Жұма, 22 Қараша 2024
Білгенге маржан 9590 0 пікір 18 Ақпан, 2016 сағат 12:07

БІЗ НЕГЕ ЖАЛҚАУМЫЗ?

Жетті жұттың бірі-жалқаулық. Ол шынымен адамды жұтып тынуға қауқары жететін жаман әдет. Ал бір мемлекетте жалқаулар көп болса, онда ол елдің болашағына тұтастай қауіп төнді дегенді білдіреді.Егер гендік қару секілді, адам бойындағы жалқаулықты арттыратын қару ойланып табылса, онда сөз жоқ кез-келген ел ол қаруды жауына қарсы күш ретінде пайдаланар еді. Демек, біз жалқау болсақ, дұшпанымыздың бірінші тілегін бұлжытпай орындап береміз деген сөз. Осы туралы «Алауинформ» порталы психолог зерттеуін оқырмандарына ұсынады.

Тәуелсіздік алғанымызға аттай жиырма бес жыл болды ең болмаса бір техниканың, бір ғылымның майын ішіп,  сүйегін шашқанымыз бар ма? Өзге мемлекет біздің немізді тұтынады? Бұның бәрі еріншектік, жалқаулық деп білемін. Еріншектік қанымызға сіңіп, психологиямызды дендеп алған. «Сыныққа сылтау табылар» дегендей неше түрлі сылтау айтамыз да тұрамыз. Өзгенің қолынан келетін дүние менің де қолымнан келеді деген сөз ойымызға кіріп те шықпайды. Міне осы мәселелерді психологиялық тұрғыда қарастырып көрейік.

Жалпы жалқаулық ауру ма, әлде әлсіздік пе?

Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. Өйткені жалқауларда көптеген көріністер бар. Тұжырымдай  келе жаулқаулар әлсіздікке жақын болып келеді. Қазіргі өмірде көбінесе жақаулықты басқа іспен ауыстырады. Мысалы студент емтиханға дайындалудың орынына телефон шұқылаумен, видео көрумен немесе жолдастарымен көшеде жүреді.  Ауру деп нақты бір мәселе болғанда, қашан адам ағзасы  әлсіреп, тыныштықты іздеген кезде айтатынымыз бар. Бұндай аурулар психикаға немесе ағза әсер етеуі әбден мүмкін. Айтпақшы, біріншісінен екіншісін бөліп қарастыру  қиын емес. Жалқаулық, адамның  өзіне тән қасиеті болмаса, алайда сондай кейіпте жүрсе, онда бірден  оны ауру санатына қоса салуға болмайды. Бұны біз депрессияға  түсуі деп білеміз. Бірақ депрессияның өзі ауру алып келетінін  естен шығармау қажет.

Егер жалқаулық  пен еріншектік  әу бастан өзіне тән қасиет болса, онда ол-әлсіз, жігерсіз және  болашағына күмәнмен қарайтын адам.

ЖАЛҚАУЛАРДЫҢ КӨБІНЕСЕ ҮШ СЕРІГІ БОЛАДЫ. ОЛАР ӨМІРІ ЖОЛЫ БОЛМАУШЫЛЫҚ, ДЕПРЕССИЯ ЖӘНЕ КӨҢІЛСІЗДІК (АПАТИЯ).

Олар  бір-бірімен тығыз байланысты  және тұйық орта құрады. Басында айтып өткендей жалқаулық ерте заманнан адамға серік болып келеді. Оның жеке адамның  дамуына өсіп, өркендеуіне  кедергісі барын ұмытпауымыз қажет. Бірақ  қандай нәрсе болса да оның шығу жолы және емі барын ұмытпайық.

ЖАЛҚАУЛАРДЫҢ НАҚТЫ МАҚСАТЫ МЕН АРМАНЫ ЖОҚ, СОЛ СЕБЕПТІ БОС ҚИЯЛҒА БЕРІЛІП УАҚЫТЫН БОСҚА ӨТКІЗЕТІНДЕР КӨП.

Мысал ретінде еврей халқының бұрынғы президенті Шаронның сөзін келтіре кетсем:

«Біз келген орын тақыр жер, тастақ және батпақты аймақ болатын, сондай жерге қарамастан біз шешім қабылдадық. Себебі бізде өзіміздің жеке жеріміз болмады. Мемлекетіміз пайда болғаннан кейін бізде бір ғана мақсат болды, ол- қайтсек мемілекетімізді көтереміз деген тығырықтан шығу.  Сол себепті бәріміз бірінші кезекте ғылыммен айналысып өзгелерден білімді болуға тырыстық. Адамдар жоқтан бар етудің амалын қарастырып, сусыз жерден су өндіруді қолға алды. Сонымен қатар ауылшаруашылық өнеркәсібін және бақша көкенісімен айналыстық. Ең аз су ішетін жемістер егуге тырыстық және бәрі нәтижелі болды. Өзімізді және ұрпақтарымызды қайраткер болуға мықтылыққа баулыдық. Жатпай- тұрмай жұмыс істедік. Еңбек демалысы дегенді білмей еңбек етумен болдық. Бұның бәрін сіздерге не үшін айтып отырмын? Қазіргі жастарға айтарым бар жалқаулықты қойып ерінбей еңбек етсеңіздер бұдан да әрі жетістікке жетесіздер деймін. Мүмкіндік  барлық адамдарда бар, бірақ  олар еріншектікке жақын болып келеді. Барлығы аспаннан өзі түспейді. Оған еңбек керек.»

Біз де осы айтылған ақылға ден  қоюымыз керек. Жайбарақат жататын уақыт бітті. Іске көшетін уақыт жетті. Әрқайсысы өз ісінің маманы бойынша айналысса бір жерден шығатынына күмәнім жоқ.

Ермек Нұрымов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5241