Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3356 0 пікір 3 Маусым, 2010 сағат 07:37

Келімбетов макроэкономикалық тұрақтылық, инвестклиматтың жақсаруы мен ҰӘҚ жобаларын іске асыру – инвестиция тартудың негізгі факторлары деп сенеді

Алматы. 3 маусым. ҚазТАГ- Игорь Киндоп. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры (ҰӘҚ) басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетов макроэкономикалық тұрақтылық, басым салалардағы инвестклиматтың жақсаруы мен Ұлттық әл-ауқат қорының (ҰӘҚ) бар жобаларын іске асыру - Қазақстанға жаңа инвестиция тартудың негізгі факторлары деп сенеді.

«Экономиканың дағдарыстан кейінгі даму кезеңіне өту үшін біз нақты не істеуіміз керек? Мен бұл жерде шетелдік тікелей инвестиция тарту үшін үш негізгі тұстарына тоқтамақшы едім. Бірінші элементі - бұл макроэкономикалық тұрақтылық пен инвестициялық климаттың жайлылығы... Мемлекеттің екінші маңызды рөлі инвестицияға сезімтал экономиканың басым секторларын белгілеу ... Үшінші маңызды мәселеге өтсек, ҰӘҚ тек үдемелі индустриалық-инновациялық даму операторы ғана емес, сонымен қатар шетелдік инвесторлар үшін сенімді серіктес екенін атап өтуіміз керек», - деді ол бейсенбі күні Алматыда өтіп жатқан IV Қазақстан инвестициялық саммитінде.

Макроэкономикалық тұрақтылық мәселесіне тоқтай келіп, Қ. Келімбетов Қазақстан экономикалық дамудың қарқынды деңгейіне қайта оралып келе жатқанын атап өтті.

«Бірінші тоқсанда экономикалық дамудың деңгейі 7% екендігі айтылды. Демек Қазақстан дағдарыстың алдындағы даму қарқынына қайта оралып, дағдарыстан сабақ алып, қорытынды жасауда», - деді ҰӘҚ басшысы.

Екінші факторға тоқтала келе ол, ҰӘҚ мен экономиканың басым секторларының рөлі - ең алдымен Қазақстанның табиғи ресурстарға байланысты басымдығын пайдаланып дәстүрлі салаларға инвестиция тарту, деп атап көрсетті.

«Мен мұнай мен газ бар болса, енді соларды терең өңдейтін мұнайхимиялық және газхимиялық өнеркәсіпты дамыту туралы айтып отымын...», - деп түсіндірді Қ. Келімбетов.

Оның пікірінше, тек ҰӘҚ-мен серіктестік барысында барлық мәлімдеген мақсаттарға қол жеткізуге болады.

«Бүгінгі үкімет бекіткен индустриалдық бағдарламада жобалардың басым бөлігінің қаржыландыру сомасының жартысына жуығын ҰӘҚ бөліп отыр. Ол шамамен $20 млрд сомасындағы 31 жоба», - деп атап көрсетті Қ. Келімбетов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345