Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5070 0 пікір 4 Ақпан, 2016 сағат 11:22

АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ: ҚАЙРАТ КОНЦЕРТ ПЕН САЙЛАУАЛДЫ ЖҰМЫСТАРЫН ШАТАСТЫРМАУЫ КЕРЕК

«Нұр Отан» партиясының атынан мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттығына сайлауға түсуге ниет білдірген белгілі боксшы Геннадий Головкиннің әрекеті ешқандай да заңға қайшы емес.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов айтты деп хабарлайды baq.kz.

Орталық сайлау комиссиясында «Нұр Отан» партиясы атынан 127 кандитат тіркеп, куәлік беру шарасынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген  Мырзахметов Головкиннің елде көп болмауынан ешқандай заңға қайшы әрекет көріп тұрмағандығын атап өтті.

"Біздің заңгерлеріміз үміткерлердің осы кезге дейінгі жүріс-тұрысы мен әрекеттерін мұқият зерттеп, зерделеп шықты. Олардың ешбірі де ел Конституциясы мен Сайлау туралы заңның баптарына томпақ келмейді. Әрине, ол спорттық мансапта биіктерді бағындыру үшін уақытының көп бөлігін шет елде өкізуіне тура келеді. Алайда, ол ең алдымен Қазақстан Республикасының азаматы және елімізде ресми тіркеуде тұрған тұлға. Сондықтан да біз оны өз өз партиямыздың атынан ұсынудамыз", - деді Асқар Мырзахметов.

Сонымен қатар, төраға орынбасары Қайрат Нұртастың депутаттық мандаттан үміткер ретінде тіркеліп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге құқылы екендігіне тоқталды.

"Алайда, ол үгіт-насихат жүргізу кезінде Сайлау туралы заң талаптарын сақтауы қажет. Яғни, жеке концерті мен сайлауалды насихат жұмыстарын шатастырып алмай, талапқа сай әрекет еткені жөн", - деді ол.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373