Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3356 0 пікір 22 Қаңтар, 2016 сағат 09:52

АНКАРА МЕН БІШКЕК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КҮШЕЙТКІСІ КЕЛЕДІ

Анкарада қырғыз-түрік бизнес форумы басталды.

Жиынның басты мақсаты – Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғаннан кейінгі екіжақты әріптестікті дамыту. Форумға Қырғызстаннан 100-ден аса кәсіпкер мен қырғыз үкіметінің мүшелері қатысуда. Түрік жағынан 150 кәсіпкер жиынға қызығушылық танытқан.

Екі күнге созылатын форум барысында Қырғызстанның инвестициялық әлеуеті көрсетіліп, қырғыз-түрік ынтымақтастығының болашағы талқыланады.

Форумда сөз сөйлеген Түркияның кеден және сауда министрі Бюлент Тюфекчи Түркияның Қырғызстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға мүдделі екенін айтты.

Оның сөзінше, экономикалық дағдарыстан екі ел арасындағы тауар айналымы күрт түсіп кеткен. Алайда қиындықтарға қарамастан әріптестікті нығайта беру қажеттігі айтылды. «Егер қырғыз тарабы инвесторға қажет жағдай жасаса,біз қолдауға дайынбыз», -деді Тюфекчи.

Қырғызстанның экономика министрі Арзыбек Кожошев өз кезегінде елін инвесторлар үшін жұмақ жер деп атады. Оның айтуынша елдегі салықтар ең төмен және арзан жұмыс күші бар. Инвестиция құю үшін бар болғаны ұшаққа билет алу ғана қажеттігін, қалған мәселені қырғыз үкіметі мойнына алатынын мәлімдеді.

 Түрік кәсіпкерлері ауыл шаруашылығы, IT-технология, құрылыс саласына қаржы құюғы қызығушылық танытып отыр. Олар «Манас» әуежайындағы хаб құрылысының жобасына  және технопарк салуға қатысуға дайын. Алайда оларды инвестиция құйғысы келетін салалар туралы ақпараттың аздығы алаңдатады.

Форум барысында екі ел өкілдерінің арасында сауда-экономикалық даму, шағын және орта бизнесті дамыту және Қырғызстандағы өндірістік аймақтарды түрік үлгісімен дамыту туралы үш келісімге қол қойылды.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407