СЕКСЕУІЛДЕГІ СЕРПІЛІС
Арал ауданы Сексеуіл кентінде бір күнде емхана мен клуб ашылып, тұрғындар қуанышқа бөленіп жатыр. Сексеуіл кенті – тоғыз жолдың торабындағы елді мекен. Облыстағы тіректі елді мекеннің бірі ретінде өткен жылы 405 миллион теңге қаржы бөлініп, 2 мектеп, 1 балабақша жөндеуден өтті, ұзындығы 8 шақырым болатын 7 көше асфальтталған еді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен елімізде жалпы ұзындығы 988 шақырымды құрайтын ғасыр жобасы «Бейнеу – Жезқазған» теміржолының құрылысы басталып, былтырғы жылы пайдалануға берілді. Сексеуіл кенті арқылы өтетін «Бейнеу – Жезқазған» жол бойында 5 бекет 1 станса және 2 пәтерлі 38 тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде. Осы жоба аясында Сексеуіл кентінің 200-ге жуық тұрғыны жұмыспен қамтылды. 10 мыңнан астам халқы бар кент тұрғындарына арналған жаңа емхана заманауи талапқа сай. Ауысымына 100 келушіге арналған емхананың құрылысына 248 миллион теңге қаржы жұмсалған.
– Халқымыз қашаннан «Бірінші байлық – денсаулық» деп деннің саулығын дүниедегі байлық атаулының барлығынан жоғары қойғаны белгілі. Дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруді мақсат еткен «Мәңгілік Елімізді» дамытуға қабілетті бола алады. Қуаныштарыңыз құтты болсын – деді емхананың ашылуына қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста денсаулық сақтау саласы жылдан-жылға жақсара түсті. Арнайы «Жол картасы» қабылданып, материалдық-техникалық базасы нығайтылып, облыс тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері едәуір жақсарды. Соңғы 2 жылда аймақта 35 медициналық нысан пайдалануға берілсе, оның ішінде көптен құрылысы бітпей келе жатқан жалпы құны 4,8 миллиард теңгені құрайтын 200 төсектік «Ана мен бала» перинаталды орталығы іске қосылды. Қызылорда қаласында 200 төсектік көпсалалы балалар ауруханасының құрылысы жүргізілуде. 2013-2014 жылдары Шиелі, Қармақшы, Сырдария аудандарында жалпы құны 4,4 миллиард теңгені құрайтын ауысымына 250 келушіге арналған емханалар салынды. Ал Арал ауданының Аралқұм, Қарақұм, Қамыстыбас елді мекендерінде жаңа дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. Биыл тағы 3 жаңа денсаулық сақтау ғимараты халық игілігіне берілгелі отыр.
Осындай жоспарлы түрде жасалған жұмыстардың нәтижесінде облыста халықтың өмір сүру жасының ұзақтығы соңғы үш жылмен салыстырғанда 69,5-тен 71,6 жасқа өсті.
Мәдениет саласы да мұндай көрсеткіштерден құралақан емес.

Соңғы үш жылдың көлемінде облыста 19 ауылдық клуб пен 2 музей пайдалануға берілді. Сондай жаңа клубтың бірі Сексеуіл кентінде ашылды.
«Мұндай мәдениет ордасының ашылуы ауылдың ажарын кіргізіп, өнерге серпіліс береді деп білемін. Енді ауыл азаматтарының рухани демалып, мәдени шаралар ұйымдастыруына барлық жағдай жасалып отыр. Тек соны тиімді пайдаланып, рухани құндылықтарымызды арттыруға атсалысуларыңыз қажет. Заманауи үлгідегі жаңа клубы бар ауылдан Сыр елінің мерей-мәртебесін асқақтатар талай талантты ұл-қыздардың өсіп-жетілеріне сенімім мол» деген Қырымбек Елеуұлы жаңа клубтың жұмысымен танысты.
Жалпы, бұл ауылда өнерлі өрендер көп. Мәселен, Нұрболат Сейітқалиұлы жақында Түркияда өткен халықаралық байқауда І орынды иеленді. Енді жаңа клубта тәлім алатын жергілікті өнерпаздар бұдан да жоғары белестерді бағындыратыны сөзсіз.
Айта кетейік, осы жылдың маусым айында Қамыстыбас елді мекенінде 150 орындық жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілсе, өткен жылы ауданның мәдениет мекемелері облыс бюджетінен бөлінген 94 миллион теңгеге заманауи үлгідегі сандық жүйедегі лед-экран, музыкалық аспаптар сахналық киімдер, дыбыс және жарық қондырғыларымен қамтамасыз етілді. Жыл аяғына дейін облыста тағы 3 ауылдық клубтың құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр.
Ержан БАЙТІЛЕС,
Қызылорда облысы,
Арал ауданы,
Сексеуіл кенті.
Abai.kz