Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3963 0 пікір 22 Қазан, 2015 сағат 10:41

ПУТИН АСАДПЕН КЕЗДЕСТІ

Сейсенбі, кешке Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Сирия президенті Башар Асад келіссөз жүргізді. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Асадтың Мәскеуге жұмыс сапарымен келгенін хабарлады.

Президенттердің жеке кездесулерінен кейін, Ресейдің жоғарғы билік өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер болған.

Дмитрий Песков мәлімдегендей, Асад Путинге Сириядағы ахуал туралы баяндап, болашақтағы жоспарларымен бөліскен. Кездесу барысында ресейліктердің Сириядағы әскери операциясы, террормен күресу, екі жақты қарым-қатынастың түрлі бағыттары талқыланған.

Қыркүйектің соңғы күндері Ресей Сирияда әскери-әуе операциясын бастаған еді. Кремль мұны «Ислам мемлекеті» террорлық тобының содырларына қарсы қимыл деп түсіндіреді. Алайда, Сирияда терроршыларға қарсы әскери операция жүргізіп жатқан Вашингтон Мәскеудің әуе соққысының басым бөлігі Башар Асад режимімен күресіп жатқан сириялық оппозиция күштеріне қарсы бағытталған деп отыр.

Ал, АҚШ аяқ астынан Мәскеуге Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге келген Сирия президенті Башар Асадты қызыл кілем төсеп күтіп алған Кремль әрекетін қатаң сынға алды.

"Біз өз халқына химиялық қару қолданған Асадты қабылдау кезінде қызыл кілем төсеп күтіп алған Ресейдің онымен бірге Сирияға қатысты мәлімдеме жасауын қабылдай алмаймыз",- деді Ақ үйдің ресми өкілі Эрик Шульц журналистерге берген сұхбатында.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1029
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2576
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 682