Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 4465 0 пікір 29 Қаңтар, 2016 сағат 11:54

ДЕПУТАТТАР САЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕРІНЕ МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАУДЫ ҰСЫНДЫ

Жоғорку Кенештің бір топ депутаты кәсіпкерлерді салық бойынша тексеруге мораторий жариялатын заң жобасын ұсынды. Құжат заң шығарушы органның ресми сайтында жарияланған.

Заң жобасы бойынша, кәсіпкерлерді  әкімшілік жұмыстардан босату, азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру және бизнеспен айналысатындардыың санын көбейту мақсатында 2016 жылы сәуірдің 1-нен желтоқсанның 31-не дейін салықтық тексеруге мораторий жариялау көзделген.

Бастамашыл топ заң жобасының қазіргі дағдарыс кезінде аса қажет екенін және отандық бизнес өкілдеріне үлкен көмек болатынын айтуда. Заң жобасында заңсыз тексерулердің жолын кесетін тетіктер қарастырылған.

Алайда заң жобасы қылмыстық істер аясында және салықтан жалтару туралы мәліметтер пайда болғанда, құзырлы органдардың талабымен салықтық тексеру жүргізу мүмкіндігін қалдырып отыр.

ҚСДП фракциясының депутаттары әзірлеген заң жобасы парламентте қаңтардың 27-де тіркелген. Енді ол комитеттер мен пленарлық жиналыстарда талқыдан өтеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1521
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3300
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5908