Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3655 0 пікір 22 Қаңтар, 2016 сағат 09:47

АҚШ ҚОС АЗАМАТТЫҒЫ БАР ТҰЛҒАЛАРДАН ВИЗА ТАЛАП ЕТПЕК

АҚШ Еуропалық одақ елдерінің азаматтығымен қоса Иран, Ирак, Сирия және Суданның төлқұжатына ие азаматтардан, сонымен бірге 2011 жылдың наурызынан бастап осы елдерде болғандардан виза талап ететін жаңа ереженің күшіне енгенін хабарлады.

Бұл талап тек аталған елдерге журналист, үкіметтік қызметкер, гуманитарлық қызметкер ретінде және заңды іскерлік сапармен барған жандарға жүрмейді.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Марк Тонер шешімнің әрбір жағдайда жеке қабылданатынын мәлімдеді. Құқық қорғаушылар конгресс қыркүйекте қабылдап, президент Обама қол қойған визасыз елге кіруге ішінара тоқтау салу туралы ережені кемсітушілік есебінде сынаған болатын. Азаматтық бостандықтардың Америкалық одағы желтоқсанда «Бұл дұрыс емес және жекелеген адамдарды ұлтына, тегіне, дініне тағы басқа ерекшеліктеріне қарап жазалау америкалықтарға жат», - деп мәлімдеген еді.

Шектеулер Париждегі және Калифорнияның Сан-Бернардино қаласындағы  террорлық шабуылдардан кейін қойылды. Ел билігі басты мақсат – америкалықтарды террорлық қауіптен қорғау екенін мәлімдеді.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407