Жұма, 22 Қараша 2024
Ел іші... 5377 0 пікір 26 Қаңтар, 2016 сағат 12:27

ГҮЛЖАН ІЗТАЙҒА ЖАУАП: ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

«Abai.kz» бұл – еркін ақпарат алаңы. Ой жарыстырып, пікір таластыру оқырман қауымның еншісінде.

Естеріңізде болса, 2015 жылдың 26-қарашасында сайтымызда Гүлжан Ізтай есімді азаматшаның «Жеңілдікпен берілетін пәтердің кілті кімдерде?» атты мақаласы жарық көрген болатын.

Жақында «Abai.kz» порталының редакциясына Астана қаласы, Р.Қошқарбаев даңғылы 45/1 және Айнакөл көшесі 56/1 үйінің тұрғындары атынан "Қорғаушы" есімді азамат (өзінің сұрауы бойынша есімі бүркеншек атпен жарияланды)қоңырау шалды.

Сайтымызда жарияланған Гүлжан Ізтайдың мақаласынан кейін астаналық бір топ тұрғын жоғарыдағы мақалаға қатысты өз уәждерін айтып, төмендегідей хат жолдапты.

Құрметті ABAI.KZ ақпараттық порталының редакциясы!

2015 жылғы 26 қарашада сіздердің сайттарыңызда «Женілдікпен берілетін пәтердің кілті кімдерде?» деген тақырыппен Гүлжан Ізтайдын мақаласы жарияланды. Берілген мақалада баяндалған ақпарат шындыққа жанаспайды, жалған болып табылады.

Мақалада аталған Астана қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы 45 және 45/1 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін» бағыты бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары үшін салынған үйлер болып табылады.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сайтында аталған көппәтерлі тұрғын үй кешені 068 объектісінің кодымен, Астана қаласындағы Жұмабаев көшесі мен Қордай көшесі арасындағы Айнакөл көшесі мекенжайымен көрсетілген. Әрбір қалаған адам осы ақпаратпен www.hcsbk.kz сайты арқылы таныса алады.

Берілген үйлердегі пәтерлерді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары пұлға қатыса отырып банк шоттарындағы жылдар бойы жинақталған өз қаржылары есебінен сатып алды. Бұл пәтерлер  пәтер иелерінің меншігі болып табылады және пәтер иелері өздеріне берілген құқық бойынша тиесілі мүлікті пайдалануға және билік етуге құқылы. Бағдарлама шеңберінде бір ғана шектеу бар – меншік иесі сатып алған кезден бастап екі жыл бойы пәтерді иеліктен шығаруға (сатуға, сыйлауға, айырбастауға) қақылы емес.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ банк өнімдерімен таныстыру бойынша Қазақстан халқымен жұмысты ауқымды түрде жүргізуде, сонымен қатар республиканың әрбір азаматы Қазақстан Республикасының заңдарымен танысуға еркін қолжеткізе алады, осы күнге дейін бұл салада сауатсыз болып қалуға жол берілмеген.

Жергілікті атқарушы органның кезекте тұрушылар тізімінде тұрған (әкімдіктерде) тұрғын үйді жалдаушылар мен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алғандардың құқықтары мен міндеттері тұрғын үйдің меншік иелерінің құқықтарымен және міндеттерімен тең емес.

Жарияланған мақала халықты шатастырады, өкілеттіктеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді бөлу және оны бақылау кіретін мемлекеттік органдардың беделін түсіреді.

Р. Қошқарбаев даңғылы 45/1 және Айнакөл көшесі 56/1 үйінің тұрғындары

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297