Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4772 0 пікір 26 Қаңтар, 2016 сағат 10:11

СИРИЯҒА ҚАТЫСТЫ КЕЛІССӨЗДЕР ҰЗАҚҚА СОЗЫЛАТЫН СЕКІЛДІ

25 қаңтарда Женевада белгіленген Сирияға қатысты келіссөз 29 қаңтарда өтетін болды. Бұл жөнінде БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура мәлімдеді.

Келіссөз Башар Асад билігін қолдайтын Ресей мен Иранның қайшылығынан кейінге шегерілген. Олар оппозиция атынан кімдердің қатысатыны жөнінде ортақ келісімге келе алмаған. Де Мистура оппозиция өкілдеріне шақырту 26 қаңтарда жіберіледі деді.

Де Мистураның айтуынша, келіссөздің бірінші кезеңі екі аптадан үш аптаға дейін созылады, ал барлық процесс алты айға созылуы мүмкін.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1067
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2614
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 742
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 706