Қарағандылық регресшіл-шахтерлар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ғимаратының алдында наразылық акциясын өткізу ниетімен Астанаға аттанды
Қарағанды. 10 маусым. ҚазТАГ - Бейсенбі күні таңертең 30-дай регресшіл-шахтерлар - «АрселорМитталТеміртаудың» бұрынғы жұмысшылары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ғимаратының алдында наразылық акциясын өткізу ниетімен Астанаға аттанды. Бұл туралы мүгедек-шахтерлардың бастамашыл тобының мүшесі Сергей Бажанов мәлім етті.
«Қарағанды вокзалында бізге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстық департаментінің өкілдері келіп жолға шықпауымызды өтініп, мәселе шешіліп те қойды деп үгіттеп көрді. Бірақ біз осындай уәдені естіп келе жатқанымызға үш жыл болды. Биылғы жылғы қаңтарда біз еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ғимаратының алдында ұзаққа созылған акция өткізетінімізді мәлім еткенбез. Бірақ бізді жоба жақында ұсынылады деп сендірді. Біз сол кезде сеніп қалдық. Бұл жолы біз ешқандай үгіттеуге көнбейміз. Біз өзімізбен бірге палаткаларды алып барамыз. Егер қажет болса, Астанадағы алаңда палаткалы қалашық құрып мәселе толығымен шешілмейінше сонда тұрамыз. Біз шектен тыс әрекеттерге де баруға, оның ішінде аштық жариялауға да дайынбыз», - деп мәлімдеді Сергей Бажанов.

Еске сала кетсек, шахтада денсаулығын жоғалтқан регресшіл-шахтерлар үкіметтен денсаулыққа тигізген зияны үшін өтемақыны өндіру мәселесі жөніндегі ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қол жеткізбекші. Еңбек міндеттерін атқаруда өмірі мен денсаулығына тигізген зиянын өтеу тетігін жетілдіру жөнінде 2008 жылы-ақ ведомствоаралық жұмыс тобы құрылғанды. 12-ші наурызда регресшіл-шахтерларға шынымен заң жобасы ұсынылған. «Ол тамаша жоба тұғын. Ол негізгі проблема - регресшіл шағым бойынша өтемақыны қайта есептеу тетігін шешкен болатын. Онда тиісті квалификациядағы жұмысшының қазіргі нақты жалақысын ескерген. Бұл дәл сол біздің қол жеткізгіміз келіп жүргені тұғын. Бірақ аталған жоба қабылданбады. Енді бізге кезекті қайыршылық өтемақының жобасын ұсынады. Онда өтемақыны тек инфляцияға пропорционалды индекстеу ғана қарастырылған», - деді С. Бажанов.
Регресшіл-шахтерлардың айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанда жұмыста жарымжан болған 14 мың азамат бар. Олар сол кезінде жарымжан болған күнге, 10 және одан да көп жыл бұрын тағайындаған түкке тұрғысыз өтемақыға күн көруде. Бірқатар шахтерлардың өтемақы көлемі айына Т4-5 мың. «Біздің кейбір жолдастарымыз ауыр жарақаттан төсек тартып жатыр. Олардың халі тіпті мүшкіл. Біз өзінің жұмысшыларына нақты жалақыдан есептелетін лайықты өтемақы төлеуге жұмыс берушіні міндеттейтін заңның қабылдануын талап етеміз», - дейді мүгедек-шахтерлар.
Олардың айтуынша, регресшіл-мүгедектердің тек 3 мыңы «мемлекеттік» болып табылады, яғни олар қазір жойылған кәсіпорындарда жұмыс істеген. Қалған 11 мыңы қазір де жұмыс істеп тұрған жеке меншіктегі шахталар мен кеніштерде жұмыс істеп зардап шеккендер.
«Мәселенің материалдық жағы мемлекеттік қазына үшін үш жылға 4 млрд теңге де, жұмыс беруші үшін жыл сайын 4,2 млрд теңге. Моральдық жағы - Қазақстанның 14 мың азаматының лайықты өмір сүруі», - дейді С. Бажанов.