КЕДЕН ОДАҒЫНА ЕНУ - ТӘУЕЛСІЗДІКТЕН АЙЫРЫЛУ
Республикамыздың барлық азаматтарына!
Тәуелсiздiгiмiзге қауіп төнді. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы 2010 жылдың 1-шiлдесiнен бастап Кедендік одаққа кiредi. Бастапқыда Белоруссия да бұл одаққа қосылмақ болған. Олар өз мүдделерін жоғалтатынын алғашқы келіссөздер кезінде анық байқады да, одан бас тартты. Көршiлерiмiз - Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан бұдан сырт қалды. Тәуелсiздiктерiн қастерлегендіктен де Украина, Грузия, Армения мен Балтық жағалауындағы үш мемлекет мұны тiптi ауызға да алмады. Егер экономикалық жағынан тиiмдi болса, олар Кеден одағына мойын бұрмас па едi. Ресейден құқайды көп көргендіктен олардың ешқайсысы кешегі Кеңестік замандағыдай бодандық қамытын қайта кигiсi келмеді.
Республикамыздың барлық азаматтарына!
Тәуелсiздiгiмiзге қауіп төнді. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы 2010 жылдың 1-шiлдесiнен бастап Кедендік одаққа кiредi. Бастапқыда Белоруссия да бұл одаққа қосылмақ болған. Олар өз мүдделерін жоғалтатынын алғашқы келіссөздер кезінде анық байқады да, одан бас тартты. Көршiлерiмiз - Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан бұдан сырт қалды. Тәуелсiздiктерiн қастерлегендіктен де Украина, Грузия, Армения мен Балтық жағалауындағы үш мемлекет мұны тiптi ауызға да алмады. Егер экономикалық жағынан тиiмдi болса, олар Кеден одағына мойын бұрмас па едi. Ресейден құқайды көп көргендіктен олардың ешқайсысы кешегі Кеңестік замандағыдай бодандық қамытын қайта кигiсi келмеді.
Біз, Қазақстандағы елуден астам қоғамдық бiрлестiктерді, демократиялық, оппозициялық саяси партияларды, зиялы қауым өкiлдерiн, тәуелсіз басылымдарды, жастар ұйымдарын біріктірген «Тәуелсіздікті қорғау» халықтық-демократиялық қозғалысы атынан үстiмiздегi жылдың 18-наурызында Кедендік одаққа кіруге наразылық бiлдiрiп, мәлімдеме жасадық. Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевқа, Сенат пен Мәжiлiс төрағалары Қ.Тоқаевқа, О.Мұхамеджановқа, премьер-министр К.Мәсімовке жолданған ол мәлімдемеге жауап қайтарылған жоқ. Қазақстандық билік қоғамдық ұйымдармен, халықтың пiкiрiмен санасқысы келмейтiнiн, алған бағытынан қайтпасын сездiрдi.
Сондықтан да біз халыққа арналған осы Ашық хатта мынаны мәлiмдеймiз:
- Кедендік одақты және Бірыңғай экономикалық кеңiстiктi құру Қазақстанның тәуелсiздiгi мен экономикалық мүддесіне зор залалын тигiзедi.
Қазақстан қазiрдiң өзінде сыртқы сауда саясаты саласындағы дербес өкiлеттiгiн Мәскеудің ұлттық органнан жоғары тұрған Кеден одағы комиссиясына аманаттады. Бірыңғай экономикалық кеңiстiк шеңберінде бұл органға Қазақстан өзiнiң мынандай маңызды дербес экономикалық өкiлеттiктерiн:
- бірыңғай валютаны қалыптастыруды;
- бірыңғай базалық тарифтерді белгiлеудi;
- макроэкономикалық саясатты келiсудi өткiзiп беретін болады. Сөйтіп теңгенің орнына ортақ валюта жасайды; электр, газ, теміржол, т.б. қатысты базалық тарифтерді өзі белгілей алмайтын болады; бюджет тапшылығы, мемлекеттік қарыз, инфляция, валюта бағамы, мұнайға қойылатын бағаларды түрліше шамалау, мемлекеттік сатып алу, ауыл шаруашылығына субсидия беру сияқты мәселелерді өз бетінше шешу мүмкiндiгiнен айырылады.
Макроэкономикалық саясатты үйлестіру, негiзгi бағыттарды айқындау, кедендік одаққа мүше елдердің экономикалық-мониторингiн іске асыру осы комиссияға жүктелмек. Мұның бәрі де одақтық үкiметтi қалпына келтіруге кiрiскендiктi көрсетеді. Ресейдің атышулы шенеунiктерi КСРО үлгiсiндегi бiрлестiктi құру жоспарын ашықтан-ашық мәлімдеп жүр. Ресей Федерациясының территориясын бұрынғы одақтас республикалар есебінен ұлғайтуды көздеген олардың жария етілген шақыруларын РФ Сыртқы істер министрлiгi немесе жоғары лауазым иелерiнiң бірде-бiрi теріске шығарған жоқ. Қазақстан үкiметi соған келiскендей-ақ үнсіз қалды, қарсы пiкiр айтуға жарамады.
Қазақстанның Ресеймен экономикалық бiрлестiгi тең дәрежеде құрылып отырған жоқ. Халықаралық интеграция ұстанымы бойынша жақындасушы елдердің шама-шарқы, индустриализацияландыру деңгейі қарайлас болуы шарт. Сонда ғана iшкi салалық бәсекелестiктi тереңдетуге, өнiмнiң сапасын арттырып, бағасын төмендетуге мүмкiндiк туады. Кеден одағы шеңберінде iшкi салалық бәсекелестік туралы сөз қозғаудың өзі артық. Өйткені Қазақстанда шын мәнiнде дайын өнім шығаратын салалар жоқтың қасы. Мұндай жағдайда шығатын қорытынды біреу: ресейлік салалық монополизм аумағы кеңейеді, сыртқы баж салығы аспандаған күйінде қалады. Ақырында Қазақстан ресейлік өндiрiстiң басыбайлы тұтынушысына айналады. Елiмiздегi бағаның шарықтап өсіп, ел халқының кедейлене беруіне ол да бір себеп.
2010 жылдың I-тоқсанында ғана инфляция өсiмiнiң қарқыны өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда едәуір артты (Былтыр - 2,8 %, биыл - 3,6%). Жеміс пен көкөніс - 12,6, қант - 8,1, сүт және ет өнiмдерi - 4,1 пайызға қымбаттады. Азық-түлік бағаларының бағасы - 5,4, азықтық емес тауарлар бағасы - 6,7, ал қызмет көрсету 10,2 пайызға көтерiлдi. Бұл тек инфляцияның бастапқы қарқыны. Кедендік одақтың адамдардың әлеуметтік жағдайын құлдырататыны жөнiндегi бұрынғы ескертпеміз дәл келді.
Қазақстан парламенті қолданыстағы жиырмадан астам заңды Кеден одағы негiзiнде Ресей Федерациясы заңдарының ыңғайына орай қайта үйлестiрудi шұғыл түрде қолға алды. Бұл - елiмiздегi заң шығарушы органын - парламентті Ресей Федерациясы Думасына тәуелді ететін алғашқы қисық қадам. Мұндай тәуелдiлiк Қазақ мемлекеттiлiгiн жоюға дейін апарып соғары даусыз. Біз ғасырлар бойы ата-бабаларымыз армандаған, күресіп, қан төгіп, мыңдаған құрбандықпен қол жеткізген тәуелсiздiктен айырылып қалуға немесе оны Ресеймен бөлісуге түбегейлі қарсымыз!
20 жыл iшiнде Малайзия, Сингапур, Индонезия, т.б. елдер дамыған ұлттық мемлекеттерге айналды. Ал бүгiнгi Қазақстанның экономикасының төрттен үш бөлiгi шетелдік капиталға тәуелді. Сыртқы қарызымыз - 111 миллиард доллар. Бұл елдің жалпы iшкi өнiмiне тең. Дүниеге келген әрбір Қазақстан азаматының шетел алдындағы қарызы - 7 мың АҚШ доллары. Мұның бәрі «Қазақмыс», Еуразия тобы, «МитталСтил» сияқты олигархиялық топтардың 15 жыл бойы бюджетті толықтыруға тиесiлi үлес қоспауынан, экономиканың 20 пайызын құрайтын мұнай саласынан ондаған миллиард доллардың бюджетке түспеуінен және ел экономикасын шетелдік компаниялардың басқаруынан туындады.
Қазақстан үкiметi экономиканы дамытуды, инновация, индустриализация жөнiндегi бағдарламаларды тек қағаз жүзінде ғана жасай бiледi. Оны іске асыруға қабiлетсiз, құлықсыз және мүдделiлiк танытпады. Сондықтан да өз елiмiздегi өндiрiстi, кәсiпкерлiктi, ауыл шаруашылығын дамытудың орнына, ұлттық, мемлекеттік мүддені алға шығарып, оны қызғыштай қорғаудың орнына шетелдiктердiң ыңғайына жығылуға бейім тұрды. Отаншылдық, патриоттық сезiмдi жоғалтқан, жемсаулық, жағынғыштық, жалған айтушылық әдеттерді бойына сiңiрген басшылардан еш қайыр жоқ! Олар мемлекет басшысын қателікке ұрындырмауды, керек кезінде түзетіп отыруды өздеріне міндет санамайды. Кедендік одақ арқылы Ресейге саяси және экономикалық жағынан тәуелді ету - сондай сатылғыштардың iсi.
Қадірлі отандастар!
Біз Сіздермен бірге билік ұсынған алғашқы доктринаға, «қазақстандық ұлтқа», Қытайға жерді жалға беру мәселесіне қарсы тұрдық. «Көп қорқытады, терең батырады», қалың қауым - Сiздердiң қолдауларыңызбен белгілі деңгейде жеңіске жеттік. Бұл күресте де бірге болайық.
КЕДЕН ОДАҒЫНА ЖӘНЕ БІРЫҢҒАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІККЕ ЕНУГЕ қарсымыз! Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне қатер төндіруге жол бермейміз!
Қазақстан Республикасын өзінің туған отаны санаған әрбір азамат осы үндеуді қолдайды, конституциялық құқығын пайдалана отырып, оған қол қояды және қол жинауға ат салысады деп сенеміз.
«Тәуелсiздiктi қорғау» халықтық-демократиялық қозғалысы АТЫНАН Ашық хатқа қол қойғандар:
«Тәуелсіздікті қорғау» халықтық-демократиялық қозғалысы ұйымдастыру комитеті, республикалық «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысы және тіркелмеген «Халық рухы» партиясы атынан: М.ШАХАНОВ; «Азат» ЖСДП атынан: Ж.ТҰЯҚБАЙ, Б.ӘБІЛОВ, Ә.ҚОСАНОВ; Қазақстан Коммунистік партиясы атынан: Ғ.АЛДАМЖАРОВ; «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан: В.КОЗЛОВ; «Руханият» жасылдар партиясы атынан: Б.ЖАҢАЛТАЙ; М.Мырзахметов, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Т.Кәкішев, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор; Д.ИСАБЕКОВ, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Мәдениет» журналының бас редакторы; Қ.Жұмаділов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы; ; Т.Медетбек, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; С.Сматаев, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; С.Елубай, жазушы, ПЕН-клубының вице-президенті; Ғ.Қабышұлы, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі; Қ.САЛҒАРА, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Р.Сәрсенбай, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы; Г.ЕРҒАЛИЕВА, «Свобода слова» газетінің бас редакторы; Е.Бапи, «Тасжарған» газетінің бас оқырманы; Е.ҚҰрманбаев, «Правда Казахстана» газетінің бас редакторы; М.ҚҰЛКЕНОВ, «Таңшолпан» журналының бас редакторы; Р.ТАУКИНА, «Общественная позиция» газетінің бас редакторы; С.Мұхтарбек, «Қазақстан» газетінің бас редакторы; Е.Айғалиұлы, «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы; Ж.Қалыбай, «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы; Қ.Сәрсекеев, «Қазақ» газетінің бас редакторы; Н.ДӘРІМБЕТ, «Азат» газетінің бас редакторы; Ә.СЫҒАЙ, «Дарабоз» журналының бас редакторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Б.САРЫБАЛАЕВ, «Сын» журналының бас редакторы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; Д.Қуат, «Абай.kz» ақпараттық порталының жетекшісі; И.ОМАР, «Замана» газетінің бас редакторы; Ш.ПІрмат, «Діл» газетінің бас редакторы; Ж.ОПЫШЕВ, «Халық үні» газетінің бас редакторы; Ө.АҚЖІГІТ, «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы; Қ.ҚҰРМАНӘЛІ, Ш.Қалдаяқов атындағы ән фестивалі дирекциясының директоры, «Шәмші» журналының бас редакторы; Қ.ҒАБДОЛЛА, «Жұмадағы жүздесу» газетінің бас редакторы; Т.ҚАНАЕВ, «Болашақ» газетінің бас редакторы; Т.АЙТБАЙҰЛЫ, «Жыл он екі ай» журналының бас редакторы, публицист-жазушы; К.ОРМАНТАЕВ, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор; И.САПАРБАЙ, ақын, «Тарлан» платиналы сыйлығының иегері; М.ӘУЕЗОВ, мәдениеттанушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері; Н.Нүсіпжанов, ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; С.НАРЫМБЕТОВ, жазушы, кинорежиссер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген қайраткері; Қ.Иса, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері; Қ.Біләл, жазушы, ҚР Мәдениет қайраткері; С.Ғаббасов, жазушы, Медицина және педагогика ғылымдарының докторы, Махамбет сыйлығының лауреаты, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі; З.АСАБАЕВ, жазушы; Н.Қанафия, филология ғылымдарының кандидаты; С.Тұрғынбекұлы, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты; Ә.Меңдеке, сыншы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; М.АБАҒАН, ҚР мәдениет қайраткері; Б.АЛДИЯР, ақын, ҚР Жастар сыйлығының иегері; Э.ТӨРЕХАНОВ, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы; А.САРЫМ, Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі; Д.НҰР-АХМЕТ, «Ұлт патриоттары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Д.БАБАМҰРАТОВ, «Болашақ» республикалық жастар қозғалысының лидері; А.ОСМАН, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Мемлекеттік тілге - құрмет» бірлестігінің төрайымы; Б.ТӨРЕҒОЖИНА, «Ар. Рух. Хақ» қоғамдық қозғалысының төрайымы; Н.ОШАНБЕКОВ, «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары; Б.ИМАНҚОЖА, «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Б.СӘДУҰЛЫ, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Ж.ШЫМШЫҚОВ, Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ ұйымдастыру комитетінің төрағасы; Х.ҒАБЖАЛИЛОВ, «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының президенті; М.ТАЙЖАН, Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті, экономика ғылымдарының кандидаты; Д.ТҰРЛЫБЕК, Халықаралық Түркі әлемі телестудиясының бас директоры, халықаралық «Жамбыл» атындағы сыйлықтың лауреаты; Ж.МАМАЙ, «Рух пен Тіл» клубының жетекшісі; М.БӨТЕЕВ, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы; З.БАТТАЛОВА, Қазақстандағы Парламенттілікті дамыту қоғамдық қорының төрайымы; Б.ЕРҒАЛИЕВА, Қазақстанның «Демократия және құқық» халықаралық тарихи-құқық орталығының төрайымы; Б.ҚОЙШЫБАЕВ, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының бірінші орынбасары; К.ҚАПТАҒАЙ, «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы; І.БАЙЖАНОВ, ОҚ облыстық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ ұйымдастыру комитетінің төрағасы; Ә.СҰЛТАНБЕКОВ, ОҚ облыстық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ ақсақалдар кеңесінің төрағасы; Ө.ЖАНЫСБЕК, «Азат» партиясының ОҚ облыстық филиалының төрағасы; А.КҮМІСБЕК, «Ұлт тағдыры» қозғалысының ОҚ облыстық бөлімшесінің төрағасы; С.НҰРБЕКОВА, «Шаңырақ» қозғалысының ОҚО бөлімшесінің төрайымы; Қ.Маханов, ОҚ облыстық «Арал - Эко» қозғалысының төрағасы; Ж.СЕЙТІМБЕТ, демократияны дамыту институты ОҚО орталығының директоры; Ш.ӘБДІКӘРІМОВ, Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының төрағасы, республикалық «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы; Ы.ДӘБЕЙ, «Алаң» әдеби бірлестігінің төрағасы; К.Тәлімұлы, Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры; Е.РАҚЫШЕВ, «Жас Ұлан» киностудиясының директоры; Ж.Кенебай, «Таным» пікірсайыс клубының жетекшісі; Б.ТОБАЯҚОВ, Астана қалалық «Мемлекеттік тіл» республикалық қоғамдық қозғалысының атынан; С.САПАРҒАЛИ, «Ұлт. Рух. Отан жаңғыру» қоғамдық қозғалысының төрағасы; Ж.АШУҰЛЫ, Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы; Т.ІРГЕБАЕВ, «Қабанбай батыр» атындағы қордың төрағасы; Б.Атабаев, «Ақсарай» мюзикл жастар театрының жетекшісі; А.Байсалова, А.Байтұрсынұлы атындағы қоғамдық қорының төрайымы; В.Акимов, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор; Қ.Жұманазаров, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент; А.ҚАДЫРБАЕВА, «Күретамыр» қоғамдық қорының президенті; М.Қалыбай, Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңген зейнеткер; Ә.Ғали, саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы; Б.ШАХМАНОВ, биология ғылымдарының кандидаты, доцент; Ғ.ЕСНАЗАРОВА, «Жеті жарғы» заңгерлік компаниясының директоры; А.Кәріпжан, ақын; А.Әлім, ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері; С.Әсіп, жазушы, «Жер және қазақ тағдыры жазушылар комиссиясының төрағасы; М.Кенжебай, ақын, ҚР мәдениет қайраткері; Ә.Қайран, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты; Қ.Елемес, ақын; Ә.Қаламбаев, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Сарыағаш ауданының құрметті азаматы; С.Қажи, ақын; Қ.АШАНҰЛЫ, журналист-кәсіпкер; Ж.Дәулет, сазгер, ҚР Мәдениет қайраткері; Б.Шарахымбай, ақын, Бүкілтүркі дүниесі ақындары фестивалінің лауреаты; Б.Әбіш, жазушы, Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың лауреаты; Г.Есетқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері; С.Әкелей, әншi, Халықаралық әншілер конкурсының лауреаты, Ұлттық Өнер академиясының аға оқытушысы; С.Шүкірұлы, журналист, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері; Ж.Сейдеханова, профессор, техникалық ғылымдарының кандидаты; А.Ақылбек, журналист; Т.Бінашев, мүсінші, ҚР Мәдениет қайраткері; А.Көшербаев, публицист, Американың Хеллман-Хаммет атындағы жазушыларға берілетін сыйлығының иегері; Ж.ЫСҚАҚОВА, әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері; Д.ШОНДЫХАНОВ, ақын, тері венерологиялық ғылыми-зерттеу институтының бас инженері; Г.Орда, әдебиеттанушы; Е.Мұқанғалиев, әлеуметтанушы; Ғ.Тәшімбай, Қазақстанның құрметті журналисі; Т.Жанаев, жазушы; Д.Шотамантегі, әлеуметтанушы; Ж.Әбіш, саясаткер.