшасын иеленіп кетпекші болған. Бірақ кейін ұсталып, "аса ірі көлемдегі ақшаға қатысты алаяқтық жасамақ болған" деген айыппен сотталған.

Ресей тергеу комитетінің Мәскеу қалалық басқармасының өкілі Юлия Иванова Нұралы Тәшкенбаевтың қазасына байланысты тергеуге дейінгі тексеру жүріп жатқанын айтқан.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329