Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3974 0 пікір 21 Қазан, 2015 сағат 10:42

АҚШ: АСАД БИЛІК БАСЫНДА ҚАЛА АЛМАЙДЫ


АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Марк Тонер Құрама Штаттар күткендегідей Сириядағы «саяси процесстер» нәтижесінде өтпелі үкімет құрылған жағдайда  Башар Асад оның мүшесі бола алмайды деп мәлімдеді.

Оның сөзінше, бұл мәселені мемлекеттік хатшы Джон Керри телефон арқылы Ресей және Сауд Арабиясы сыртқы істер министрлерімен талқылаған. Мемлекеттік департамент өкілінің сөзінше, Асадтың кетуімен және Сириядағы өтпелі әкімшіліктің құрылуымен аяқталуға тиісті саяси процесс әлі басталған жоқ, бірақ АҚШ өңірдегі өзге мемлекеттермен бірге Ресей Башар Асадты биліктен кетуіне үгіттейтін елдер қатарына кіреді деп үміттенеді.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Ресейдің Асадтың жағдайын нығайтқысы келген әрекетін өнімсіз деп атады, дегенмен Мәскеу ел тұрғындарының аз бөлігі ғана қолдайтын, өз азаматтарына қарсы террорлық науқанды бастаған басшыны қолдауға тырысудың сәтсіз болатынын ұғынады деп үміттенеді.

Сириядағы соғыс құрбандарының есебін жүргізетін адам құқығын қорғау ұйымдарының мәліметінше, сириялық әскердің әрекетінен қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны  ИШИМ террорлық топтарының қолынан өлгендер санынан көп болып тұр.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407