Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2868 0 пікір 3 Маусым, 2010 сағат 07:39

Шығыс Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің оқыту орталығын құру жоспарланған

Өскемен. 3 маусым. ҚазТАГ - Шығыс Қазақстан облысының орталығында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖМӘ) үшін жобаларды әзірлеу сапасын арттыру мақсатында арнайы аймақтық орталық құрылады, деп хабарлады бейсенбі күні ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

«Соңғы екі жылда облыс МЖМӘ республикалық орталығына 66 жоба жолдады, бірақ жобаларды әзірлеу, ең бастысы жобалық-сметалық құжаттардың сапасы төмен болғандықтан, бір де бір жоба қыбалданбаған. Осыған байланысты облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен МЖМӘ республикалық орталығымен және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту және дамыту орталығымен мемлекеттік-жеке меншік саласында мамандарды әзірлеу жөніндегі меморандумға қол қойылды», - деп хабарлайды әкімдік.

Бұдан басқа, облыс әкімдігінің жанынан жобалардың сапасын бағалайтын сарапшылар комиссиясын құру жоспарланған. Шығыс Қазақстанда МЖМӘ көмегімен жүзеге асыру үшін Т900 млрд астам соманың 100 жобасы әзірленді. Егер механизм іске қосылса, «балабақшалардың жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік туады, мұндайда жеке меншік қаржыға құрылыс жүргізілсе, мемлекет балалар мен ғимаратты қамсыздандыру ақысын төлейді», дейді әкімдіктегілер.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339